Ауыл бюджетінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу қағидасын бекіту туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы № 02-02/17 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің "Жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптар әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, ауыл бюджетінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу қағидасы бекітілсін.

      2. "Ақтау қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М.Абдыкадировке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімінің міндетін атқарушы Е. Ізбергенов

  Ақтау қалалық әкімдігінің
  2022 жылғы 14 қаңтардағы
  № 02-02/17
  қаулысына қосымша

Ауыл бюджетінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу қағидасы

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы ауыл бюджетінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 45-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленді және ауыл бюджеті үшін үш жылдық кезеңге арналған кірістері мен шығындарының болжамды көлемін айқындау кезінде және олар әрбір үш жылда өзгерген кезде қолданылады.

2-тарау. Ауыл бюджетінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін айқындау

      2. Ауыл бюджетінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемі Бюджет кодексіне сәйкес ауылдың тиісті бюджеттерінің кірістері (трансферттерді шегергенде) мен шығындарының болжамды көлемі арасындағы айырмашылық ретінде айқындалады және мынадай формула бойынша есептеледі:

      ЖСТі=КБКі - ШБКі, мұнда:

      ЖСТі – і-ауылының кірістері мен шығындарының болжамды көлемі;

      КБКі – і- ауылы кірістерінің болжамды көлемі;

      ШБКі – і- ауылы шығындарының болжамды көлемі.

      Ауылдың бюджеттері кірістерінің болжамды көлемі шығындардың болжамды көлемінен асқан кезде (ЖСТі>0) ауылдың бюджеттерінен жоғары тұрған бюджетке бюджеттік алып қоюлар белгіленеді.

      Ауылдың бюджеттері шығындарының болжамды көлемі кірістердің болжамды көлемінен асқан кезде (ЖСТі<0) жоғары тұрған бюджеттен ауылдың бюджетіне бюджеттік субвенциялар белгіленеді.

3-тарау. Ауыл бюджеті кірістерінің болжамды көлемін айқындау

      3. Ауыл бюджеті кірістерінің болжамды көлемі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 34 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10322 болып бекітілген) бекітілген Бюджет түсімдерін болжау әдістемесіне сәйкес есептеледі.

4-тарау. Ауыл бюджеті шығындарының болжамды көлемін айқындау

      4. Ауыл бюджеті шығындарының болжамды көлемі Бюджет кодексінің 56-1-баптарында белгіленген функционалдық белгісі бойынша шығыстар бағыттарын ескере отырып, ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың болжамды көлемінің сомасы ретінде есептеледі.

      Бұл ретте бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік басқару функциялары мен мемлекеттің міндеттемелерін орындау жөніндегі қызметін қамтамасыз етуге, сондай-ақ мақсатқа қол жеткізуге, стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың нақты міндеттері мен іс-шараларын шешуге бағытталған ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша шығындардың болжамды көлемі еңбекақы төлеуге, коммуналдық қызметтерді төлеуге, азық-түлік пен дәрілік заттарды сатып алуға, жәрдемақылар төлеуге, күрделі шығындар мен басқа да шығындарға (бұдан әрі – ағымдағы шығындар) арналған шығындардан тұрады.

      Ауыл бюджеті шығындарының болжамды көлемдерінен жергілікті бюджет бағдарламалары бойынша бюджет қаражатының игерілмеу сомаларын ескеретін өткен жылда қалыптасқан бюджет қаражатының бос қалдықтарының орташа көлемі алып тасталады.

1-параграф. Ауыл бюджетінің ағымдағы шығындардың болжамды көлемін есептеу

      5. Ағымдағы шығындарын есептеу үшін ауыл бюджеті бойынша ағымдағы шығындардың болжамды көлемі айқындалады.

      6. Ауыл бюджетінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін айқындау кезінде мыналар ескеріледі:

      1) қаланың әлеуметтік-экономикалық даму болжамына және бюджеттік параметрлерге сәйкес (жалақыны қоспағанда) жоспарланған кезеңдегі тұтыну бағалары индексіне ағымдағы шығындардың ұлғайғанын ескере отырып, ағымдағы шығындардың жиынтық көлемі;

      2) жергілікті бюджеттер шығыстарының ұлғаюын немесе қысқаруын көздейтін және жоспарланатын кезеңде қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасы заңдарының ережелері;

      3) Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, Қазақстан Республикасының министрлерi мен өзге де орталық мемлекеттiк органдар басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулылары, құрылымына ведомство кіретін мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерінде оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары жобаларының жергілікті бюджеттердің түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін ережелері;

      4) ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен бұрын қаржыландырылған тұрақты сипаттағы шығындар;

      5) жаңадан іске қосылатын объектілерін күтіп-ұстауға арналған, тиісті саланың (аяның) орталық уәкілетті органдары ұсынатын шығындар.

      7. Ауыл бюджетінің ағымдағы шығындарының жиынтық болжамды көлемінен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экологиялық үстемеақылар төлеуге, материалдық көмек көрсетуге және мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындар жұмыскерлеріне қосымша демалыстар беруге арналған қаражат алып тасталады және ауыл бюджеті бойынша ағымдағы шығындардың болжамды көлемі есептелген соң абсолютті сомалармен қосылады.

      8. Ауыл бюджетінің ағымдағы шығындарының көлемін болжамдаудың есептеу базасына жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша нақтыланған жоспар ескеріле отырып, ағымдағы шығындардың көлемі қабылданады.

      9. Ауыл бюджетінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемінің есебі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 139 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 қаңтарда № 10068 тіркелді) 1-қосымшасына сәйкес функционалдық кіші топтар, жүзеге асырылатын мемлекеттік функциялар, оларға қатысты көрсеткіштер мен коэффиценттер тізбесі ескеріле отырып жүзеге асырылатын мемлекеттік функциялардың функционалдық кіші топтарының бөлінісінде жүргізіледі.

      Халық санының болжамы төмендеген кезде үш жылдық жоспарланған кезең алдындағы жыл санын бағалау қолданылады.

      10. Жеке функционалдық кіші топ бойынша ауылдың ағымдағы шығындарының есебі мынадай формула бойынша жүргізіледі:




      ЕШіj – j функционалдық кіші тобы бойынша і- ауылдың ағымдағы есеп шығындары;

      Тіj – j функционалдық кіші тобы бойынша і- ауылдың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерін тұтынушылардың саны;

      К1іj,..., Кnіj – j функционалдық кіші тобы бойынша і- ауылдың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынудың құнындағы айырмашылықты негіздейтін объективті факторларды ескеретін коэффициенттер.

      11. Ағымдағы шығындардың болжамды көлемін есептеген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсыну құнындағы айырмашылықты негіздейтін объективті факторларды көрсететін мынадай коэффициенттер қолданылады:

      1) ауылдық жердегі жұмыс үшін үстемақыны есепке алу коэффициенті:




      Халі – і- ауылдағы халық санының болжамы;

      Халіауыл – і- ауыл халқының болжамды саны;

      – j функционалдық кіші тобы бойынша (барлық өңірлер бойынша жиынтығында) ағымдағы шығындардың жалпы көлеміндегі жалақының үлесі.

      Ауылдық жердегі жұмыс үшін үстемақыны есепке алу коэффициентінде жекелеген функционалдық кіші топтар бойынша ауылдық жерлердегі жалақыға қосымша шығыстардың қажеттілігі ескеріледі;

      2) кедейлікті есепке алу коэффициенті (кірісі күнкөріс деңгейінен төмен адамдардың үлесі негізінде):




      bі – і- ауылдардағы жалпы халық санында кірісі ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халықтың үлесі.

      Кедейлікті есепке алу коэффициентінде кірісі ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халық үлесінің өсуіне байланысты әлеуметтік көмек төлемдеріне ауыл бюджеті шығындарының ұлғаюы ескеріледі.

2-параграф. Ауыл бюджетінің бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың болжамды көлемін есептеу

      12. Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың жалпы болжамды көлемі ауылдың ағымдағы шығындарының болжамды көлеміне пайыздық қатынаста жылдар бөлінісінде айқындалады.

      Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың болжамды көлемінің есебі әрбір ауыл бойынша жеке мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      БДБШі = АШi* k1, мұнда:

      БДБШі – і- ауылдың бюджеттік даму бағдарламалары бойынша есеп шығындары;

      АШi – і- ауылдың ағымдағы шығындары;

      k1 – бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың ағымдағы шығындардың жалпы көлеміне пайыздық қатынасының шамасы;

      13. Жергілікті бюджет пен ауыл бюджетінің арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау үшін k1 0 % теңеседі.

      k1 шамасы орта мерзімдегі кезеңге арналған кірістері мен шығындарының болжамды көлемін белгілейтін заң жобасын әзірлеу жылының алдындағы үш жылдың жергілікті бюджеттерінің ағымдағы шығындарының жалпы көлеміне жергілікті бюджеттерді дамытудың бюджеттік бағдарламасы бойынша орташа арифметикалық шама ретінде айқындалады.

      Ауылдың ағымдағы шығындарының көлемі (республикалық бюджеттен нысаналы трансферттерді қоспағанда):

      2019 жылы – 403 413,9 мың теңгені;

      2020 жылы – 472 073,5 мың теңгені құрайды.

      2021 жылға арналған ауылдың ағымдағы шығындары (республикалық бюджеттен нысаналы трансферттерді қоспағанда) бойынша жоспар 257 888,0 мың теңгені құрайды.

      Ауыл бюджетінің бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындар көлемі:

      2019 жылы – 0 теңгені;

      2020 жылы – 0 теңгені құрайды.

      2021 жылға арналған ауыл бюджетінің бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындар бойынша жоспар 0 теңгені құрайды.

      Ауылдың бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындар көлемінің ағымдағы шығындар көлеміне пайыздық арақатынасы:

      2019 жылға – 0 %;

      2020 жылға – 0 %;

      2021 жылға – 0%-ды құрайды.

      Ауылдың бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындар көлемінің өткен үш жылдағы ағымдағы шығындар көлеміне орташа арифметикалық пайыздық арақатынасы 0%-ды құрайды.

5-тарау. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның тиісті саланың (аяның) жергілікті уәкілетті органдарымен және ауылдың жергілікті атқарушы органымен өзара іс-қимылы

      14. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның тиісті саланың (аяның) жергілікті уәкілетті органдарымен және ауылдың жергілікті атқарушы органымен өзара іс-қимылы кірістер мен шығындарының болжамды көлемін айқындау үшін:

      1) ауылдың жергілікті бюджеттері кірістерінің болжамды көлемдерін айқындау;

      2) ауылдың бюджеттері шығындарының болжамды көлемін айқындау;

      3) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 139 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 қаңтарда № 10068 тіркелді) 2-қосымшасына сәйкес тиісті саланың (аяның) жергілікті уәкілетті органдарының және жергілікті атқарушы органдардың ауылдың бюджеті шығындарының болжамды көлемін айқындау үшін мәліметтер ұсынуы және келісуі кезінде жүзеге асырылады.

6-тарау. Қорытынды ережелер

      15. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган ауыл бюджетінің алдағы кезеңге болжамды көрсеткіштерін айқындау үшін кірістері мен шығындарының болжамды көлемін айқындаудың есебін облыстық маңызы бар қаланың бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

      16. Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдерін белгілеу мақсатында облыстық маңызы бар қаланың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы Бюджет кодексінің 45-бабының 9-тармағына сәйкес облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы айқындайтын тәртіппен ауыл бюджетінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады