Қостанай облысы Қарасу ауданы Қарасу ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 2022 жылғы 19 мамырдағы № 127 шешімі. Жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 2023 жылғы 21 тамыздағы № 59 шешімімен

      Ескерту. Жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 21.08.2023 № 59 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес қоса беріліп отырған Қостанай облысы Қарасу ауданы Қарасу ауылдық округі жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Қарасу ауданы Қарасу ауылдық округі жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарасу аудандық мәслихатының хатшысы С. Қажиев

  Мәслихаттың
  2022 жылғы 19 мамырдағы
  № 127 шешіміне
  1-қосымша

Қостанай облысы Қарасу ауданы Қарасу ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қостанай облысы Қарасу ауданы Қарасу ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және Қарасу ауылдық округінің ауылдар тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

      2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, көшелер) бөлінеді.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

      5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Қарасу ауылдық округінің әкімі шақырады және ұйымдастырады.

      6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Қарасу ауылдық округінің әкімімен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.

      7. Ауыл шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді Қарасу ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

      Көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.

      8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, көшеде, тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Қарасу ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Қарасу ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

      10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Қарасу аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.

      11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол Қарасу ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.

  Мәслихаттың
  2022 жылғы 19 мамырдағы
  № 127 шешіміне
  2-қосымша

Қостанай облысы Қарасу ауданы Қарасу ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Елді мекеннің атауы

Өкілдерінің саны (адам)

Карасу ауылының тұрғындары үшін

16

Автомобилистов көшесі

1

Анищенко көшесі

1

Комсомольская көшесі

1

Исаков А көшесі

1

Рамазанова көшесі

1

Набережная көшесі

1

Мирная көшесі

1

Сандибекова көшесі

1

Базарная көшесі

1

Пролетарская көшесі

1

Привокзальная көшесі


Рабочая көшесі


Дорожников көшесі

1

Больничная көшесі


Калинина көшесі

1

В-Набережная көшесі

1

Строительная көшесі


Химиков көшесі

1

В-Комсомольская көшесі


Восточная көшесі

1

В-Советская көшесі

1

Северный тұйық көшесі


Дружный тұйық көшесі


Молодежный тұйық көшесі


Майский тұйық көшесі


Дорожный тұйық көшесі


Школьный тұйық көшесі


Торговый тұйық көшесі


Детский тұйық көшесі


Совхозный тұйық көшесі


Маслозаводской тұйық көшесі


Октябрьский тұйық көшесі


Тополевый тұйық көшесі


Восток ауылының тұрғындары үшін

3

Садовая көшесі


Коминтерна көшесі

1

Октябрьская көшесі


Северная көшесі

1

Гагарина көшесі

1

Школьная көшесі


Заречная көшесі


Комсомольская көшесі


Мира көшесі


Новая көшесі


Пионерская көшесі


Пушкина көшесі


Советская көшесі


Степная көшесі


Студенческая көшесі


Жұмағұл ауылының тұрғындары үшін

2

Новая көшесі


Пушкин көшесі

1

Северная көшесі


Центральная көшесі

1

Чкалова көшесі


Майское ауылының тұрғындары үшін

2

Мира көшесі

1

Парковая көшесі


Сандыбекова көшесі


Целинная көшесі


Школьная көшесі


Юбилейная көшесі

1

Тімтуір ауылының тұрғындары үшін

2

Аубакирова көшесі


Интернациональная көшесі

1

Набережная көшесі


Новая көшесі


Пионерская көшесі


Рабочая көшесі


Центральная көшесі

1

Школьная көшесі


Южная көшесі


Барлығы

25


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады