2023 жылға арналған мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 22 қазандағы № 169 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес, Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде бойынша мүгедектігі бар адамдардың үшін 2023 жылға арналған жұмыс орындарына квота белгіленсін.

      2. "Қамысты ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлім" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қамысты ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қамысты ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ғ. Бекмұхамедов

  Қамысты
  ауданы әкімдігінің
  2022 ж. 22 қазандағы
  № 169 қаулысына
  қосымша

2023 жылға арналған мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота

Атауы

Жыл басындағы жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квота мөлшері жұмыскерлердің тізімдік санынан %)

Ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, белгіленген квота саны (адам)

Мүгедектер санатына жатқызылған жұмыскерлер жұмыс істейтін жұмыс орындарының саны (бірлік)

барлығы

оның ішінде 2023 жылға

1.

Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Қамысты аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

200

3

6

1

3


Барлығы

200


6

1

3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады