"Алтынсарин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 26 сәуірдегі № 47 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Алтынсарин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап "Алтынсарин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 137 Алтынсарин ауданы әкімдігі қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Алтынсарин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алтынсарин ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алтынсарин ауданы әкімі А. Сартов

  "БЕКІТІЛДІ"
  әкімдігінің қаулысымен
  Алтынсарин ауданы
  2022 жылғы 26 сәуірдегі
  № 47

"Алтынсарин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) Алтынсарин ауданының аумағында жер қатынастары саласында жалпы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің тұлғасы ретінде мемлекет болып табылады.

      3. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық - құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық - құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен аппарат басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110100, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Алтынсарин ауданы, Обаған ауылы, Ленин көшесі, 4.

      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Алтынсарин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі.

      11. Осы Ереже "Алтынсарин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      12. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      13. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Алтынсарин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Миссиясы: жер қатынастары саласында басқару функцияларын жүзеге асырады.

      15. Міндеттері:

      1) жер қатынастарын реттеу саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу;

      2) жер заңнамасының, облыстық (аудандық) атқару органдарының жерлерді пайдалану, қорғауды ұйымдастыру бойынша қаулыларының орындалуын қамтамасыз ету;

      3) жер реформасын жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      4) заңнамамен белгіленген тәртіпте аудан аумағында жердің пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру.

      16. Функциялары:

      1) өз құзыреті шегінде жер учаскелерін беру және алып қою, резервте қалдыру жөніндегі жергілікті атқарушы органның ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;

      2) 13, 16, 18 және 19-баптарда көзделген жағдайларды қоспағанда, жер учаскелерін жеке меншікке және жер пайдалануға беру;

      3) 13, 16, 18 және 19-баптарда көзделген жағдайларды қоспағанда, жер учаскелерін алып қою, оның ішінде мемлекет мұқтажы үшін алып қою;

      4) басқа табиғат қорғау іс-шараларымен жиынтықта жерді ұтымды пайдалану, топырақтың құнарлылығын арттыру, жер ресурстарын қорғау жөніндегі аудандық бағдарламаларды әзірлеу және тиісті өкілді органның бекітуіне енгізу және олардың орындалуын қамтамасыз ету;

      4-1) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 49-2-бабына сәйкес жерді резервте қалдыру:

      5) тиісті өкілді органның бекітуі үшін ауылдық (селолық) атқарушы органдардың енгізуіне берілген ауыл шаруашылығы алқаптарын қоса алғанда, елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жоспарларын әзірлеу және олардың орындалуын қамтамасыз ету;

      5) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 69-бабына сәйкес қауымдық сервитуттар белгілеу болып табылады:

      6) арнайы жер қорын құру;

      7) жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;

      8) Жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту, жерді аймақтарға бөлу жобаларын, бағдарламаларды (жобаларды, схемаларды) әзірлеу;

      9) жер сауда-саттығын (аукциондар, конкурстар) жүргізуді ұйымдастыру;

      10) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын аудандық бағдарламаларға, жобалар схемаларына сараптама жүргізу;

      11) жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және уақытша өтеусіз жер пайдалану шарттарын жасасу;

      12) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөніндегі материалдарды дайындау;

      13) Жер кодексінің 71-бабына сәйкес іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру;

      14) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;

      15) жер учаскелерінің бар немесе жоқ екендігі туралы мәліметтер беру;

      16) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне паспорттар беру;

      17) жер кадастрын жүргізуді ұйымдастыру, жер балансын жасау;

      18) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ішкі бақылауды жүргізеді және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруды қамтамасыз етеді;

      19) елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастырудың бекітілген жобаларын халық үшін қолжетімді орындардағы арнайы ақпараттық стендтерде орналастыру;

      20) аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерімен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлесіп жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды әзірлеу, ауданның жергілікті өкілді органына бекітуге енгізу;

      21) жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспардың іске асырылуын қамтамасыз ету және ауданның жергілікті өкілді органына оның іске асырылу қорытындылары туралы жыл сайынғы есепті ұсыну;

      17. Құқықтар және міндеттер:

      1. Құқықтар

      1) басқа да билік атқару ұйымдарымен бірлесе отырып, өзара әрекет ету арқылы өзінің қызметін жүзеге асыру;

      2) мемлекеттік басқару органдарынан, ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан жерді пайдалану және қорғау мәселесі бойынша қажет ақпаратты сұрау және алу;

      3) жерге қатысты мәселелер бойынша облыс әкімдігінің қаулысына ұсыныс енгізу;

      4) заңды және жеке тұлғалармен келісім шарттар жасау, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды сатып алуға, сотта талап ету және жауап беруші болуға;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған басқа да құқықтарды жүзеге асыруға.

      2. Міндеттер:

      1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;

      2) Президенттің, Үкіметтің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау.

3-тарау. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшысы жүзеге асырады.

      19. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      20. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болу құқығы бар.

      21. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:

      1) сенімхатсыз Бөлім атынан іс - әрекет жасайды;

      2) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда Бөлімнің мүдделерін ұсынады;

      3) келісім шарттар жасайды;

      4) Бөлім жұмыстарын басқарады және ұйымдастырады;

      5) сенімхаттар береді;

      6) Бөлім қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және босатады;

      7) Бөлімге жүктелген функциялардың орындалуына дербес жауапкершілікті алады;

      8) өз құзыретінің шегінде Бөлім қызметкерлері, сондай - ақ басқа да тұлғалар үшін орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      9) Бөлімге жалпы басшылықты жасайды;

      10) Бөлім қызметкерлерінің өкілеттілігін және міндеттерін анықтайды;

      11) банктік есеп шоттар ашады;

      12) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Бөлім қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жазаларға тартады;

      13) өз құзыры шегінде гендерлік саясатты жүзеге асырады;

      14) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттенуге шаралар қабылдамағаны үшін жауапкершілікті алады;

      15) Осы Ережемен, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен жүктелген басқа да міндеттерді жүзеге асырады.

      "Алтынсарин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      22. "Алтынсарина ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртіп ережелерімен орнатылады және ол Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеу тиіс.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      "Алтынсарин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай - ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      24. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе "Алтынсарин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органның Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

      26. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар Құрылтайшы шешімі бойынша енгізіледі.

6-тарау. Мемлекеттік органды қайта құру және тарату

      27. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады