Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Сарыкөл кентінің "Мелоян А.В." шаруа қожалығы аумағында шектеу іс - шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Сарыкөл кенті әкімінің 2022 жылғы 27 сәуірдегі № 7 шешімі. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Сарыкөл кенті әкімінің 2022 жылғы 29 маусымдағы № 12 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Сарыкөл кенті әкімінің 29.06.2022 № 12 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Сарыкөл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 01-20/86 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Сарыкөл кентіндегі "Мелоян А.В." шаруа қожалығының аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс – шаралары белгіленсін.

      2. "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Сарыкөл аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Сарыкөл аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотия ошағында ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізу үшін қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізу ұсынылсын.

      3. "Сарыкөл кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Сарыкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.

      Сарыкөл кенті әкімі С. Горшенин

  "Қазақстан Республикасы
  Денсаулық сақтау министрлігінің
  санитариялық-эпидемиологиялық
  бақылау комитеті Қостанай
  облысы санитариялық -
  эпидемиологиялық бақылау
  департаментінің Сарыкөл аудандық
  санитариялық-эпидемиологиялық
  бақылау басқармасы" республикалық
  мемлекеттік мекеме
  басшысы ______________ С. Ибраева
  2022 жылғы "27" сәуір
  Қазақстан Республикасы Ауыл
  шаруашылығы министрлігі
  Ветеринариялық бақылау және қадағалау
  комитетiнiң Сарыкөл аудандық аумақтық
  инспекциясы" мемлекеттік мекемесі
  басшысы ___________ А. Молдахметова
  2022 жылғы "27" сәуір

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады