Қарағанды облысы Осакаров ауданы Сұңқар ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі және ауылдық округ тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 341 шешімі. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қарашадағы № 13/128 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 17.11.2023 № 13/128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 бабы 6 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:

      1. Қарағанды облысы Осакаров ауданы Сұңқар ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Жергілікті қоғамдыстық жиынына қатысу үшін Қарағанды облысы Осакаров ауданы Сұңқар ауылдық округі тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат хатшысы К. Саккулаков

  Осакаров аудандық
мәслихатының 2022 жылғы
"23" желтоқсандағы
№ 341 шешіміне 1-қосымша

Қарағанды облысы Осакаров ауданы Сұңқар ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қарағанды облысы Осакаров ауданы Сұңқар ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік ережелеріне сәйкес әзірленді және Қарағанды облысы Осакаров ауданы Сұңқар ауылдық округінің Сұңқар ауылы, Сельстрой ауылы, Қоянды ауылы (бұдан әрі - Сұңқар ауылдық округі) көшелерінің тұрғындарына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізуді белгілейді.

      2. Осы Тәртіпте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жергілікті қоғамдастық-шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

      2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл, көше тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2 тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін Сұңқар ауылдық округінің аумағы көшелерге бөлінеді.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін әр көшеден саны үш адамнан аспайтын мөлшерде Сұңқар ауылдық округінің көшелерінің өкілдері сайланады.

      5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Қарағанды облысы Осакаров ауданы Сұңқар ауылдық округінің әкімі (бұдан әрі - Сұңқар ауылдық округінің әкімі) шақырады және ұйымдастырады.

      6. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелері Сұңқар ауылдық округінің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе заңға қайшы келмейтін өзге де тәсілдермен ғаламтор - ресурстар, мобильді немесе үй байланыс желілері, мобильді қосымшалар мессенджерлері арқылы олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.

      7. Көше шегінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізуді Сұңқар ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

      8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында Сұңқар ауылдық округінің аумағындағы көшеднің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны Сұңқар ауылдық округінде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына кәмелетке толмаған адамдардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың қатысуға құқығы жоқ.

      9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Сұңқар ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Сұңқар ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға жергілікті қоғамдастық бөлек жиынының төрағасы болып табылады.

       Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

      10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Сұңқар ауылдық округінің көшесінің өкілдерінің үміткерлірін Қарағанды облысы Осакаров ауданының мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылар ұсынады.

      11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы мен хатшысы қол қояды және Сұңқар ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасында:

      1) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының өткізілетін күні мен орны;

      2) көше шегінде тұратын және жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны;

      3) қатысушылардың саны және Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса) көрсетілген тізім;

      4) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны төрағасының және хатшысының Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса);

      5) күн тәртібі, сөйлеген сөздердің мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.

  Осакаров аудандық
мәслихатының 2022 жылғы
"23" желтоқсандағы
№341 шешіміне 2-қосымша

Қарағанды облысы Осакаров ауданының Сұңқар ауылдық округінің көшелері тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Сұңқар ауылдық округінің Сұңқар ауылы, Сельстрой ауылы, Қоянды ауылы көшелерінің атауы

Көше өкілдерінің саны

Сұңқар ауылы

1

Гагарин көшесі

1

2

Джамбул көшесі

3

3

Есенин көшесі

3

4

Интернациональная көшесі

1

5

Киров көшесі

3

6

Луговая көшесі

2

7

Надречная көшесі

2

8

Новая көшесі

1

9

Олимпийская көшесі

1

10

Юбилейная көшесі

1

Сельстрой ауылы

1

Грейдерная көшесі

2

2

Надречная көшесі

3

3

Элеваторная көшесі

1

Қоянды ауылы

1

Степная көшесі

1


Жиыны

25


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады