Қарағанды облысы Осакаров ауданы Маржанкөл ауылдық округының жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі және ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 2022 жылғы 27 шілдедегі № 258 шешімі. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қарашадағы № 13/124 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 17.11.2023 № 13/124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 бабы 6 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:

      1. Қарағанды облысы Осакаров ауданы Маржанкөл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Қарағанды облысы Осакаров ауданы Маржанкөл ауылдық округінің тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін..

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат хатшысы К. Саккулаков

  Осакаров аудандық
мәслихатының
2022 жылғы "27" шілдедегі
№ 258 шешіміне 1 қосымша

Қарағанды облысы Осакаров ауданы Маржанкөл ауылдық округі аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Қарағанды облысы Осакаров ауданы Маржанкөл ауылдық округі аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік ережелеріне сәйкес әзірленді және Қарағанды облысы Осакаров ауданы Маржанкөл ауылдық округінің Маржанкөл ауылы, Құрқопа ауылы (бұдан әрі - Маржанкөл ауылдық округі) көшелерінің тұрғындарына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізуді белгілейді.

      2. Осы Тәртіпте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жергілікті қоғамдастық-шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

      2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл, көше тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2 тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін Маржанкөл ауылдық округінің аумағы көшелерге бөлінеді.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында саны үш адамнан аспайтын жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Маржанкөл ауылдық округі көшелерінің өкілдері сайланады.

      5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Қарағанды облысы Осакаров ауданы Маржанкөл ауылдық округі әкімі (бұдан әрі Маржанкөл ауылдық округі әкімі) шақырады.

      6. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Маржанкөл ауылдық округі әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе заңға қайшы келмейтін өзге де тәсілдермен ғаламтор - ресурстар, мобильді немесе үй байланыс желілері, мобильді қосымшалар мессенджерлері арқылы хабардар етеді.

      7. Олардың тұратын жерлері шегінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізуді Маржанкөл ауылдық округі әкімі ұйымдастырады

      8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ашудың алдында Маржанкөл ауылдық округінің аумағында қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар көше тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Маржанкөл ауылдық округінде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің), көшелердің, көппәтерлі тұрғын үйдің кемінде он пайызы қатысқан кезде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны өтті деп есептеледі.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына кәмелетке толмаған адамдардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың қатысуға құқығы жоқ.

      9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Маржанкөл ауылдық округі әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Маржанкөл ауылдық округі әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының төрағасы болып табылады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.

      10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Маржанкөл ауылдық округі көшелері тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Қарағанды облысы Осакаров ауданының мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының қатысушылары ұсынады.

      11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір үміткер бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысушылардың ең көп дауысын алған үміткерлер сайланған болып есептеледі.

      12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Маржанкөл ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасында:

      1) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының өткізілетін күні мен орны;

      2) тиісті аумақта тұратын және жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны;

      3) қатысушылардың саны және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетілген тізім;

      4) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны төрағасының және хатшысының Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса);

      5) күн тәртібі, сөйлеген сөздердің мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.

  Осакаров аудандық
мәслихатының
2022 жылғы "27" шілдедегі
№ 258 шешіміне 2 қосымшасы

Қарағанды облысы Осакаров ауданы Маржанкөл ауылдық округінің Маржанкөл ауылы, Құрқопа ауылы көшелерінің тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Маржанкөл ауылдық округінің Маржанкөл ауылы, Құрқопа ауылы көшелерінің атауы

Көше өкілдерінің саны

Маржанкөл ауылы

1

Әбілқаев көшесі

3

2

Әуэзов көшесі

3

3

Балтин көшесі

2

4

Гагарин көшесі

2

5

Иманов көшесі

1

6

Мира көшесі

1

7

Наурыз көшесі

2

8

Строительная көшесі

2

9

Школьная көшесі

2

Құрқопа ауылы

10

Шаңырақ көшесі

1


Барлығы

19


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады