"Алтынсарин ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 15 наурыздағы № 30 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Алтынсарин ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – ММ) туралы ереже бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап "Алтынсарин ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ туралы ережені бекіту туралы" 2013 жылғы 29 мамырдағы № 162 Алтынсарин ауданы әкімдігі қаулысының күші жойылсын.

      3. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Алтынсарин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Алтынсарин ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алтынсарин ауданының әкімі А. Сартов

  2022 жылғы "15" наурыздағы
  № 30 қаулысымен
  бекітілген

"Алтынсарин ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      4. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      5. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      6. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110101, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Алтынсарин ауданы, Обаған ауылы, Ленина көшесі, 4.

      9. Осы ереже "Алтынсарин ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      10. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.

      11. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Алтынсарин ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер "Алтынсарин ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      12. Мақсаттары:

      1) аудан аумағында сәулет, қала құрылысы, құрылыс және құрылыс индустрия саласында мемлекеттік саясатты жүргізу;

      2) ауданның мемлекеттік құрылыс және тұрғын үй саясатын, инфрақұрылым және қала құрылысын дамытудың бағдарламасын әзірлеу мен жүзеге асыруға қатысу;

      3) құрылыс Департаменті мен сәулет және қала құрылысы Департаментi арқылы ұйымдарға әлеуетті қаржы салушыларды тарту және іздестіруді жүзеге асыруға және инвестициялық жобалардың іске асырылуын қамтамасыз етуге ықпал жасау;

      4) ресурстық және технологиялық базаларды қайта құру негiзiнде инфрақұрылымды дамытуға, кәсiпорындарды реформалау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыруға, осы салалардағы шаруашылық субъектiлерінің қайта құрылымы жөнiндегi ұсыныстарды дайындауға ықпал жасау;

      5) мемлекеттік қызметтерді көрсету;

      6) рұқсат құжаттарымен жұмыс.

      13. Өкілеттіктері:

      Құқықтар мен міндеттер:

      1) заңнамада белгіленген тәртіпте "Алтынсарин ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен мүдделерін қорғауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      2) "Алтынсарин ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзырына қарасты мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғаларға түсініктемелер беру;

      3) ауданды дамыту стратегиясы және әлеуметтік-экономикалық дамытудың негізгі бағыттары мен басымдықтары бойынша аудан әкіміне, аудан әкімдігіне ұсыныстар енгізу;

      4) өз құзыры шегінде орындауға міндетті нұсқалар мен ұсыныстар беру;

      5) "Алтынсарин ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзырына қарасты мәселелерді шешу бойынша аудан әкіміне, аудан әкімдігіне, аудандық мәслихатына қарау үшін ұсыныстарды енгізуге;

      6) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша тиісті ведомстволар мен ұйымдармен келіссөздер жүргізу;

      7) конкурстық комиссияларға қатысу, тексерістер жүргізу үшін олардың басшыларының келісімі бойынша кәсіпорындар, ұйымдар, қоғамдық құрылысмдардың мамандарын тарту;

      8) басқа мемлекеттік органдарымен бірлесіп кәсіпорындарды жандандыру бойынша шараларды әзірлеуге қатысу, өз құзыреттерін жүзеге асырыра отыра кез келген құрылыс, құрылыс индустриясының нысандарына бару;

      9) "Алтынсарин ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерді орындау ұшін өз құзыреті шегінде атқару билік органдарынан, статистика органдарынан, барлық меншік нысандағы ұйымдардан, мекемелерден және кәсіпорындардан ақпарат сұрауға және алуға;

      10) қаржы-кредиттік, инвестициялық, жекешелендіру, салық саясаты шешімдерін әзірлеу және талқылау үшін қалыптастырылатын кеңестік комиссиялар мен жұмыс топтар жұмысына қатысу;

      11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да құқықтарды жүзеге асыру.

