"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 17.05.2023 № 992 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. 2023 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | М. Жүндібаев |
Әкімдіктің | |
2022 ж. 17 қараша | |
№ 2633 қаулысына | |
қосымша |
2023 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
№ | Ұйымдардың атауы | Ұйымдағы жұмыскерлердің тізімдік саны (адам) | квота | |
жұмыскерлердің тізімдік санынан % | жұмыс орындарының саны (адам) | |||
1. | "АБЗ плюс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 246 | 0,4 | 1 |
2. | "Большевичка" өндірістік кооперативі | 174 | 0,6 | 1 |
3. | "ПРОИЗВОДСТВЕННО-КОММЕРЧЕСКАЯ ФИРМА "ГРЕНАДА" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 116 | 0,9 | 1 |
Барлығы | 536 | 0,6 | 3 |