Шектеу іс-шараларын тоқтату және Сұлукөл ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 17 қаңтардағы № 1 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Сұлукөл ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № 4 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес және Әулиекөл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 16 наурыздағы № 01-22/110 ұсынысы негізінде, ШЕШТІ:

      1. Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Сұлукөл ауылдық округінің Шилі ауылындағы Марат Жеткеншекұлы Абзаловтың жеке ауласының аумағында ірі қара малдың құтыруы бойынша шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Сұлукөл ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 17 қаңтардағы № 1 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 164339 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Сұлукөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықытық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сұлукөл ауылдық округнің әкімі К. Шарипов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасының Денсаулық

      сақтау министрлігі Санитариялық-

      эпидемиологиялық бақылау комитеті

      Қостанай облысының санитариялық-

      эпидемиологиялық бақылау департаменті

      Әулиекөл аудандық санитариялық-

      эпидемиологиялық бақылау басқармасы"

      республикалық мемлекеттік мекемесіненің

      басшысы

      _________________________ Е. Дүйсенов

      2022 жылғы "___" ____________________

  Қазақстан Республикасы Ауыл
  шаруашылығы министрлігі
  Ветеринариялық бақылау және қадағалау
  комитетiнiң Әулиекөл аудандық аумақтық
  инспекциясы" мемлекеттік мекемесі
  басшысы
  _______________________ А. Тайшыбаев
  2022 жылғы "___" ___________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады