2023 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 12 қазандағы № 1381 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2023 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін Рудный қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Рудный қаласының әкімі Қ. Испергенов

  Әкімдіктің
  2022 жылғы 12 қазандағы
  № 1381 қаулысына
  қосымша

2023 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымдардың атауы

Ұйымдағы жұмыскерлердің тізімдік саны, адам

Жұмыскерлердің тізімдік санынан пайыздық көрсетілімдегі квота мөлшері

Жұмыс орындарының саны

1

2

3

4

5

1.

"Лидер-2010" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

378

0,3 %

1

2.

"Аманат Сауда үйі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

85

1,2 %

1

3.

"ТапСервис2015" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

46

2,2 %

1

4.

"РАХАТ-2018" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

135

0,7%

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады