"ERG Exploration" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жариялық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 307 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабына, 69-бабы 4-тармағының 10) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "ERG Exploration" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 2028 жылғы 12 мамырға дейінгі мерзімге жер учаскесіне жариялық сервитут белгіленсін:

      Бейімбет Майлин ауданының Әйет ауылдық округі, аумағында орналасқан, жалпы ауданы 416,7 гектар, қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін.

      2. "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде осы қаулының қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына жіберу;

      2) қол қойылған күнінен бастап осы қаулыны Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет – ресурсына орналастыру және ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына жіберу.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Бейімбет Майлин ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бейімбет Майлин ауданының әкімі Қ. Мыржақыпов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады