Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабы, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Сарыкөл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 21 маусымдағы № 01-20/153 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Ірі қара малдың бруцеллез ауыруын жою бойынша кешенді ветеринариялық шаралар өткізілуіне байланысты Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Сарыкөл кентіндегі "Мелоян А.В." шаруа қожалығының аумағында белгіленген шектеу іс – шаралары алынсын.
2. 2022 жылгы 27 сәуірдегі № 7 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 167265 болып тіркелген) Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Сарыкөл кентіндегі "Мелоян А.В." шаруа қожалығының аумағында шектеу іс – шараларын белгілеу туралы" Сарыкөл ауданы Сарыкөл кенті әкімінің шешімі жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сарыкөл кентінің әкімі | С. Горшенин |