Қостанай облысы Қостанай ауданы Мәскеу ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың тәртібін бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2022 жылғы 31 тамыздағы № 200 шешімі. Жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 118 шешімімен

      Ескерту. Жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 22.12.2023 № 118 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қостанай облысы Қостанай ауданы Мәскеу ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың тәртібі осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Қостанай облысы Қостанай ауданы Мәскеу ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай аудандық мәслихатының хатшысы М. Сартов

  Мәслихаттың
  2022 жылғы 31 тамыздағы
  № 200 шешіміне
  1-қосымша

Қостанай облысы Қостанай ауданы Мәскеу ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың тәртібі туралы

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қостанай облысы Қостанай ауданы ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың тәртібі (бұдан әрі - тәртіп) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Мәскеу ауылдық округінің ауылдары, көшелер тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Осы тәртіпте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жергілікті қоғамдастық - шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

      2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны - ауыл, көше тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін Мәскеу ауылдық округінің аумағы учаскелерге (ауылдар, көшелер) бөлінеді.

      4. Ауыл, көшенің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдері сайланады.

      5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Мәскеу ауылдық округінің әкімі шақырады және ұйымдастырады.

      6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Мәскеу ауылдық округінің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары және жергілікті атқарушы органдардың ресми интернет ресурстары арқылы ол өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.

      7. Ауыл, көше шегінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізуді Мәскеу ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

      Көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.

      8. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 1-тармағына сәйкес жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың, көшенің қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, көшеде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Мәскеу ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Мәскеу ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының төрағасы болып табылады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

      10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Қостанай аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылар ұсынады.

      11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп дауысын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және екі жұмыс күні ішінде Мәскеу ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.

  Мәслихаттың
  2022 жылғы 31 тамыздағы
  № 200 шешіміне
  2-қосымша

Қостанай облысы Қостанай ауданы Мәскеу ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Елді мекен, көше атауы

Ауыл көшелерінің тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

1

Мәскеу ауылының тұрғындары үшін, көшелер бөлінісінде


Мельничная көшесі

1

8 Марта көшесі

3

Павлов көшесі

1

Целинная көшесі

1

Спортивная көшесі

2

Молодежная көшесі

1

Первомайская көшесі

1

Приозерная көшесі

1

70 лет Октября көшесі

1

Комсомольская көшесі

2

Советская көшесі

1

Привокзальная көшесі

1

30 лет Целины көшесі

1

Октябрьская көшесі

1

Луговая көшесі

1

Садовая көшесі

1

Дорожная көшесі

1

Большая Целинная көшесі

1

9 Мая көшесі

1

Фестивальная көшесі

1

Пролетарская көшесі

1

Гагарин көшесі

1

Московская көшесі

1

Степная көшесі

1

Титов көшесі

1

Олимпийская көшесі

1

Урожайная көшесі

1

Почтовая көшесі

1

2

Светлый Жаркөл ауылының тұрғындары үшін, көшелер бөлінісінде

Пионерская көшесі

1

Рабочая көшесі

1

Партизанская көшесі

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады