Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 14.09.2023 № 233 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабына, "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес "Мемлекеттік органдардың және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысымен Бейімбет Майлин ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындарын қайта атау туралы" Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 11 шілдедегі № 163 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулы 2-тармағының 2), 3), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11) тармақшалары жойылсын.
2. "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушыларғы көлігі және автомобиль жолдарының бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 24 тамыздағы № 187 қаулысы жойылсын.
3. "Бейімбет Майлин ауданының ауылдық округ, ауыл, кент аппараттарының ережелерін бекіту туралы" Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 11 шілдедегі № 166 қаулысы жойылсын.
4. "Белинский ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ережесін бекіту туралы" Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 4 қаулысы жойылсын.
5. "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге өзгерістер енгізу туралы" Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 61 қаулысы жойылсын.
6. "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге өзгеріс енгізу туралы" Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 13 қарашадағы № 303 қаулысы жойылсын.
7. "Калинин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережесін бекіту туралы" Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 10 қаңтардағы № 5 қаулысы жойылсын.
8. Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің мемлекеттік мекемелері туралы және Бейімбет Майлин ауданы ауылдық округтер Тобыл кенті әкімдері аппаратарының осы қаулыға 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19 қосымшаларына сәйкес ережелері бекітілсін.
9. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте осы қаулыға 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19 қосымшаларында көрсетілген мемлекеттік мекемелері:
1) осы қаулына аумақтық әділет органдарда мемлекеттік тіркеуді;
2) ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысында ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін, осы қаулының қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның филиалына электронды түрде жіберу;
3) осы қаулына оны ресми жарияланғанынан кейін қол қойылған күнінен бастап және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Костанай облысы бойынша филиалына жіберілген күнінен кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
10. Осы қаулының орындалуын бақылау "Бейімбет Майлин ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
11. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бейімбет Майлин ауданының әкімі | Қ. Мыржақыпов |
Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің | |
2022 жылғы 19 сәуірдегі | |
№ 128 қаулысымен | |
бекітілген |
"Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережесі
1. "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - экономика және қаржы бөлімі) экономикалық саясатты қалыптастыру және дамыту, мемлекеттік жоспарлау, бюджетті орындау, ауданның коммуналдық мүлкін басқару және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Экономика және қаржы бөлімі ведомстволары жоқ.
3. Экономика және қаржы бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Экономика және қаржы бөлімі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы қазақ тілінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Экономика және қаржы бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Экономика және қаржы бөлімі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Экономика және қаржы бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Экономика және қаржы бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Экономика және қаржы бөлімі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111700, Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданы, Әйет ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 53.
10. Осы Ереже Экономика және қаржы бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Экономика және қаржы бөлімінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттерінен жүзеге асырылады.
12. Экономика және қаржы бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен функциялары болып табылатын міндеттерді Экономика және қаржы бөлімі орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Экономика және қаржы бөліміне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
13. Міндеттері:
1) экономика саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;;
2) бюджеттік жоспарлау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
3) өңірлік даму саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
4) коммуналдық мүлікті басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
5) аудандық мәслихат шешімімен бекітілген, ақшалай қаржы шегіндегі бюджеттік бағдарламалардың кіріс және шығыс бойынша толық және уақытында орындалуына жіберілген іс-шараларды жүзеге асырады;
6) мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
14. Өкілеттіктері:
Құқықтары:
1) бөлімге жүктелген тапсырмалар мен функцияларды орындау үшін белгіленген тәртіпте аудан аймағында орналасқан олардың ведомстволық жағдайы мен меншік нысанына қарамастан ұйымдар мен кәсіпорындар, мекемелерден, селолық округ әкім аппараттарынан қажетті ақпараттарды алуға;
2) өз құзыреті шегінде құқықтық актілерді шығаруға;
3) аудан әкімдігіне әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар енгізу;
4) жергілікті атқарушы органдардың шешімдері бойынша секвестр тағайындалатын бюджеттік бағдарлама (шағын бағдарлама) бойынша төлемдердің төленуін тоқтатуға;
5) істерді айқындау және көмек көрсету үшін жергілікті жердегі басқа да бөлімдердің мамандарын тарту;
6) экономика және қаржы бөлімінің құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтер бөлігінде жеке тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу;
7) сот органдарында "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асырады.
Міндеттері:
1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарға ақпараттық-талдау материалдарын дайындау және ұсыну;
2) көрсетілетін мемлекеттік қызметтің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету;
3) өз қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларына сәйкес жүзеге асыру.
15. Функциялары:
1) Бейімбет Майлин ауданының аумағын даму бағдарламасын әзірлейді;
2) Бейімбет Майлин ауданының аумағын даму бағдарламасына мониторинг жүргізеді;
3) "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппаратарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік қызметін көрсету;
4) облыстың әлеуметтік – экономикалық даму болжамын есептегенде жергілікті бюджетке түсімдерді болжамдайды;
5) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығындарының шектелімін (лимиттерін), облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының болжалдық көрсеткіштері негізінде жаңа бастамалар шектелімін, бюджеттік қаражаттарды шығындаудың басым бағыттарын, жоспарлы кезеңге аудан бюджеті тапшылығының мөлшерін анықтау;
6) бюджеттік өтінімдер мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының бюджеттік заңнамаларға сәйкестігін қарастыру, бюджеттік өтінімдер және бюджеттік бағдарламалар жобалары бойынша қорытынды шығару және оларды қарастыру үшін Таран ауданының бюджеттік комиссиясына жіберу;
7) үш жылдық мерзімге аудан бюджеттінің жобасын құрастыру және тиісті қаржылық жылға бюджетті нақтылау, түзету жасау бойынша ауданның бюджеттік комиссиясының қарастыруына ұсыныс енгізу;
8) бюджеттік мониторингін жүзеге асыру;
9) жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың эконогмикалық қорытындыларын, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар анықтайтын заңды тұлғалардың экономикалық сараптау қорытындысы негізінде, дамуға арналған нысаналы трансферттер мен республикалық бюджеттен кредиттер есебінен қаржыландыруға жоспарланатын жобаларды әзірлеу;
10) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік инвестициялық жобаларын қарастыру және олар бойынша экономикалық қорытынды жіберу;
11) жергілікті бюджет қаражаты есебінен заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы жүзеге асыруға жоспарланып отырған бюджеттік инвестициялардың экономикалық сараптамасын жасау;
12) өз құзіреті шегінде аудандық коммуналдық мүлікті басқару саласында реттейтін қатынас нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
13) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалға (жалдауға), сенімгерлік басқаруға береді;
14) коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен), Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" белгіленген тәртіппен иесі жоқ деп танылған, мемлекетке мұрагерлік құқығы бойынша өткен аудандық коммуналдық мүліктің, сондай-ақ Заңда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" коммуналдық меншікке өтеусіз өткізілген иесіз қалған мүліктің, олжаның, қараусыз қалған жануарлардың, құрамында мәдени құндылықтарға жататын зат жоқ көмбелердің үлестерін есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастырады;
15) сенімгерлікпен басқарушының аудандық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауын бақылауды жүзеге асырады;
16) аудандық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын әзірлеу мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
17) шағын кәсіпкерлік субъектілерінің мүліктік жалдау (жалға беру) келісімшартының немесе сенімді басқару шарттарын орындауларына бақылау жасау;
18) егер Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңымен басқасы қарастырылмаса, тиісті саланың өкілетті органдарымен келісім бойынша мемлекеттік мекемеге тіркелген мүлікті алу немесе оны басқа да мемлекеттік заңды тұлғалар арасында қайта бөлу;
19) мемлекеттік мүлікті коммуналдық мүлікті жергілікті мемлекеттік басқарудың бір деңгейінен келесісіне беру туралы шешім қабылданғаннан кейін тапсыратын және қабылдайтын тараптардың өкілетті лауазымды тұлғаларының қолдары қойылған өткізу актін бекіту;
20) мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы болады, уәкілетті орган айқындайтын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің тізбесі бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асырады;
21) тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге ұсынған тапсырмасын қарайды;
22) тапсырыс беруші ұсынған мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын тапсырма негізінде конкурстық құжаттаманы әзірлейді және бекітеді;
23) конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;
24) конкурстық комиссияның құрамын айқындайды және бекітеді;
25) мемлекеттік сатып алу веб-порталына мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыру орналастырады;
26) конкурстық құжаттаманың ережесін түсіндіреді;
27) мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде тіркелген, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына және (немесе) конкурстық құжаттаманың техникалық ерекшелігіне конкурстық құжаттаманы алған тұлғалардың тізіліміне енгізілген тұлғалардан тапсырыс берушінің ұсыныстарын және ескертулерін жолданады;
28) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.
3-тарау. Мемлекеттік органның басшысының мәртебесі және өкілеттіктері
16. Экономика және қаржы бөлімі басшылықты Экономика және қаржы бөлімі мекемеде жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
17. Экономика және қаржы бөлімінің басшысын Бейімбет Майлин аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
18. Экономика және қаржы бөлімінің басшысы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
19. Экономика және қаржы бөлімі басшысының өкілеттігі:
1) экономика және қаржы бөлімінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады;
2) орынбасар мен басқа да қызметкерлердің өкілеттігі мен міндеттерін айқындайды;
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы бойынша қабылдамаған шараларға жеке жауапкершілік атқарады;
4) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес экономика және қаржы бөлімінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бөлім қызметкерлеріне тәртіптік жазалар салады;
6) Экономика және қаржы бөлімінің қызметкерлеріне орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
7) Экономика және қаржы бөлімінің құрылымын бекітеді;
8) секторлар туралы ережелерді және экономика және қаржы бөлімі қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
9) өз құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
Экономика және қаржы бөлімі басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы басшының бұйрығымен сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
20. Басшы өз орынбасарының өкілеттігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
21. Экономика және қаржы бөлімі Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңымен көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
Экономика және қаржы бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. Экономика және қаржы бөліміне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңымен көзделмесе, Экономика және қаржы бөлімі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей түсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
24. Экономика және қаржы бөлімінің қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.