Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Сұлукөл ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 17 қаңтардағы № 1 шешімі. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Сұлукөл ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № 4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Сұлукөл ауылдық округі әкімінің 24.03.2022 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Әулиекөл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инсекторының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 01-23/775 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Ірі қара малдың бруцеллезіне байланысты Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Сұлукөл ауылдық округінің Шилі ауылында орналасқан Абзалов Марат Жеткеншековичтің жеке ауласы аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Әулиекөл аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Әулиекөл аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотия ошағында ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізу үшін қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізу ұсынылсын.

      3. "Сұлукөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      Сұлукөл ауылдық округінің әкімі К. Шарипов

      "Қазақстан Республикасының Денсаулық

      сақтау министрлігі Санитариялық-

      эпидемиологиялық бақылау комитеті

      Қостанай облысының санитариялық-

      эпидемиологиялық бақылау департаменті

      Әулиекөл аудандық санитариялық-

      эпидемиологиялық бақылау басқармасы"

      республикалық мемлекеттік мекемесіненің

      басшысы

      __________________________ Е. Дүйсенов

      2021 жылғы "____" ___________________

      Қазақстан Республикасы Ауыл

      шаруашылығы министрлігі

      Ветеринариялық бақылау және қадағалау

      комитетiнiң Әулиекөл аудандық аумақтық

      инспекциясы" мемлекеттік мекемесі

      басшысы

      _______________________ А. Тайшибаев

      2021 жылғы "____" _________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады