"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31 - бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" кауласына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Меңдіқара ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. "Меңдіқара ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) жоғарыда көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіппен әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына жолдауын;
3) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Меңдіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Меңдіқара аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ғ. Бекбаев |
Әкімдіктің | |
2022 жылғы 11 сәуірдегі | |
№ 54 қаулысымен | |
бекітілген |
1. Жалпы ережелер
1. "Меңдіқара ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттiк мекемесі (одан әрі - Бөлім) жер қатынастары саласындағы функцияны жүзеге асыратын ауданның жергілікті атқарышу органының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық – құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері.
4. Бөлім азаматтық – құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
5. Бөлім Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
6. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша Бөлімнің басшысының бұйрықтарымен және басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Бөлім құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Боровской селосы, Королев көшесі 5 үй, индексі 111300.
9. Осы ереже Бөлім құрылтай құжаты болып табылады.
10. Бөлім қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
11. Бөлім кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлім өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
12. Мақсаттары:
1) жер ресурстарын басқару, жер қатынастарын реттеу саласында бiрiңғай мемлекеттiк саясатты жүргiзу;
2) белгiленген тәртiпте жердiң мониторингiн, мемлекеттiк жер кадастрын ұйымдастыру және жүргiзу;
3) қоғамдық ұйымдармен және бұқаралық ақпарат құралдарға өзара әрекеттесу;
13. Өкілеттіктері:
Құқықтары:
1) жерді қорғау және пайдалану сұрақтар бойынша қажетті ақпарат азаматтардан және лауазымды тұлғалардан, басқа ұйымдардан мемлекеттік органдардан алу және сұрау салу;
2) заңнамалық актілері ескерілген негізі жөнінде жер пайдалану құқығы және жер телімін жеке құқығы тоқтату туралы, ұсыныстарды атқарушы органдарының шешімдеріне енгізу;
3) жергілікті атқарушы органдардың шешімдері жою туралы ұсыныстарды енгізу, жер заңнамасына қарама-қайшы;
4) бөлімнің атынан сотқа талап-арыз беру, жер қатынастары мәселелері бойынша сот отырыстарына қатысу;
5) комиссияның, құрылған жұмыс топтарының отырыстарын қатысу және жергілікті атқарушы органдар бекітеді
Міндеттері:
1) өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтайды;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ Қостанай облысы әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындайды;
3) ақпараттық-талдамалық материалдарды мемлекеттік органдарға дайындайды және ұсынады;
4) сот органдарында Бөлімнің құқықтары мен заңды мүдделерін қоргауды жүзеге асырады;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзінің қызметін жүзеге асырады;
14. Функциялары:
1) иесі жоқ жер учаскелерін анықтау және оларды есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
1-1) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
2-1) геологиялық зерттеуге және пайдалы қазбаларды барлауға байланысты жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жария сервитуттарды белгілеу бойынша ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы ұсыныстарының және шешімдерінің жобаларын дайындау;
3) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындау;
4) жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
5) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
6) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жобалары мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
7) елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
8) жер сауда-саттығын (аукциондарын) жүргізуді ұйымдастыру;
9) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын, қалалық, аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;
10) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жер балансын жасау;
11) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;
12) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру;
13) жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
13-1) осы Кодекстің 33-бабы 1-тармағы алтыншы бөлігінің 5-1) тармақшасында көзделген жағдайда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартын қайта ресімдеу;
14) осы Кодекстің 71-бабына сәйкес ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;
15) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
15-1) пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерді анықтау;
16) жерді резервке қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
17) жер-кадастрлық жоспарды бекіту жатады.
3. Мемлекеттік органның, алқалы органдардың (бар болса) бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
15. Бөлiм басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Бөлім жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
16. Бөлім бірінші басшысы Қазақстан Республиксының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
17. Бөлім бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) бөлім мамандарының міндеттерін анықтайды;
2) мемлекеттiк құрылымдар, басқа ұйымдардағы мемлекеттiк мекемесi мүдденi ұсынады;
3) келісім шарттарды жасайды;
4) сенiм хатты бередi;
5) iссапарларға, сынау мерзiмдерi бойынша рет және мемлекеттiк мекеменiң жоспарларын бекiтедi;
6) банк есеп шоттарды ашады;
7) жұмысқа қабылдайды, соның iшiнде жеке еңбек шарты бойынша, және қызметкерлердiң жұмысынан шығарады;
8) бұйрықтарды шығарады және бөлiмнiң барлық қызметкерлерiнің орындауы үшiн нұсқау бередi;
9) құрылымды және бөлiмнiң аппаратының штаттық кестесiн бекiтедi;
10) нәсiлдердiң бекiтiлген сметасы шектерiндегi қаржылармен иелiк етедi;
11) мадақтау шара қолданады және мемлекеттiк мекеменiң қызметкерлерiне тәртiп жазасы салады;
12) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әрекет шараларды қабылданбаған үшін басшы жауап береді.
Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
18. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлігі болуы мүмкін.
Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өзіне бекітіліп берілген, өзінің балансында тұрған мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын Қазақстан Республикасының атынан дербес жүзеге асырады.
19. Бөлімге бекітілген мүліктер коммуналдық меншікке жатады.
20. Бөлімнің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
21. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.