"Бейнеу аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 31 мамырдағы № 199 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес, Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Бейнеу аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) туралы ереже бекітілсін.

      2. "Бейнеу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      Ереженің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулыны ресми жариялауға жіберуді;

      Бейнеу ауданы әкімі аппаратының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      Бейнеу ауданының әкімі Б.Әбілов

  Бейнеу ауданының әкімдігінің
  2022 жылғы 31 мамырдағы
  № 199 қаулысына қосымша

"Бейнеу аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. "Бейнеу аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) ауданда ішкі саясат, мәдениет, спорт, мемлекеттік жастар саясаты, тілдерді дамыту, діни қызмет, қоғамдық бірлестіктердің, саяси партиялардың және бұқаралық ақпарат құралдарының жұмыстарын үйлестіру, мемлекеттік рәміздерді насихаттау салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Бөлім ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      4. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      5. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      6. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Бейнеу аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. "Бейнеу аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 130100, Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылы, Д.Тәжіұлы көшесі, ғимарат 10/1.

      9. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

      10. Бөлім қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      11. Бөлім кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің өкілеттіліктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. "Бейнеу аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мақсаттары мен өкілеттіктері

      12. Мақсаттары:

      Аудан аумағында ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту, спорт салалары, мемлекеттік жастар саясаты, діни қызмет салаларындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, қоғамдық бірлестіктердің, саяси партиялардың және бұқаралық ақпарат құралдарының жұмыстарын үйлестіру, мемлекеттік рәміздерді насихаттау.

      13. Өкілеттіктері:

      1) Құқықтары:

      1.1.) мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды иемденіп алуға және жүзеге асыруға;

      1.2.) осы Ережеде көзделген мақсаттарды жүзеге асыруға қаражаттарды пайдалануға;

      1.3.) сотта талап қоюшы және жауапкер болуға;

      1.4.) Қазақстан Республикасының заңнамаcына қайшы келмейтін өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.

      2) Міндеттері:

      2.1.) дiн ұстанатын және оны ұстанбайтын Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар арасында, сондай-ақ әртүрлі діни бiрлестiктер арасында өзара төзушілік пен құрметтеу қатынастарын орнатуға жәрдемдесу;

      2.2.) жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;

      2.3.) жастарға көмек беру және әлеуметтік қызметтер көрсету;

      2.4.) жастардың әлеуметтiк маңызды бастамаларын iске асыру;

      2.5.) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру;

      2.6.) саяси партиялардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз ету;

      2.7.) аудан аумағында Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің пайдаланылуын (тігілуін, орналастырылуын) бақылауды жүзеге асыру;

      2.8.) Қазақстан Республикасы халқының мәдениетін қайта түлетуге, сақтауға, дамытуға және таратуға бағытталған шараларды ұйымдастыру;

      2.9.) ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарына баулу арқылы азаматтарды отаншылдыққа және эстетикалық тәрбиелеу;

      2.10.) мәдени құндылықтарға еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету;

      2.11.) мемлекеттік мәдениет ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту;

      2.12.) дарынды тұлғаларды қолдауды қамтамасыз ету;

      2.13.) мәдениет саласында Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, топтық-тектік және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатігездікке және зорлық-зомбылыққа табынуды насихаттауға немесе үгіттеуге жол бермеу жөнінде шаралар жүргізу;

      2.14.) мәдениет саласындағы халықаралық ынтымақтастықты қалыптастыру;

      2.15.) спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу;

      2.16.) ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт түрлерін дамыту;

      2.17.) дене шынықтыру мен спортты қолдау және ынталандыру;

      2.18.) дене шынықтыру және спорт саласын дамыту.

      14. Функциялары:

      1) қоғамның демократиялық институттарын нығайтуға қатысу, Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарының негізгі басымдылықтарын, Қазақстан халқына мемлекет Басшысының жыл сайынғы Жолдауларын түсіндіру;

      2) аудан аумағында діни, үкіметтік емес, жастар ұйымдарына қатысты мемлекеттік саясатты жүйелі жүргізу;

      3) олардың меншік нысанына қарамастан кәсіпорындарда және ұйымдарда Қазақстан Республикасының тілдер туралы заңнамасының орындалуына бақылау мен тексеруді жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының тілдер туралы заңнамасын бұзу фактілері анықталған жағдайда, оларды жою туралы ұсынымдар беру;

      4) "Бейнеу аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша әдістемелік, ақпараттық-талдау материалдарын әзірлеу және оларды іске асыру шараларын қабылдау;

      5) көрнекі насихат құралдары мазмұнының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаcына және саяси бағытына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру;

      6) ауданда болып жатқан қоғамдық процестерді жан-жақты зерттеу, талдау және реттеу, әлеуметтік зерттеулер, қоғамдық пікір сауалнамаларын жүргізу, әлеуметтік шиеленіс ошақтарын анықтау, республика, облыс, аудан өмірінің маңызды мәселелері жөнінде қоғамдық пікірді қалыптастыру;

      7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жұмыстарын жүргізу;

      8) өз құзыретi шегiнде жастар бірлестіктерінің дамуына жәрдемдесу және олардың қызметтерін үйлестіру;

      9) қоғамдық-саяси, діни, жастар, үкіметтік емес бірлестіктердің ақпараттық деректер базасын қалыптастыру бойынша жұмысты жүзеге асыру;

      10) саяси партиялармен, ұлттық-мәдени бірлестіктермен, құқық қорғау, діни және басқа да қоғамдық ұйымдармен байланысты жүзеге асыру;

      11) дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру;

      12) Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзғаны үшін әкішілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды толтыру;

      13) тұрғындар арасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қарауды қалыптастыру бойынша жұмыстарды жүзеге асыру, мемлекеттік рәміздерді қолдану мен насихаттау мәселелері бойынша нұсқаулықтар мен ұсыныстар әзірлеу;

      14) отбасылық-демографиялық мәселелер бойынша жұмыстар жүргізу;

      15) Қазақстан Республикасының коммерциялық емес ұйымдар туралы заңнамасын бұзу туралы хаттамалар жасау;

      16) театр, музыка және кино өнері, кітапхана және музей ісі, мәдени-демалыс жұмыстары салаларында ауданның мемлекеттік мәдени ұйымдарының қызметін үйлестіру;

      17) сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізу;

      18) ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізу;

      19) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалу орындарында спортпен шұғылдануы үшін жағдайлар жасау;

      20) спорт түрлерi бойынша спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу;

      21) спорт түрлерi бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету;

      22) аудан аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз ету;

      23) аудан аумағында дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiру;

      24) спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы спорттық разрядтарын беру, спортшыларды осындай спорттық разрядтарынан айыру жұмыстарын ұйымдастыру;

      25) мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру, біліктілік санаттарынан айыру жұмыстарын ұйымдастыру;

      26) спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бірыңғай күнтiзбесін қалыптастыру;

      27) дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинау және талдау жұмыстарын жүргізу;

      28) спорт түрлері бойынша құрама командалардың аудандық тізімдерін қалыптастыру;

      29) ресми дене шынықтыру және спорттық іс-шараларды медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

      30) аудан аумағында спорт ғимараттарының халыққа қолжетімді болуына жәрдемдесу;

      31) спорт ұйымдарына әдістемелік және консультациялық көмек көрсету;

      32) дене шынықтыру және спорт саласындағы жетістіктерді және салауатты өмір салтының принциптерін насихаттау;

      33) спорттық клубтар мен секциялардың жұмыстарын үйлестіру; про

      34) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен "Бейнеу аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелетін өзге де функцияларды жүзеге асыру.

3. "Бейнеу аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіліктері

      15. Бөлімді басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Бөлімге жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

      16. Бөлімнің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Бейнеу ауданының әкімі лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.

      17. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) "Бейнеу аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыскерлерінің міндеттерін анықтайды;

      2) "Бейнеу аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыскерлерін лауазымдарға тағайындайды және лауазымдарынан босатады;

      3) заңнамамен белгіленген тәртіпте "Бейнеу аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыскерлерін ынталандыруды жүзеге асырады;

      4) заңнамамен белгіленген тәртіпте "Бейнеу аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыскерлеріне тәртіптік жазалар қолданады;

      5) өз құзыретінің шегінде "Бейнеу аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі жұмыскерлерінің орындауына міндетті бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;

      6) бекітілген қабылдау кестесіне сәйкес айына кемінде бір рет азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін, оның ішінде осы мемлекеттік органның қызметкерлерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;

      7) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда "Бейнеу аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін білдіреді.

      8) "Бейнеу аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы "Бейнеу аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетті ұйымдастыруға дербес жауапты болады.

      9) "Бейнеу аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының құзырына Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзге де мәселелердi шешу жатқызылуы мүмкiн.

      Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктері қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

4. "Бейнеу аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi

      18. Бөлім заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.

      Бөлім мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      19. Бөлімге бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

      20. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. "Бейнеу аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      21. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Бөлім қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

      "Бейнеу аудандық жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      Бейнеу аудандық әкімдігінің "Бейнеумәдениет" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      "Бейнеукітапханасы" мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады