Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы әкімдігінің "Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" 2022 жылғы 28 қаңтардағы № 30 қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
13-тармақ келесі мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
"9-1) облыста жер қойнауын пайдалануды дамытуға жәрдемдесу;";
15-тармақ келесі мазмұндағы 26-1), 26-2), 26-3), 26-4), 26-5), 26-6), 26-7), 26-8), 26-9), 26-10), 26-11), 26-12), 26-13) тармақшалармен толықтырылсын:
"26-1) кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу және кен іздеушілік үшін жер қойнауын пайдалану құқығын береді;
26-2) жер қойнауын пайдаланушылардың кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған, кен іздеушілікке арналған лицензиялар шарттарын сақтауына бақылауды және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге, кен іздеушілікке мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
26-3) жер қойнауын пайдаланушылардың кен іздеушілікке арналған лицензиясында және "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген кен іздеушілік шарттарын сақтауына бақылауды жүзеге асырады;
26-4) пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуды реттейді, жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектілерінің және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатына жатқызылған, экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық жағынан ерекше құнды жер қойнауы учаскелерінің есебін жүргізеді;
26-5) оларға берілген кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензиялар және кен іздеушілікке арналған лицензиялар туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етеді;
26-6) кен іздеушілік үшін аумақтарды айқындайды;
26-7) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге арналған келісімшарттар жасасады, тіркейді және сақтайды;
26-8) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің өтуіне рұқсаттар береді, сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын кепілге беру жөніндегі мәмілелерді тіркейді;
26-9) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарларын жою жөніндегі зерттеулердің немесе жұмыстардың нәтижелерін қабылдау жөніндегі комиссияларды құрады;
26-10) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған келісімшарттардың орындалуын және қолданылуын тоқтатуды қамтамасыз етеді және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге және кен іздеушілікке арналған лицензияларды қайтарып алады;
26-11) кең таралған пайдалы қазбалар бойынша келісімшарттық және лицензиялық міндеттемелердің орындалуына мониторингті жүзеге асырады;
26-12) жер қойнауын пайдаланушылардың кең таралған пайдалы қазбалар бойынша барлауға және өндіруге арналған келісімшарттар талаптарын сақтауына бақылауды жүзеге асырады;
26-13) мемлекеттік меншіктегі жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, теміржолдарды салу (реконструкциялау) мен жөндеу үшін, сондай-ақ гидроқұрылысжайларды және гидротехникалық құрылысжайларды реконструкциялау мен жөндеу үшін пайдаланылатын кең таралған пайдалы қазбаларды барлау немесе өндіруді жүргізуге жер қойнауын пайдалану құқығын береді;".
2. "Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген толықтырулар туралы әділет органдарын хабардар етуді;
2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі | Қ. Ақсақалов |