"Ұзынкөл аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы" әкімдіктің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы № 193 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 42 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Әкімдіктің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы № 193 "Ұзынкөл аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы" қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      "Ұзынкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Ұзынкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) жоғарыда көрсетілген Ережені заңнамада белгіленген тәртіппен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;

      2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы әділет Министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына жолдауды қамтамасыз етсін;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Ұзынкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ұзынкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ұзынкөл ауданының әкімі М. Сандыбаев

  Ұзынкөл
  ауданы әкімдігінің
  2022 жылғы _______________
  №____ қаулысымен
  бекітілген

"Ұзынкөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

      1. "Ұзынкөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі- мекеме) Ұзынкөл ауданының халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Мекеменің ведомствосы бар:

      1) "Ұзынкөл ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      3. Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай – ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Мекеме мемлекеттік мекеменің ұйымдық – құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның нышандары мен айырым белгілері (олар болған кезде), қазақ және орыс тілдерінде бейнеленген мөрлері, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Мекеме азаттық – құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Мекеме, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық – құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Мекеме өз құзіретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен шешімдер, ресімделген бұйрықтар және мекеме мен мекеме басшысы және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілер қабылдайды.

      8. Мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Ұзынкөл ауданы, Ұзынкөл ауылы, Абылай хан атындағы көшесі, 53 үй, пошта индексі 111800.

      10. Осы Ереже мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Мекеменің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.

      12. Мекемеге кәсіпкерлік субъектілермен Мекеменің өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер мекемеге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

Тарау 2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері

      13. Міндеттері:

      1) Ұзынкөл ауданы халқының әл – ауқатын және өмір сүру сапасын арттыру мақсатында еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласында өңірлік саясатты қалыптастыру және іске асыру;

      2) Ұзынкөл ауданының аумағында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласындағы жергілікті мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыру;

      3) Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек ұйымдастыруды қамтамасыз ету, мүгедектерді есепке алу, кешенді оңалту және материалдық қамтамасыз ету, аз қамтылған отбасылардың және 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасылардың әл – ауқатын арттыру, жұмыссыз халықты тиімді жұмыспен қамту үшін шаралар кешенін қамтамасыз ету, арнаулы әлеуметтік қызметтерді қамтамасыз ету;

      4) Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік көмекпен қамту, мүгедектердің өмір сүру сапасын жақсарту, жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты теңестіру, кедейлік пен жұмыссыздық деңгейін төмендету, психоневрологиялық аурулары бар бірінші және екінші топтағы мүгедектерді, қарттар мен бірінші, екінші топтағы мүгедектерді, даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамту.

      14. Өкілеттіктер:

      1) құқық:

      - мемлекеттік мекеменің мүдделерін ұсыну;

      - өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу;

      - қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру;

      2) міндеттері:

      - Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;

      - Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс әкімінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай – ақ аудан әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын мерзімінде сапалы орындау.

      15. Функциялар:

      1) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша халықтың хабардарлығын арттыру;

      2) мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтер көрсету, сондай – ақ мемлекеттік қызметтер көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету;

      3) еңбек нарығындағы жағдайды талдау және болжау;

      4) азаматтардың жұмыссыздықтан қорғалу құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету;

      5) арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз ету;

      6) Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы шешім қабылдау;

      7) мүгедектерді санаторлық- курорттық сауықтыруды және кешенді оңалтуды ұйымдастыру, мүгедектердің, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін әлеуметтік қолдау көрсету;

      8) мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасын орындау;

      9) мүгедек балаларды әлеуметтік қорғау және материалдық қамтамасыз ету мәселелері бойынша білім беру, денсаулық сақтау уәкілетті органдарымен өзара іс- қимыл жасау;

      10) кедейлік деңгейінің мониторингі;

      11) аз қамтылған халықты жұмысқа орналастыру үшін шаралар кешенін ұйымдастыру;

      12) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын, он сегіз жасқа дейінгі балалары бар отбасыларды әлеуметтік қолдау;

      13) мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау және кеңес беруді жүзеге асыру.

Тарау 3. Мәртебесі мемлекеттік органның бірінші басшысының өкілеттіктері

      16. Мекемеге басшылықты мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      17. Мекеменің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      18. Мекеменің бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) бөлім қызметін ұйымдастыруды және жалпы басшылықты жүзеге асырады;

      2) жеке және заңды тұлғалардың жазбаша және ауызша өтініштерін уақтылы қарауды қамтамасыз етеді;

      3) жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке мәселелері бойынша қабылдауды жүзеге асырады;

      4) мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты жұмыстарды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

      5) мемлекеттік қызмет, халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту туралы заңнаманың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      6) бөлім жоспарларының жобаларын әзірлейді және бекітеді;

      7) бюджет қаражатының мақсатты және уақтылы жұмсалуын бақылауды қамтамасыз етеді.

      Мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

Тарау 4. Мемлекеттік органның мүлкі

      19. Мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін. Мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай – ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен қалыптастырылады.

      20. Мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мекеменің қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған, кемітіп бекітілген мүлікті және мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

Тарау 5. Мемелекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      30. Мекені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      "Ұзынкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі":

      1. "Ұзынкөл ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады