Қостанай ауданы бойынша 2023 жылға мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 14 қарашадағы № 1023 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31 - бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9 - бабына Қостанай ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қостанай ауданы бойынша 2023 жылға мүгедектігі бар адамдар үшін ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмағанда, жұмыс орындары санының екі - төрт пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.

      2. Қостанай ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Қостанай ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ж. Таукенов

  Әкімдіктің
  2022 жылғы "14" қарашадағы
  № 1023 қаулысына
  қосымша

Қостанай ауданы бойынша 2023 жылға арналған мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота

№ р/р

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның пайыздық мәндегі мөлшері

Жұмыс орындарының саны

1

"Научно-производственное предприятие "ИНВЕНТ-плюс" ЖШС

51

2 %

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады