Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Бейнеу ауылы әкімінің 2022 жылғы 3 қазандағы № 490 шешімі

      Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 19-бабына, 69 бабының 4 тармағы 2-тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 35-бабы 1-тармағының 6 тармақшасына және жер учаскесіне құқық беру үшін жобалау жоспарына сәйкес ШЕШТІМ:

      1. "QazaqGaz" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамына, ШТИ-007, КУ-20-4 электр жабдықтау желісін салу Бейнеу ауылынан жалпы ауданы 0,2302 гектар жер учаскесіне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймастан 10 (он) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгілсін.

      2. "Бейнеу ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      осы шешімді ресми жариялауға жіберуді;

      Бейнеу ауданы әкімі аппаратының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.

      Бейнеу ауылының әкімі Р.Тайшыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады