"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Науырзым ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. "Науырзым ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Науырзым ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Науырзым ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Науырзым ауданының әкімі | Қ. Әбішев |
Науырзым | |
ауданы әкімдігінің | |
2022 жылғы 11 наурыздағы | |
№ 83 қаулысымен | |
бекітілді |
Мемлекеттік мекеме туралы ереже "Науырзым ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі"
1. Жалпы ережелер
1. "Науырзым ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - "Науырзым ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ) ауданда құрылыс, сәулет және қала құрылысын басқаруды үйлестіру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Науырзым ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ ведомстволары жоқ.
3. "Науырзым ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Науырзым ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Науырзым ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Науырзым ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Науырзым ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Науырзым ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған басқада актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Науырзым ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111400, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Науырзым ауданы, Қарамеңді ауылы, Шақшақ Жәнібек көшесі, 1.
10. Осы Ереже "Науырзым ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ құрылтай құжаты болып табылады
11. "Науырзым ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
12. "Науырзым ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ кәсіпкерлік субъектілерімен "Науырзым ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Науырзым ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
13. Міндеттері:
1) мемлекеттік бағдарламалардың, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, облыс және аудан әкімінің актілерінің орындалуы жөніндегі есептерді жүзеге асыру және дайындау;
2) өз құзыреті шегінде тұрғын үй саясатын іске асыру мәселелері бойынша шешімдер қабылдау;
3) "Науырзым ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен Кеңес шақыруға құқылы;
4) объектілерді салу, реконструкциялау, қалпына келтіру, жаңғырту, қайта жоспарлау, күрделі жөндеу және абаттандыру аяқталғаннан кейін пайдалануға берілетін объектілерді қабылдау және тіркеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
5) құрылыс-монтаждау және жөндеу жұмыстарына тендерлер өткізуге қатысу.
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтар:
Өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу;
Өз қызметін басқа мемлекеттік басқару органдарымен өзара іс-қимылда жүзеге асыру;
"Науырзым ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ құзыреті мәселелері бойынша аудан әкімі және әкімдігі қабылдайтын нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша ұсыныстар енгізу.
2) міндеттері:
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс әкімінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ аудан әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын мерзімінде сапалы орындау;
қолданыстағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкесжүзеге асыру.
15. Функциялар:
1) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242 Заңына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден түсетін қаражат есебінен инвестициялық жобаларды іске асыру процесінде құрылысқа тапсырыс берушінің функцияларын жүзеге асырады;
2) мердігер (бас мердігер) орындайтын жұмыстардың барысы мен сапасына және оларды орындау мерзімдерінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
3) Техникалық және авторлық қадағалаулармен қолдау арқылы объектінің құрылысын қамтамасыз етеді;
4) мердігерге (бас мердігерге) техникалық және авторлық қадағалаулардың нұсқауларын орындамағаны не уақтылы орындамағаны және сапасыз орындағаны үшін шаралар қабылдайды;
5) бөлім Тапсырыс беруші болып табылатын салынған объектілерді пайдалануға қабылдауға қатысады;
6) аумақтарда қала құрылысын жобалаудың (аудандық жоспарлау жобасының немесе оның бір бөлігінің) кешенді схемасын, облыс аумағындағы елді мекендердің белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспарларын іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіреді;
7) аудандық маңызы бар ауылдар/ауылдық округтер бас жоспарының жобасын аудандық мәслихаттың қарауына енгізеді;
8) аудандық мәслихат мақұлдаған аудандық маңызы бар ауылдардың/ауылдық округтердің бас жоспарларын әзірлеуді және бекітуге ұсынуды ұйымдастырады;
9) аудандық мәслихат мақұлдаған ведомстволық бағынысты әкімшілік-аумақтық бірліктер аумақтарының қала құрылысын жоспарлаудың (аудандық жоспарлау жобаларының), сондай-ақ аудандық маңызы бар ауылдарды/ауылдық округтерді дамытудың бас жоспарларының жобаларының кешенді схемаларын аудандық мәслихаттың бекітуіне ұсынады;
10) үлгілік қағидалар негізінде әзірленген жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын, аудан мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын, елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс үй-жайлардың шегінен тыс және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс ашық кеңістікте сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру тәртібі мен шарттары туралы қағидаларды әзірлейді және мәслихатқа бекітуге ұсынады, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін;
11) аудандық маңызы бар ауылдардың/ауылдық округтердің бас жоспарларының жобаларын келіседі;
12) аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерістері туралы халықты хабардар етеді;
13) елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын, жоспарлау жобаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жоспарларын (егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын, құрылыс жобаларын) бекіту бойынша аудан әкімдігінің актілерін дайындайды;
14) аудан аумағында сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау мемлекеттік органдарының жұмысына жәрдем көрсетеді;
15) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпарат және (немесе) мәліметтер береді;
16) "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесін жүргізуді және толықтыруды қамтамасыз етеді;
17) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шеңберінде өзге де функцияларды жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттігі
16. "Науырзым ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ басшылықты "Науырзым ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттілігін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
17. "Науырзым ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатады.
18. "Науырзым ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ мекемесі басшысының өкілеттігі:
1) Қазақстан Республикасының азаматтық кодексіне сәйкес, және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес меншік нысанына қарамастан мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда "Науырзым ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ атынан өкілдік етеді;
2) "Науырзым ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
3) "Науырзым ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды, тиісті сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;;
4) "Науырзым ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық етеді және жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауапты болады;
5) бұйрықтар шығарады;
6) қызметтік құжаттамаға қол қояды;
7) "Науырзым ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және "Науырзым ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және еңбек қатынастары мәселелері оның құзыретіне жатқызылған мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын "Науырзым ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ қызметкерлеріне қатысты тәртіптік жаза тағайындайды, босатады, қолданады және көтермелеу шараларын қолданады;
8) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзырет шеңберінде өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
"Науырзым ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес алмастыратын адам жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
19. "Науырзым ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
"Науырзым ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
20. "Науырзым ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Науырзым ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
22. "Науырзым ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.