2023 жылға арналған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 17 қарашадағы № 2634 қаулысы. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 17.05.2023 № 993 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. 2023 жылға арналған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім М. Жүндібаев

  Әкімдіктің
  2022 жылғы "17" қараша
  № 2634 қаулысына
  қосымша

2023 жылға арналған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымдардың атауы

Ұйымдағы жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

квота

жұмыскерлердің тізімдік санынан %

жұмыс орындарының саны (адам)

1.

"Автодом Костанай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

146

0,7

1

2.

"БК-СТРОЙ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

606

0,2

1

3.

"Большевичка" өндірістік кооперативі

174

1,1

2

4.

"Восход" пәтерлер иелерінің тұтыну кооперативі

52

1,9

1


Барлығы

978

0,5

5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады