Қарақия ауданы Құрық ауылындағы "Жаңбыршы", "Даулет", "Еңбек" шаруа қожалықтары аумақтарында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 5 тамыздағы № 131 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Өсімдіктер карантині туралы" Заңының 9-1-бабының 3) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің 2022 жылғы 4 сәуірдегі № 01-43/203 ұсынысының негізінде Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Қарақия ауданы Құрық ауылындағы "Жаңбыршы", "Даулет", "Еңбек" шаруа қожалықтары аумақтарында карантиндiк режимдi енгiзе отырып, карантинді аймақ белгіленсін.

      2. "Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облысының әкімі Н. Ноғаев
     

қаулысына қосымша



            Карантиндік режимді енгізілген карантиндік аймақ


Ауданның (қаланың) атауы

Ауылдық округтер (ауыл) және елді мекендер атауы

Шаруашылық субъектілер, басқа да нысандар атауы, жер телімдерінің санаты

Карантиндік объектінің атауы     

Зақымдалған алаң, гектар

Қарақия ауданы




Құрық

"Жаңбыршы" шаруа қожалығы


Tuta absoluta


0,5


"Дәулет" шаруа қожалығы


Tuta absoluta


0,5


"Еңбек" шаруа қожалығы


Tuta absoluta


0,5


Жиынтығы



1,5

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады