Лисаков қаласы бойынша 2023 жылға арналған мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 22 қарашадағы № 453 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығымен бекітілген Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде Лисаков қаласы бойынша 2023 жылға арналған мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

      2. "Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу және рәсми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына жіберуді;

      2) осы қаулыны оның ресми жарияланғаннан кейін Лисаков қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі А. Ибраев

  Әкімдіктің
  2022 жылғы 22 қарашадағы
  № 453 қаулысына
  қосымша

Лисаков қаласы бойынша 2023 жылға арналған мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымның атауы

Ұйымдағы жұмыскерлердің тізімдік саны, адам

Жұмыскерлердің тізімдік санынан пайыздық мәндегі квота мөлшері

Жұмыс орындарының саны

1

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған Лисаков арнайы мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

79

2%

1

2

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Лисаков қаласы білім бөлімінің мектеп – лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

82

2%

1

3

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Лисаков қаласы білім бөлімінің мектеп – гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

79

2%

1

4

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің Октябрь жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

72

2%

1

5

Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Лисаков қалалық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.

75

2%

1

6

"Уста плюс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

94

2%

2

7

"Алтын Омир" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

78

2%

1

8

Лисаков қаласы әкімдігінің "Лисаковқалакоммунэнерго" өндірістік-шаруашылық бірлестігі" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

61

2%

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады