"Лисаков қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 1 сәуірдегі № 126 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Лисаков қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. "Лисаков қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) жоғарыда көрсетілген ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Лисаков қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі А. Ибраев

  Әкімдіктің
  2022 жылғы "01" сәуірдегі
  № 126 қаулысымен
  бекітілді

"Лисаков қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Лисаков қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі мәтін бойынша - сәулет және қала құрылысы бөлімі) стратегиялық, сәулет және қала құрылысы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Сәулет және қала құрылысы бөлімінің ведомстволары жоқ.

      3. Сәулет және қала құрылысы бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Сәулет және қала құрылысы бөлімі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі, қазақ тілде өз атауы бар мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Сәулет және қала құрылысы бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Сәулет және қала құрылысы бөлімі, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Сәулет және қала құрылысы бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басшының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Сәулет және қала құрылысы бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111200, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Лисаков қаласы, Мир көшесі, 31.

      10. Осы Ереже Сәулет және қала құрылысы бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Сәулет және қала құрылысы бөлімінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қала бюджетінен жүзеге асырылады.

      12. Сәулет және қала құрылысы бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен сәулет және қала құрылысы бөлімінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Сәулет және қала құрылысы бөліміне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері

      13. Міндеттер:

      1) қала аумағында сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу;

      2) Сәулет және қала құрылысы бөлімі қызметінің бағытына сәйкес келетін бюджеттік бағдарламаларды іске асыру;

      3) қаланың инфрақұрылымын дамыту және жетілдіру.

      14. Өкілеттілігі:

      1) құқықтары;

      Сәулет және қала құрылысы бөлімі құзыретінің мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан және ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асырады.

      2) міндеттері:

      қала әкіміне Сәулет және қала құрылысы бөліміне жүктелген міндеттерді орындау бойынша ұсыныстар мен шешімдер жобаларын дайындау және ұсыну;

      Сәулет және қала құрылысы бөлімінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шаруашылық субъектілеріне кеңес беру, түсіндіру;

      сәулет және қала құрылысы қызметі саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес қала аумағындағы ғимараттар мен құрылыстардың сыртқы түрінің, абаттандыру және көгалдандыру элементтерінің жай-күйін бақылау;

      сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың және құқық бұзушылық профилактикасы саласындағы заңнаманың нормаларын сақтау;

      қаланы абаттандыру объектілерінің, оның ішінде ғимараттар мен құрылыстардың сыртқы түрінің, қала аумағындағы абаттандыру және көгалдандыру элементтерінің жай-күйін бақылау нәтижелері бойынша ұсыныстар дайындау;

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқа да міндеттерді жүзеге асыру.

      15. Функциялары:

      1) қаланы абаттандыру объектілерінің, оның ішінде ғимараттар мен құрылыстардың сыртқы түрінің, қала аумағындағы абаттандыру және көгалдандыру элементтерінің жай-күйін бақылау нәтижелері бойынша ұсыныстар дайындау;

      2) сәулет және қала құрылысы қызметі саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес қала аумағындағы ғимараттар мен құрылыстардың сыртқы түрінің, абаттандыру және көгалдандыру элементтерінің жай-күйін бақылау;

      3) қаланың әкімшілік аумағында ғимараттар мен құрылыстарды салуға және реконструкциялауға рұқсат беру құжаттамасын ресімдеу;

      4) қала аумағы шегінде құрылыс объектілерінде құрылыс нормалары мен ережелерінің сақталуын бақылау;

      5) жер учаскелерін бөлу жөніндегі комиссия үшін құрылыс объектілерін орналастыру жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар дайындау;

      6) сәулет және қала құрылысы талаптары бөлігінде жобалау, жобалау-іздестіру жұмыстарының жұмысын үйлестіру;

      7) Бас жоспардың іске асырылуына және қаланың кешенді құрылысының жүзеге асырылуына бақылауды қамтамасыз ету;

      8) қаланың әкімшілік аумағында салу үшін барлық ғимараттар мен құрылыстарды жоспарлау және құрылыс салу жобаларын, құрылыс (реконструкциялау) жобаларын қарау, келісу және қала әкіміне бекітуге ұсыну;

      9) қала құрылысы құжаттамасын, жарнаманы орналастыру, мерекелік безендіру және қалалық дизайн әзірлеу;

      10) елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат беру;

      11) Республиканың Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      12) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Жарнама туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

      13) Мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетеді.

3-тарау. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Сәулет және қала құрылысы бөліміне басшылықты сәулет және қала құрылысы бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бөлім басшысы жүзеге асырады.

      17. Сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының орынбасарлары жоқ.

      19. Сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының өкілеттіліктері:

      1) Сәулет және қала құрылысы бөлімі атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      2) барлық ұйымдарда Сәулет және қала құрылысы бөлімінің мүддесін білдіреді;

      3) заңдарда белгіленген реттер мен шектерде мүлікке билік етеді;

      4) шарттар жасайды;

      5) сенімхаттар береді;

      6) қаржы құжаттарына бірінші қол қою құқығына ие;

      7) Сәулет және қала құрылысы бөлімінің іссапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлерді оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін арттырудың өзге де түрлері бойынша тәртібі мен жоспарларын бекітеді;

      8) Сәулет және қала құрылысы бөлімінің барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      9) Сәулет және қала құрылысы бөлімінің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

      10) Сәулет және қала құрылысы бөлімінің қызметкерлерін көтермелеу шараларын қабылдайды және оларға тәртіптік жазалар қолданады;

      11) Сәулет және қала құрылысы бөлімі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

      12) Қазақстан Республикасының заңнамасымен оған жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      Сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      20. Сәулет және қала құрылысы бөлімінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      21. Сәулет және қала құрылысы бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. Сәулет және қала құрылысы бөлімі өзінің балансында тұрған, өзіне бекітілген мүлікті иелену, пайдалану және билік ету құқығын дербес жүзеге асырады.

      23. Сәулет және қала құрылысы бөліміне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Сәулет және қала құрылысы бөлімі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Сәулет және қала құрылысы бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады