"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудағы кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. "Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасын заңнамасыңда белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оны "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы қаулыны Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) заңнамамен белгіленген тәртіпте ережені әділет органдарында тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. "Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Қостанай қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 9 қазандағы № 3010 және "Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Қостанай қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 9 қазандағы № 3010 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 16 қазандағы № 2214 қаулылары жойылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қостанай қаласының әкімі | М. Жүндібаев |
Қостанай | |
қаласы әкімдігінің | |
2022 жылғы 23 мамыр | |
№ 992 қаулысымен | |
бекітілді |
"Қостанай қаласы әкiмдігінің құрылыс бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Қостанай қаласы әкiмдігінің құрылыс бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi құрылыс саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
2. "Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. "Қостанай қаласы әкiмдігінің құрылыс бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Қостанай қаласы әкiмдігінің құрылыс бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Қостанай қаласы әкiмдігінің құрылыс бөлiмi" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Қостанай қаласы әкiмдігінің құрылыс бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Қостанай қаласы әкiмдігінің құрылыс бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен "Қостанай қаласы әкiмдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтармен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Қостанай қаласы әкiмдігінің құрылыс бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: Қазақстан Республикасы, индексі 110000, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 43 үй.
10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже "Қостанай қаласы әкiмдігінің құрылыс бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Қостанай қаласы әкiмдігінің құрылыс бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнің қызметiн қаржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.
13. "Қостанай қаласы әкiмдігінің құрылыс бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен "Қостанай қаласы әкiмдігінің құрылыс бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Қостанай қаласы әкiмдігінің құрылыс бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттiк органның мiндеттерi мен өкілеттігі.
14. Мiндеттерi:
1) құрылыс, қайта жаңарту және қала объектілерін күрделі жөндеу бойынша тұрғын құрылыс бойынша бюджеттік бағдарламаға сәйкес жылдық жобаларды және болашақтағы бағдарламаларды әзірлеу;
2) құрылыс және инженелік инфрақұрылым объектілерне қайта жаңарту, күрделі жөндеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру;
3) Құрылыс, сәулет және қала құрылысы қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу, қаланы тұрақты дамыту.
4) Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
15. Функциялары:
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес барлық меншік нысандарындағы кәсіпорындар мен ұйымдардан конкурс негізінде жұмыстар мен қызметтерді сатып алу,
2) коммуналдық тұрғын үй қорын, ауыл шаруашылық бағытындағы объектілер, су құбырлары, тазалау құрылымдары, жылу және электр желілері және көліктік және инженерлік инфрақұрылымның басқа да объектілерінің құрылысын ұйымдастыру;
3) Қостанай қаласы әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерін және құүқықтық актілерін әзірлеу;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен басқа да міндеттерді іске асыру.
16. Құқықтары мен мiндеттерi:
1) "Қостанай қаласы әкiмдігінің құрылыс бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнің құзыретіне жататын мәселелерді қала әкімінің және қалалық мәслихаттың қарауына ұсыну және шешу жөнінде ұсыныс енгізуге;
2) қаланың кәсiпорындары, ұйымдары құрылымдары мамандарын қоғамдық конкурстық комиссияға қатысу, тексеру мен сараптама жүргiзу үшiн олардың басшыларының келiсiмi бойынша тартуға;
3) өзiнiң өкiлеттiлiгiн жүзеге асыру кезiнде объектiлерді және энергетика, құрылыс, индустрия құрылысы, жол, су және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектiлерiн барып қарауға;
4) өзiнiң құзiретi шегiнде мемлекеттiк органдардан және басқа да ұйымдардан белгіленген тәртіпте қажетті мәліметтер, материалдар мен құжаттар сұратуға және алуға;
5) "Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қолданыстағы заңнамамен берілген өзге де құқықтары мен міндеттері бар.
3. Мемлекеттiк органның бірінші басшысының мәртебесі, құзыреті
17. "Қостанай қаласы әкiмдігінің құрылыс бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне басшылықты "Қостанай қаласы әкiмдігінің құрылыс бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.
18. "Қостанай қаласы әкiмдігінің құрылыс бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнің бiрiншi басшысын Қостанай қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19. "Қостанай қаласы әкiмдігінің құрылыс бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнің бiрiншi басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
20. "Қостанай қаласы әкiмдігінің құрылыс бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi бiрiншi басшысының өкiлеттiгi:
1) Мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда "Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан іс –әрекет етеді;
2) Барлық ұйымдарда "Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттiк мекемесінiң мүдделерiн ұсынады;
3) заңнамада белгiленген жағдайларда және шектеулерде мүлiкке билік етеді;
4) шарттар жасасады;
5) сенiмхаттар бередi;
6) қаржылық құжаттарға бiрiншi қол қою құқығына ие;
7) "Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі оқу ортаықтарында қызметкерлерінің оқуын және қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттырудың басқа да түрлерi, тағлымдамалар, iс-сапарлар жөнiндегi мемлекеттiк мекеменiң тәртiбi мен жоспарын бекiтедi;
8) "Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінiң барлық қызметкерлерi үшiн мiндеттi тапсырмалар бередi және бұйрықтар шығарады;
9) Әкімдіктің акт жобаларын қабылдауда, ол нормативтік құқықтық акт болып табыла ма әлде Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес нормативтік құқықтық акт болып табыла ма;
10) "Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттiк мекемесінiң қызметкерлерiн жұмысқа қабылдайды және шығарады;
11) "Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттiк мекемесінiң қызметкерлерiне тәртiптiк жаза қолданады және көтермелеу шараларын қолданады;
12) "Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттiк мекемесіне орынбасарларды тағайындайды, лауазымдық нұсқаулығына сәйкес оның функционалдық міндеттерін анықтайды;
13) Ережеде және уәкiлеттi органда оған жүктелген басқа да өкіл жүзеге асырады.
"Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде, оның өкілеттіліктерін, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, оны алмастыратын тұлға орындайды.
21. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4. Мемлекеттiк органның мүлкi
22. "Қостанай қаласы әкiмдігінің құрылыс бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
"Қостанай әкімдігінің қаласы құрылыс бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасына тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. "Қостанай қаласы әкiмдігінің құрылыс бөлiмi" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қостанай қаласы әкiмдігінің құрылыс бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттiк мекемені қайта ұйымдастыру және тарату
25. "Қостанай қаласы әкiмдігінің құрылыс бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.