Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 6 мамырдағы № 147 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17, 69-баптарына, "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 25 шілдедегі № 439 қаулысына сәйкес Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымша бойынша "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін:

      Бейімбет Майлин ауданының Асенкритов ауылдық округінің аумағында орналасқан, кадастрлық нөмірі 12-183-023-135, жалпы алаңы 1,43 гектар су тарту ұңғымаларын төсеу және қызмет көрсету үшін;

      Бейімбет Майлин ауданының Асенкритов ауылдық округінің аумағында орналасқан, кадастрлық нөмірі 12-183-023-135, жалпы ауданы 0,1713 гектар магистральдық желілерді төсеу және қызмет көрсету үшін.

      2. "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесімен Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде осы қаулының қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына жіберу;

      2) қол қойылған күнінен бастап осы қаулыны Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыру және ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына жіберу.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына Бейімбет Майлинге жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бейімбет Майлин ауданының әкімі Қ. Мыржақыпов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады