"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Қамысты ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. Қамысты ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 17 тамыздағы № 134 қаулыс "Қамысты ауданы әкімдігінің тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" қаулысының күші жойылсын.
3. "Қамысты ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) жоғарыда көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдердінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберілсін.
3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін оның Қамысты ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қамысты ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қамысты ауданының әкімі | Ғ. Бекмұхамедов |
Қамысты ауданы әкімдігінің | |
2022 жылғы 29 қарашадағы | |
№ 183 қаулсымен | |
бекітілеген |
1. Жалпы ережелер
1. "Қамысты ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы салаларындағы мәселелерді үйлестіретін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Бөлім басқаруды жүзеге асыратын органы болып табылады: "Қамысты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Бөлім мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Бөлім егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "Қамысты ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 110800, Қостанай облысы, Қамысты ауданы, Қамысты ауылдық округі, Қамысты ауылы, Гумилев көшесі, 43-құрылыс.
10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Қамысты ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
11. Бөлімнің құрылтайшысы Қамысты ауданының әкімдігі болып табылады, құрылтай құжаты осы Ереже болып табылады.
12. Бөлімнің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет қаржысынан жүзеге асырылады.
13. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
14. "Тұрғын үй инспекциясы" секторы: "Тұрғын үй инспекциясы" секторы елді мекендер шекаралары шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде мемлекеттік бақылау және елді мекендер шекаралары шегінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады.
Тұрғын үй инспекторы "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабы 3-тармағының 7) тармақшасына сәйкес мемлекеттік инспектор функцияларын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесінің лауазымды тұлғасы болып табылады.
15. Тиісті саланың уәкілетті органы, сондай-ақ тұрғын үй инспекциясына қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің функциясын жүзеге асыратын орган облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы (тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілері және елді мекендердің шекаралары шегінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын мемлекеттік қадағалау болған кезде) (бұдан әрі – құрылтайшы) болып табылады.
16. Тұрғын үй инспекциясы аудан, облыстық маңызы бар қала әкімдігі деңгейінде (тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілері және елді мекендердің шекаралары шегінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын мемлекеттік қадағалау болған кезде) – Тұрғын үй инспекциясы бөлімі түрінде немесе ТКШ бөлімінде сектор түрінде құрылады.
17. Тұрғын үй инспекциясының әрбір инспекторында жеке мөртаңбасы болады.
18. Тұрғын үй инспекциясының құрылымы мен шекті штат санын "Жергiлiктi атқарушы органдардың штат санының лимиттерiн бекiтудiң кейбiр мәселелерi туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысымен бекітілген олардың штат санының лимиті шегінде жергілікті атқарушы органдар белгілейді.
Тұрғын үй инспекциясы басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушы) бола алмайды.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
19. Бөлімнің миссиясы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын тиімді іске асыруға ықпал ету, коммуналдық инфрақұрылымды дамыту және жаңғырту жолымен халықтың әл-ауқатын жақсарту.
Қызметінің мәні құзыреті шегінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
Қызметтің негізгі мақсаты халықтың өмір сүруінің қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету және коммуналдық инфрақұрылымның жағдайын жақсарту болып табылады.
20. Міндеттері:
1) инженерлік-коммуналдық инфрақұрылым, тұрғын үй қоры объектілерін техникалық пайдалану, ауданның елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру және санитарлық тазалау саласында жоғары тұрған органдардың шешімдерін, қаулыларын орындау және бағдарламаларын іске асыру;
2) Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру.
3) халыққа тұрғын үй-пайдалану қызметтерін көрсету, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің үздіксіз жұмыс істеуі және тұрғын үй қорын сақтау мәселелері жөніндегі қызметтердің жұмысын үйлестіру;
4) қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендіру мәселелерін ұйымдастыру;
5) автомобиль жолдары мен құрылыстарының көліктік-пайдалану жай-күйін арттыру, оларды қорғау тәртібін қамтамасыз ету;
6) өздеріне қатысты басқаруды жүзеге асыратын орган болып табылатын заңды тұлғалар қызметінің басым бағыттарын айқындау;
7) мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру;
8) мемлекеттік қызмет көрсетуді анықтау және/немесе алып тастау, мемлекеттік органның құзыретіне кіретін мемлекеттік қызмет атауының өзгеруі мәніне заңнама мониторингі.
21. Функциялары:
1) иесіз тұрғын үй, коммуналдық меншік құқығы мәселелері бойынша сотта өкілдік ету;
2) мемлекеттік тұрғын үй қорын түгендеу және есепке алу;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
4) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру және жекешелендіру мәселелері бойынша аудан әкімдігі жанындағы комиссия отырысына материалдар дайындау, өтініш берушілерге жазбаша хабарлама жіберу;
5) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге кезектілік тізімін түгендеу;
6) аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және ауданның елді мекендерінің көшелерін қайта жаңарту, пайдалану, жөндеу және күтіп ұстау бойынша жұмыстардың орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
7) ауданның су құбырларын, су жинау және тазарту құрылыстарын, жылу және электр желілерін және басқа да инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
8) ауданның елді мекендерін абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстарын ұйымдастыру;
9) мемлекеттік органның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, олар бойынша қажетті шаралар қабылдау;
10) жолаушыларды және багажды таксимен тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін енгізу;
11) қызмет өңірі шегінде механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу кестесін келісу;
12) халықаралық техникалық байқау сертификаттарын беру.
22. Бөлімнің мынадай құқықтары мен міндеттері бар:
1) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан әкімдігінің отырысына ұсыныстар енгізуге;
2) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұратуға және алуға;
3) тиісті аумақта басқару тиімділігін арттыру мәселелері бойынша басқа да мемлекеттік басқару органдарымен, қоғамдық өзін-өзі басқару органдарымен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға;
4) сотта талапкер және жауапкер болуға, сондай-ақ заңдарға қайшы келмейтін өзге де құқықтарды жүзеге асыруға;
5) құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғаларға түсініктемелер беруге;
6) мемлекеттік қызмет стандартының қолжетімділігін қамтамасыз ету;
7) тұтынушылардың Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз етуге;
8) мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша уәкілетті органға тиісті ақпаратты ұсыну;
9) мемлекеттік қызметтерді тұтынушылардың шағымдары мен өтініштерін қарауға;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
23. "Тұрғын үй инспекциясы" секторы: елді мекендердің шекарасы шегінде әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі тұрғын үй инспекциясының міндеті тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі елді мекендердің шекарасы шегінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау болып табылады.
24. Тұрғын үй инспекциясының негізгі функциясы тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі елді мекендердің шекаралары шегінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын мемлекеттік қадағалау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі бақылау субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылау болып табылады.
25. Тұрғын үй инспекциясының негізгі өкілеттіктері:
1) көп пәтерлі тұрғын үйдің жалпы мүлкін мемлекеттік техникалық тексеруді ұйымдастыру;
2) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізудің тізбесін, кезеңдерін және кезектілігін анықтау;
3) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге арналған шығыстар сметасын келісу;
4) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысу;
5) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 108 бұйрығымен бекітілген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидаларына нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10528 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) сәйкес бұзушылықтарды жою бойынша орындалуы міндетті нұсқамалар (ұсыныстар) шығару;
6) пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері жүгінген кезде кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі есептің болуына тексеру жүргізу болып табылады.
26. Тұрғын үй инспекциясы өзіне жүктелген өкілеттіктерге сәйкес мемлекеттік бақылаудың мынадай функцияларын жүзеге асырады:
1) пәтер, тұрғын емес үй-жайлар иелерінің кондоминиум объектісін басқару нысанын сайлау рәсімінің сақталуына, ағымдағы және жинақ шоттарын ашуына;
2) объектідегі және көп пәтерлі тұрғын үйге іргелес аумақтағы пәтер иелерінің ортақ мүлкін, тұрғын емес үй-жайды пайдалану, күтіп-ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібінің сақталуына;
3) көп пәтерлі тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) жылу, энергия, газ және су ресурстарын есептеудің үйге ортақ аспаптарының болуы;
4) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің және оның инженерлік жабдықтарының техникалық жай-күйінің сақталуына, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы қолданыстағы нормативтік-техникалық және жобалау құжаттарына сәйкес оны күтіп ұстау және жөндеу жөніндегі жұмыстардың уақтылы орындалуына;
5) көп пәтерлі тұрғын үйді маусымдық пайдалануға дайындау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;
6) анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шешімдер мен нұсқамалардың орындалуын;
7) жергілікті бюджет қаражаты есебінен кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жобалау ұйымын анықтауға және жобалау-сметалық құжаттаманы дайындауға конкурс өткізумен;
8) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстардың сапасы;
9) елді мекеннің шекарасы шегінде тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың тұрмыстық баллондары мен газбен жабдықтау жүйелері объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына жол беріледі.
27. Тұрғын үй инспекциясы өзіне жүктелген өкілеттіктерге сәйкес қауіпті техникалық құрылғылардың, атап айтқанда, 0,07 мегаПаскальдан астам қысыммен және (немесе) 115 Цельсий градустан астам судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін бу және су жылыту қазандықтарының (жылумен жабдықтау ұйымдары), 0,07 мегаПаскальдан астам қысыммен жұмыс істейтін ыдыстардың, жүк көтергіш тетіктердің, эскалаторлардың, арқан жолдардың, фуникулерлердің, лифтілердің қауіпсіз пайдаланылуын мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады.
28. Тұрғын үй инспекциясы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асырады.
29. Тұрғын үй инспекциясы тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде елді мекендер шекараларының шегінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында орналастыру жолымен өз қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді:
1) мемлекеттік бақылау және мемлекеттік қадағалау объектілері мен субъектілері туралы ақпаратты;
2) тексеру кестелері және олардың нәтижелері туралы;
3) анықталған кемшіліктер туралы, сондай-ақ жасалған актілер және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарын сақтау туралы шығарылған ұйғарымдар туралы;
4) елді мекен шегінде құрылған жай серіктестіктердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу.
30. Тұрғын үй инспекциясы кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін, көп пәтерлі тұрғын үйдің үй жанындағы жер учаскесін күтіп-ұстау сапасын бақылау және коммуналдық қызмет көрсету бойынша нормативтік және әдістемелік құжаттарды дайындауға қатысады, сондай-ақ бақылаудағы объектілердің иелеріне, кәсіпорындарға, ұйымдарға немесе көп пәтерлі тұрғын үйлерді, әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін басқаруды және ұстауды жүзеге асыратын азаматтарға, оның ішінде "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келіп түскен өтініштер бойынша жеке және заңды тұлғаларға консультациялық көмек көрсетеді.
31. Тұрғын үй инспекциясы "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды ұсынады.
32. Кәсіпкерлік субъектілерін тексеру және профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, ал пәтерлерді, тұрғын емес үй-жайларды тексеру "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
33. Тұрғын үй инспекциясының Жарғыда (ережеде) бекітілген оның қызметінің мәні мен мақсаттарына жауап бермейтін қызметті жүзеге асыруына, сондай-ақ мәмілелер жасауға жол берілмейді.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
34. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
Мемлекеттік органның жұмыс тәртібі басшы бекіткен регламентпен айқындалады. Жұмыс уақытының ұзақтығы мен еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес реттеледі.
35. Бөлім басшысын Қамысты ауданының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
36. Бөлім басшысының өкілеттігі:
1) Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді;
2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларын қабылдамауы үшін дербес жауапкершілікті тартады;
3) заңнамамен бекітілген тәртіпте Бөлім қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда Бөлімді білдіреді;
5) заңнамамен белгіленген тәртіпте Бөлім қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және көтермелеу шараларын қолданады;
6) өз құзыреті шегінде Бөлім қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады;
7) белгіленген еңбекақы төлеу қоры және қызметкерлердің штаттық саны шегінде міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын, бөлім құрылымын бекітеді;
8) мүлікті пайдалану тиімділігі мен сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
9) азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүргізеді, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамамен белгіленген мерзімде қарайды, олар бойынша қажетті шаралар қабылдайды;
10) өз құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
Бөлім басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
37. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
38. Бөлімге бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
39. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарту
40. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік органның қарамағындағы ұйымдардың тізбесі (басқаруды жүзеге асыратын орган болып табылады)
"Қамысты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.