"Қарасу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 8 сәуірдегі № 62 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес, Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Қарасу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. "Қарасу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) жоғарыда көрсетілген Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына жолдауды;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қарасу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарасу ауданының әкімі В. Радченко

  Қарасу ауданы әкімдігінің
  2022 жылғы 8 сәуірдегі
  № 62 қаулысымен
  бекітілген

"Қарасу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қарасу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлім" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі "Қарасу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлім" ММ) аудан аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Қарасу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлім" ММ өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. "Қарасу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлім" ММ мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және қазақ тілінде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. "Қарасу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлім" ММ азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан қатысады.

      5. "Қарасу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлім" ММ, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      6. "Қарасу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлім" ММ өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте басшының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. "Қарасу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлім" ММ құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қарасу ауданы, Қарасу ауылы, А.Исаков көшесі, 73.

      9. Осы Ереже "Қарасу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлім" ММ-ның құрылтай құжаты болып табылады.

      10. "Қарасу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлім" ММ-ның қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      11. "Қарасу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлім" ММ кәсіпкерлік субъектілерімен "Қарасу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлім" ММ өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Қарасу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлім" ММ заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері

      12. Міндеттері:

      Аудан аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында мемлекеттік саясатты жүргізу, өз құзыреті шегінде аудан аумағында құрылыс, сәулет, қала құрылысы қызметін мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру.

      13. Өкілеттіктері:

      Құқықтары мен міндеттері:

      1) "Қарасу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлім" ММ қарауына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізу;

      2) ауданның атқарушы органдарынан "Қарасу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлім" ММ құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қажетті құжаттарды, ақпаратты сұрату және алу;

      3) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы тұтынушылардың ақпараттандырылуын қамтамасыз ету;

      4) қызмет алушылардың шағымдары мен ұсыныстарын қарау;

      5) аудан әкімінің, әкімдігінің және аудандық мәслихаттың қарауына мемлекеттік органның құзыретіне жататын мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар енгізу;

      6) мемлекеттік органның құзыретіне жататын мәселелер бойынша сотқа талап-арыз беру;

      7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

      14. Функциялары:

      1) заңнамада белгіленген тәртіпте бекітілген аудан аумағының қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын (аудандық жоспарлау жобасын), ауылдық елді мекендердің бас жоспарларын іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;

      2) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпарат және (немесе) мәліметтер беру;

      3) аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерістері туралы халықты ақпараттандыру;

      4) құрылыс, аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру, аяқталмаған объектілер құрылысын консервациялау, аудандық маңызы бар объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөнінде жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдау;

      5) аудандық маңызы бар ғимараттар мен құрылыстарды бұзу туралы актілерді есепке алуды жүргізу және тіркеу;

      6) объектілерді пайдалануға қабылдау актілерінің, сондай-ақ пайдалануға берілетін объектілердің (кешендердің) есебін жүргізу;

      7) тұрғын үй қорының, аудандық маңызы бар коммуникациялардың сақталуын, олардың ұсталуына (пайдаланылуына) бақылауды ұйымдастыру;

      8) аудан аумағында қала құрылысын дамыту схемаларын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің және өзге де ауылдық елді мекендердің бас жоспарларының жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру және аудандық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;

      9) елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (аумақтық даму схемаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жобаларын іске асыру;

      10) жергілікті бюджет, сондай-ақ жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаны қаржыландыруға бөлінген республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын объектілер мен кешендерді салуға арналған жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын қарау және бекіту;

      11) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізу;

      12) ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салуға немесе өзге де қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерін таңдау, беру, ал заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда, мемлекет мұқтажы үшін алып қою жөнінде шешімдер қабылдау;

      13) бұрыннан бар ғимараттардың үй-жайларын қайта жоспарлау арқылы реконструкциялау туралы шешім қабылдау;

      14) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;

      15) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген өкілеттіктер шегінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы өзге де функцияларды жүзеге асыру.

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі

      15. "Қарасу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлім" ММ-ның басшылығы "Қарасу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлім" ММ-ға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға жеке жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

      16. "Қарасу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлім" ММ-ның бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      17. "Қарасу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлім" ММ бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) "Қарасу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлім" ММ жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді;

      2) заңнамада белгіленген тәртіппен қызметкерлерді қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, олардың өкілеттіктері мен міндеттерін айқындайды;

      3) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды, олардың орындалуын бақылауды ұйымдастырады;

      4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда "Қарасу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлім" ММ-ның атынан өкілдік етеді;

      5) еңбекке ақы төлеу қорын үнемдеу шегінде тәртіптік жазалар қолдану, көтермелеу және материалдық көмек көрсету мәселелерін заңнамада белгіленген тәртіппен шешеді;

      6) белгіленген еңбекақы төлеу қоры және жұмыскерлер саны шегінде міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын, "Қарасу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлім" ММ мемлекеттік мекемесінің құрылымын бекітеді;

      10) азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүргізеді, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды, олар бойынша қажетті шараларды қабылдайды;

      11) "Қарасу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлім" ММ-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілетін жұмыс үшін жеке жауапты болады.

      18. "Қарасу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлім" ММ-ның бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      19. "Қарасу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлім" ММ-ның заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      "Қарасу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлім" ММ-ның мүлкі оған меншік иесі берген мүліктің, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүліктің (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздердің есебінен қалыптастырылады.

      20. "Қарасу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлім" ММ-ға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе "Қарасу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлім" ММ өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      22. "Қарасу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлім" ММ-ны қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады