Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Шиелі ауданы Еңбекші ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 29 маусымдағы № 65-ш шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" № 339 Заңының 10-1-бабының 7-тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министірлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шиелі аудандық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 27.06.2022 жылғы № 09-06-126 ұсынысына сәйкес ШЕШТІ:

      1. Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Еңбекші ауылдық округі, Еңбекші ауылында "Спатай" шаруа қожалығының ұсақ малдарына шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Еңбекші ауылдық округі әкімі м.а. Е.Мейірбекұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады