"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. "Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) жоғарыда көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі | А. Мұхамбетов |
Қостанай | |
облысы әкімдігінің | |
2022 жылғы 11 қаңтардағы | |
№ 10 қаулысымен | |
бекітілген |
"Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) облыстың энергетика, энергия үнемдеу, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, инфрақұрылым салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Басқарманың ведомстволық бағынысты ұйымы бар: "Қостанай облысы әкімдігі энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының "Костанайюжэлектросервис" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Басқарма мемлекеттік мекеме ретінде ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы мемлекеттік тілде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Басқарманың, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте басшының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Басқарма құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 110000, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 85.
10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
11. Басқарма қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары:
1) облыстың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, энергия үнемдеу саласында басқару функцияларын жүзеге асыру;
2) өз құзыреті шегінде стратегиялық дамудың ағымдағы және перспективалық міндеттерін шешуге бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру;
3) облыстың мемлекеттік энергетикалық, тұрғын үй-коммуналдық саясаты мен инфрақұрылымын дамыту бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу.
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
өз құзыреті шегінде облыс әкіміне әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі бағыттары, аймақтың басымдықтары мен даму стратегиясы бойынша ұсыныстар енгізу;
Басқармаға жүктелген міндеттерді орындау үшін өз құзыреті шегінде тиісті мемлекеттік билік органдарынан, ұйымдардан, мекемелерден және кәсіпорындардан ақпарат сұрату және алу;
өз құзыретіндегі мәселелер бойынша келісімдерге, өзге де құқықтық актілерге қол қою;
жетекшілік ететін кәсіпорындарды экономикалық сауықтыру жөніндегі шараларды әзірлеуге және іске асыруға басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп қатысу;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар;
2) міндеттері:
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
15. Функциялары:
1) коммуналдық қызмет көрсету (электрмен, жылумен, газбен, сумен жабдықтау, су бұру) саласындағы кәсіпорындардың қызметін талдау;
2) мемлекеттік сатып алуды өткізуге қатысу, сондай-ақ өз құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алуды дербес жүргізу;
3) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын мониторингілеуді және бағалауды жүзеге асыру;
4) әкімшісі болып табылатын бағдарламалар бойынша мемлекеттік сатып алу шегінде қаржы қаражатын пайдалануды қамтамасыз ету;
5) жетекшілік ететін салалардың өңірлік даму бағдарламаларын әзірлеуге қатысу және мониторингті жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен Үкіметінің қаулыларының, өңірлік бағдарламалардың, әкімдік қаулыларының, облыс әкімінің өз құзыретіндегі мәселелер бойынша шешімдері мен өкімдерінің орындалуы жөнінде есептер дайындау;
6) облыстың газбен жабдықтауды, энергетиканы, сумен жабдықтауды, кәрізді және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамытудың басым бағдарламаларын іске асыруға жәрдемдесу және талдау, түзету жүргізу;
7) күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа дайындық бойынша облыстың жетекшілік ететін кәсіпорындарының қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
8) тұрғын үй қорын басқару саласындағы заңнама талаптарының орындалуына мониторингті жүзеге асырады;
9) энергия үнемдеу бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу, энергетика саласын және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту іс-шараларының орындалуын ұйымдастыру;
10) облыстың энергетикалық, энергия үнемдеу саясатын іске асыруға және инфрақұрылымды дамытуға талдау, түзету жүргізу және жәрдемдесу;
11) энергия үнемдеу технологиялары мен жабдықтарын енгізу жөніндегі жұмысты үйлестіру;
12) газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру, коммуналдық шаруашылықты материалдық-техникалық жарақтандыру, кондоминиум объектілерін күрделі жөндеу жөніндегі бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысады;
13) энергетикалық объектілер мен кешендерді орналастыру бойынша ұсыныстар дайындау;
14) өз құзыреті шегінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
15) елді мекендерді шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін жерасты суларына жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу;
16) жылу желілеріндегі (магистральдық, орамішілік) технологиялық бұзушылықтарға тергеу жүргізу;
17) жылу желілерінде және қуаты сағатына 100 Гкал дейінгі қазандықтарда жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын дайындауды және жүзеге асыруды және олардың күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуін бақылау;
18) есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту жөніндегі актілерді әзірлеу;
19) табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген әкімшілік-аумақтық бірліктің тиісті аумағында реттеліп көрсетілетін қызметтер көрсететін табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) келісу;
20) реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) сапасы мен сенімділігін арттыру мақсатында табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасының (жобасының) орындалуы туралы ақпаратқа талдау жүргізу;
21) жылу маусымына дайындық және оны өткізу мен белгіленген тәртіпте тіркеу қағидаларын әзірлеу және облыс мәслихатына бекітуге ұсыну;
22) Қостанай облысында жерлеу және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және облыс мәслихатына бекітуге ұсыну;
23) бассейндік кеңестің жұмысына және бассейндік келісімге қатысу, бассейндік кеңестің қарауына елді мекендерді сумен жабдықтау, су бұру жөніндегі ұсыныстарды енгізу, бассейндік кеңестердің ұсынымдарын зерделеу, іске асыру бойынша шаралар қабылдау;
24) тиісті аумақта орналасқан сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жай-күйі туралы халықты хабардар етуді жүзеге асыру;
25) ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен халыққа берілген ауыз судың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін тиісінше уәкілетті орган немесе облыстардың жергілікті атқарушы органдары бекіткен тізбелер бойынша әзірлеу және бекітуге ұсыну;
26) коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органға сумен жабдықтаудың аса маңызды жергілікті жүйелерінің тізбесін бекіту туралы, оның ішінде оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде ақпарат беру;
27) ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау жөніндегі іс-шараларды іске асыру;
28) облысты жылу энергиясымен, электр энергиясымен, сумен, газбен тұрақты жабдықтауды, су бұруды қамтамасыз ету мақсатында қатысушылармен (өнім берушілермен және тұтынушылармен) өзара іс-қимыл жасау;
29) энергия үнемдеу бағдарламасын әзірлеуге қатысу және оның іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру;
29-1) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтардың кезектілік тізімдерінің мониторингін жүзеге асырады;
29-2) авариялық тұрғын үйді бұзу жөніндегі бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысады;
30) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру;
31) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану туралы ақпаратқа талдау жүргізеді;
32) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке қою және есептен шығару саласындағы ақпаратты жинақтауды жүзеге асырады;
33) газбен жабдықтау жүйелерінің тұрмыстық баллондары мен объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарын сақтау жөніндегі қызметті үйлестіруді жүзеге асырады.
Ескерту. 15-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы әкімдігінің 24.06.2022 № 270 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 29.05.2023 № 218 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 21.09.2023 № 395 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі
16. Мемлекеттік басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
17. Басқарманың бірінші басшысын Қостанай облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
18. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
19. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) Басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
2) Басқарманың құрылымын, құрылымдық бөлімшелері туралы ережені және қызметкерлердің қызметтік нұсқамаларын бекітеді;
3) міндеттемелер және төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын бекітеді;
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда, өзге ұйымдарда Басқарма атынан өкілдік етеді;
5) бірінші қол қою құқығына ие;
6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының қабылданбауына дербес жауапты;
7) Басқарма қызметкерлерінің орындауы міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқама береді;
8) Басқарма қызметкерлерін ынталандыру, материалдық көмек көрсету шараларын қабылдайды және тәртіптік жаза қолданады;
9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Басқарманың бірінші басшысы жоқ кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны ауыстыратын тұлға жүзеге асырады.
20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
21. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
24. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.