      14. функциялары

      1) белгіленген тәртіпте қала құрылысы, құрылыс және басқа да жобалау-сметалық құжаттамасының келісуіне қатысу;

      2) аумақты инженерлік дайындығына, нысандар құрылысына, абаттандыру мен көгалдандыруына қатысу;

      3) ауданның сәулет, құрылысын дамытудың басымдық бағдарламаларын жұзеге асыруға қолдау көрсетеді және талдау мен нақтылауын жүргізеді;

      4) нысандар мен кешендерді орналастыру бойынша ұсыныстарды енгізеді, зерге орналастыру қызметімен бірлесіп қала құрылысы мақсатына жер учаскелерінің таңдауын жүргізеді;

      5) жобалау-іздестіру жұмыстарын және құрылыс нысандар мен кешендер құрылысында техникалық жағдайларды, сәулет және қала құрылысы талаптарын белгілейді;

      6) аяқталмаған объектілердің құрылысын консервациялау және объектілерді кейінге қалдыру (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) бойынша жұмыстар кешенін жүргізу;

      7) жеке құрылыс жүргізушілерге үйлер мен шаруашылық құрылыстарын жүргізуге рұқсат құжаттарды беруді жүзеге асырады;

      8) ғимараттар мен құрылғыларды қайта жаңғырту бойынша құрылыс жұмыстар өндіріс құқығына рұқсат беруді жүзеге асырады;

      9) қала құрылысы заңнамасының, кенттердің, селолардың құрылысы мен жоспарлау ережелері мен нормалардың, қала құрылысын реттеу аумағын пайдалануға, тарихи қала құрылысы мұрасының сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

      10) барлық құрылыс сатысында құрылыс өнімін шығаруда нормативтік-техникалық және жобалау құжаттамасының талаптарының сақталуына сәулет-қала құрылыстық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

      11) құрылысы аяқталмаған нысандар пайдалану, тұрғын және өндірістік үй-жайларды қайта жоспарлау, жер учаскелерін бөлу мәселелері бойынша шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды жүзеге асырады;

      12) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмысты жүзеге асырады;

      13) құрылыс аяқталғаннан кейін, жаңартылған, қалпына келтірілген, жаңғыртылған, қайта жоспарлағаннан кейін, күрделі жөндеуден және нысанды абаттандырғаннан кейін пайдалануға қабылдау және тіркеу бойынша жұмысты ұйымдастырады;

      14) облыстық мемқұрылыслицензия органдарымен, жобалардың, мемсәулетқұрылыс бақылау, сәулет және қала құрылысы Басқармасымен іс-әрекетті үйлестіре отырып, құрылыс сапасына бақылауды ұйымдастырады;

      15) құрылыс-монтаждық жұмыстарды жобалауға тендерлерді өткізуге қатысады;

      16) халықты жоспарланып отырған аумақтың құрылысы немесе басқа да қала құрылыстық өзгерістер жөнінде ақпараттандыру;

      17) мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде құрылыс мониторингін жүргізу;

      18) аудандық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу;

      19) "Мекенжайлық тізілім" ақпараттық жүйесінің жүргізілуі мен толықтырылуын қамтамасыз ету;

      20) өз құзыры шегінде гендерлік саясатты жүзеге асыру;

      21) өз құзыры мәселелері шегінде тиісті органдарға Президент актілерін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, әкімдік қаулыларын, облыс және аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерін орындау бойынша ақпараттарды, есептерді уақытылы дайындау және ұсыну;

      22) "Алтынсарин ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мақсаттары мен міндеттеріне жауап беретін, заңнамаға қайшы келмейтін басқа да функцияларды орындау.

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      15. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесін басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол "Алтынсарин ауданы әкімдігінің әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      16. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      17. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттіктері:

      "Алтынсарин ауданы әкімдігінің әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі жұмысын ұйымдастырады және басқарады;

      "Алтынсарин ауданы әкімдігінің әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген функциялардың орындалуына дербес жауапты болады, бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

      сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі шараларды қабылдамағаны үшін дербес жауаптылықта болады;

      заңнамада белгіленген тәртіпте "Алтынсарин ауданы әкімдігінің әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      "Алтынсарин ауданы әкімдігінің әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің өкілеттіктерін және міндеттерін белгілейді;

      қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда "Алтынсарин ауданы әкімдігінің әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі атынан өкілдік етеді.

      "Алтынсарин ауданы әкімдігінің әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      18. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      "Алтынсарин ауданы әкімдігінің әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      19. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      20. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Алтынсарин ауданы әкімдігінің әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      21. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады