"Сарыкөл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 4 сәуірдегі № 47 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берілген "Сарыкөл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. "Сарыкөл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) жоғарыда көрсетілген ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін оны Cарыкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Сарыкөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Балғарин

  Әкімдіктің
  2022 жылғы "04" сәуірдегі
  № 47 қаулысымен
  бекітілген

"Сарыкөл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Сарыкөл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (әрі қарай –бөлім) экономиканы, қаражаттарды коммуналдық меншік нысандарын басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Казақстан Республиқасының мемлекеттік органы, соңдай- ақ аудан бюджеттің атқарылуы уәкілетті бірге органы болып табылады.

      2. "Сарыкөл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Сарыкөл ауданының әкімдігі тарапындағы мемлекетті болып табылады.

      3. Бөлім өз қызметін Казақстан Республиқасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне өзге де нормативтік құқықтық ақтілерге, соңдай-ақ осы Ережеге сәйкес жузеге асырады.

      4. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысаныдағы тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, соңдай Қазақстан Республиқасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. "Сарыкөл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. "Сарыкөл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Сарыкөл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Сарыкөл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Сарыкөл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111600, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Сарыкөл ауданы, Сарыкөл кенті, Тәуелсіздік көшесі, 72.

      10. Осы Ереже "Сарыкөл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. "Сарыкөл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. "Сарыкөл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Сарыкөл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Бөлімге заңнамалық актілеріне кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, оңда осындай қызметтен алыңған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мәселелері:

      1) әлеуметтік-экономиқалық реформалар, қаржы және бюджетті орындау мәселелері бойынша аудан аумағындағы бірынғай мемлекеттік саясатың жүзеге асыру;

      2) Сарыкөл ауданының коммуналдық меншігін басқаруын жүзеге асыру;

      3) аудандағы бюджетті орындау және экономиқалық реформаларды жүзеге асыру;

      4) ауданның экономика, бюджетті орындау және коммуналдық меншігі мониторингін жүзеге асыру;

      5) қысқа және орта мерзімге ауданның әлеуметтік- экономиқалық даму бағдарламасын әзірлеу және олардың орындалуына бақылау жасау;

      6) бюджетті жоспарлау әдістерін және қаржылық реттеуді жетілдеру.

      14. Өкілеттіктері: "Сарыкөл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі бюджеттің тиімді орындалуын, ауданның коммуналдық меншігін тиімді басқаруды, орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

      15. Міндеттері мен құқықтары:

      1) жергілікті бюджет есебінін ұсталынатын мемлекеттік мекемелердің жергілікті бюджетті орындау туралы Қазақстан Республиқасы нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарын сақтауына; жергілікті бюджеттен бөлінген бақылау жасауға;

      2) аудан аумағында орналасқан, олардың меншік нысанына және ведомстволық тиесілігінен тәуелсіз мекемелерден, кәсіпорындардан және ұйымдардан селолық округ әкімдері аппараттарынан белгіленген тәртіпте "Сарыкөл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүкелген міндеттерді және функцияларды орындау үшін ақпаратты сұратуға;

      3) өз құзіреті мегінде құқықтық актілер шығаруға;

      4) өз құзырының шегінде орындалуға міндетті ңұсқаулар беруге;

      5) жергілікті атқарушы органның шешімімен секвестр белгіленетін бюджеттік бағдарламалар (бағдарламаша) бойынша төлемдерді жүзеге асыруды тоқтатады;

      6) істерді оқуға және сол жерде көмек көрсетуге басқа бөлімінің мамандарын тартуға;

      7) "Сарыкөл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер жөнінде мекемелер кәсіпорындар және ұйымдардың қызметіне талдау жүргізуге жұмысты жақсарту жөнінде қажетті ұсыныстар беруге;

      8) "Сарыкөл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша экономика сұрақтары бойынша басшылық жасайтын аудан әкімінің орынбасарының келісімімен жиналысқа шақыруға;

      9) жергілікті басқару органдарының стратегиялық және перспективалық әлеуметтік- экономиқалық даму бағдарламасының жүзеге асырылуына бақылауды жүзеге асыруға;

      10) "Сарыкөл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелерді шешу жөніндегі ұсыныстарды аудан әкімдігі мен аудандық мәслихатының қарауына енгізуге;

      11) қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес мемлекеттік сатып алу мониторингін жүзеге асыруға;

      12) өз құзыреті шегінде мемлекеттік коммуналдық меншікке қатысты функцияларды жузеге асыруға;

      13) жергілікті бюджетті орындауда анықталған бұзу фактілері бойынша қаржылық бақылау объектілерінің лауазымды тұлғаларын тындауға;

      14) Президенттің, Үкіметтің және өзге де орталық атқарушы органдардың, облыс әкімі мен әкімдігінің, сондай-ақ аудан әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау;

      15) өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша сотта талапкер және жауапкер болуға құқығы бар.

      16. Функциялары:

      1) жоспарлауды, есептілікті және аудан бюджеттің орындалуын ұйымдастыру;

      2) аудан экономикасы қаржылық сауықтару бойынша аудан әкіміне ұсыныстар еңгізеді және іс- шаралар әзірлеуге қатысады;

      3) ауданның бюджеттік параметрлері – мен әлеуметтік- экономикалық даму болжамын әзірлеуге қатысады;

      4) ауданның экономикалық даму бағдарламаларын әзірлейді;

      5) мекемелердің, ұйымдардың бағдарламаларды, ағымдығы және орта мерзімдегі жоспарларды әзірлеу бойынша жұмысың ұйлестіреді және олардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

      6) жұмыс органы ретінде бюджеттік комиссия жұмысына қатысады;

      7) жергілікті бюджеттік бағдарламардың әкімшілеріге аудан бюджетінің шығын лимиттерін, соңдай ақ ауданның бюджеттік комиссиямен белгіленген алдағы үш жылдық кезеңге инвестициялық жобалардың аудан бюджетінен қаржыландыру тізбе мен қаржыландыру көлемін жеткізеді;

      8) аудан бюджет әкімгерлерінің өтініштерін қарайды, олар бойынша қорытынды жасайды;

      9) мәслихаттың ағымдағы қаржылық жылға жергілікті бюджетті бекіту асыру туралы, агымдағы қаржылық жылға жергілікті бюджеттің бекітуі мен мемлекеттік мекемелердің өтінімдері туралы жергілікті атқарушы орган актісіне сәйкес аудандық қаржыландыру жиынтық жоспарын бекітеді және өзгерістер енгізеді;

      10) бюджеттк қарыз алушылардың несиені тиімді пайдалануы мен қайтарылуына бақылау жүргізеді;

      11) мемлекеттік сатып алулар және мемлекеттік коммуналдық меншікті жалға алу есебін жүргізу бойынша мәселелердің мекемелердің жұмысын үйлестіреді;

      12) бір жолғы талондарды беру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

      13) өз құзыретті шегінде аудандық бюджет мекемелері қызметінің мониторингін жүзеге асырады;

      14) мемлекеттің ақшалай- несие саясатты және макроэкономикалық көрсеткіші негізінде аудан бюджетінің кірістері және шығыстары бойынша қысқа және орта мерзімді перспективасына ұсыныстар әзірлеу;

      15) қазастан Республиқасының облыс және ауданның әлеуметтік- экономиқалық даму жоспарлары негізінде алдағы жылдарға аудан бюджетінің жобасын құрыстырады;

      16) коммуналдық мүліктің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

      17) мемлекеттік мүліктің мақсатты пайдаланылуына және артық мүлікті алын қою, пайдаланбайтын немесе мақсатсыз пайдаланылатын мүлікті бақылауды жүзеге асырады;

      18) аудандық коммуналдық мүліктің жекешелендіруін жүзеге асырады, жекешелендіруге жататын аудандық коммуналдық мүліктің тізбесін қалыптастырады;

      19) акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің құрылтайшысы бола алады;

      20) аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалданушылыққа (жалға алу) жеке тұлғаларға, және мемлекеттік емес заңда тұлғаларға сонынан сатып алу құқығысыз, сонынан сатып алу немесе өтеусыз негізде шағын кәсіпкелік субъектілеріне меншікке тпсыру құқығымен сенімгерлік басқаруға ұсынады;

      21) реквизиттеліп отырған мүлік үшін ақшалай өтемді төлейді;

      22) мемлекеттік қажеттілігі үшін жер участкісін алып қоюға байланысты жер учаскісін немесе жылжымайтын мүлікті тапсыру кезіңде өтеулерін төлейді;

      23) мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке айналған, иесіз болып танылған, коммуналдық меншікке үндеу жасаған (түскен), аудандық коммуналдық мүліктің болашақтағы қолдауын және бағасын, сақталуын, есебін ұйымдастырады, сонымен қатар иесіз мүліктің, олжалардың, қадағаусыз жануарларға, коммуналдық меншікке тегін аударылған, құрамында заттары жоқ, мәдениетті құндылықтарға қатысты көмбе бөлігі;

      24) аудандық коммуналдық мүлік басқармасының сенім келісім шарты бойынша сенім басқарушы міндеттерінің орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

      25) мүлікті жалдау келісім шарт талаптарының немесе сенім басқармасының шағын кәсіпкерлік субъектілерінің орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

      26) ауданның коммуналдық мүлігін түгендеуді жүргізуді ұйымдастырады;

      27) мемлекеттік мекеме мүлігіне бекітілген алып тастауды немесе оны басқа да мемлекеттік заңды тұлғалары арасында қайта бөлуді жүзеге асырады;

      28) мемлекеттік мүлік болып табылатын мемлекеттік акциялар топтамасын қолдануды және иелену құқықтарын жүзеге асырады (жарғылық капиталдағы қатысу бөліктерімен);

      29) ауданның ауылдық елді мекендеріге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринарии мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асырады;

      30) мемлекеттік қызмет көрсету бойынша сонымен қатар олардың сапасын арттыру бойынша жұмысты жүзеге асырады;

      31) аудан бюджетіне ведомстволық бағынысты және аудан бюджетінен қаржыландырылатын тапсырыс берушілер үшін бюджет деңгейлерінің дербестік (араласпау) қағидатын сақтай отырып, тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      17. "Сарыкөл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшылығы бірінші жетекшісімен жүргізіледі ол "Сарыкөл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мәселелер мен функцияларын жүзеге асыруы бойынша арайы жауапкершілік тартады.

      18. "Сарыкөл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жетекшісі Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес аудан әкімімен лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады және тікелей оған бағынады.

      19. "Сарыкөл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекеме жетекшісінің орынбасарлары болады, олар Қазақстан Республикасының Заңнамасына сйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      20. "Сарыкөл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекеме жетекшісінің уәкілеттігі:

      1) "Сарыкөл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастыру және басқару "Сарыкөл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттері атқару және өз функцияларын жүзеге асыру кәсіби жауапкершілікті атқарады;

      2) "Сарыкөл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің штаттық кестесін және құрылымын бекітеді;

      3) "Сарыкөл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттілігін белгілейді;

      4) "Сарыкөл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметукерлерінің қызметке тағайндайды және босатады;

      5) "Сарыкөл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне заңнаммамен белгіленген тәртіпті тәртіптік жаза белгілейді және оларды шығарады;

      6) қолданыстағы заңнамаға сәйкес, "Сарыкөл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің барлық мемлекеттік мекемелерді және ұйымдарда ұсынады;

      7) жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуын "Сарыкөл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен қамтамасыз етеді;

      8) өз құзыреті шегінде гендрлық саясатты жүзеге асырады;

      9) жемқорлыққа қарсы әрекет жасау жұмысы бойынша жауапкершілік тартады;

      10) шешімдерді қабылдайды және оларды бастықтын немесе міндеттерді атқарушының бұйрықтарымен рәсімдейді.

      "Сарыкөл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жетешісі жоқ болған уақытында уәкілдігін әрекеттегі заңнамаға сәйкес оның орнын босатын тұлғаға орындау жүктеледі

      11) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      21. "Сарыкөл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жетекшісі орынбасалардың уәкілдігін әрекеттегі заңнамаға сәйкес анықтайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. "Сарыкөл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлігі болуы мумкін.

      "Сарыкөл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республиқасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптырады.

      23. "Сарыкөл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншігіне жатады.

      24. Егер заңнамада өзінше көзделмесе, "Сарыкөл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітіліген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Сарыкөл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республиқасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады