"Павлодар облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Жаңа

Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 16 ақпандағы № 44/1 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 124-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 65-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" № 590 қаулысына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Павлодар облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. Павлодар облысы әкімдігінің 2018 жылғы 2 наурыздағы "Павлодар облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 83/2 қаулысының күші жойылсын.

      3. "Павлодар облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары О.П. Крукқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Ә. Сқақов

  Павлодар облысы әкімдігінің
2022 жылғы "___" ________
№ _______қаулысымен
бекітілді

"Павлодар облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

      1. Жалпы ережелер

      1. "Павлодар облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – "Павлодар облысының еңбек басқармасы" ММ) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын, Павлодар облысының аумағында Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау саласындағы функцияларды жүзеге асыруға әкімдік уәкілдік берген мемлекеттік орган болып табылады.

      2. "Павлодар облысының еңбек басқармасы" ММ-нің ведомстволары жоқ.

      3. "Павлодар облысының еңбек басқармасы" ММ өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Павлодар облысының еңбек басқармасы" ММ ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. "Павлодар облысының еңбек басқармасы" ММ азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. "Павлодар облысының еңбек басқармасы" ММ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. "Павлодар облысының еңбек басқармасы" ММ өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Павлодар облысының еңбек басқармасы" ММ басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Павлодар облысының еңбек басқармасы" ММ құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. "Павлодар облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140000, Павлодар қаласы, Астана көшесі, 153.

      10. "Павлодар облысының еңбек басқармасы" ММ-нің жұмыс тәртібі: дүйсенбі-жұма сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.

      11. Мемлекеттік мекеменің толық атауы:

      мемлекеттік тілде: "Павлодар облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесі;

      орыс тілінде: государственное учреждение "Управление труда Павлодарской области".

      12. Мемлекет Павлодар облысының әкімдігі тұлғасында "Павлодар облысының еңбек басқармасы" ММ құрылтайшысы болып табылады.

      13. Осы Ереже "Павлодар облысының еңбек басқармасы" ММ құрылтай құжаты болып табылады.

      14. "Павлодар облысының еңбек басқармасы" ММ қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.

      15. "Павлодар облысының еңбек басқармасы" ММ кәсіпкерлік субъектілерімен "Павлодар облысының еңбек басқармасы" ММ функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер "Павлодар облысының еңбек басқармасы" ММ заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

      2. "Павлодар облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мақсаттары мен өкілеттіктері

      16. "Павлодар облысының еңбек басқармасы" ММ мақсаты еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік саясатты жүргізу болып табылады.

      17. "Павлодар облысының еңбек басқармасы" ММ қызметінің мәні тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде еңбек қатынастары саласындағы өкілеттіктерді жүзеге асыруға бағытталған іс-шараларды іске асыру болып табылады.

      18. Мақсаттары:

      1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;

      2) қауіпсіз еңбек жағдайларына құқықты қоса алғанда, жұмыскерлердің құқықтары мен бостандықтарының сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету;

      3) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мәселелері бойынша жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өтініштерін, арыздарын және шағымдарын қарау.

      19. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуына тексерулер жүргізу мақсатында жұмыс берушілерге кедергісіз бару;

      жұмыс берушілерден, жұмыскерлерден (олардың өкілдерінен) жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті құжаттарды, түсініктемелерді, ақпаратты сұрату және алу;

      жұмыс берушілер орындауға міндетті нұсқамалар, қорытындылар беру, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар мен қаулылар жасау, әкімшілік жазалар қолдану;

      құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер беру;

      ұйымдардың, жекелеген өндірістердің, цехтардың, учаскелердің, жұмыс орындарының қызметі және жабдықтардың, тетіктердің пайдаланылуы Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда, оларды бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге, көрсетілген мерзімде міндетті түрде сотқа талап арыз бере отырып, тоқтата тұру (тыйым салу);

      жұмыс орындарында белгіленген талаптарға сай келмейтін арнайы киім мен басқа да жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарын беруге және пайдалануға тыйым салу;

      еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды белгіленген тәртіппен тергеп-тексеру;

      еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқудан, нұсқау беруден, білімін тексеруден өтпеген еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты қызметкерлерді, басшыларды және адамдарды жұмыстан шеттетуге, сондай-ақ кінәлі адамдарды жауаптылыққа тартуға жұмыс берушілер орындауға міндетті нұсқамалар беру;

      Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу, мемлекеттік еңбек инспекторларының актілерін жұмыс берушілердің орындамауы фактілері бойынша ақпаратты, талап арыздарды және өзге де материалдарды тиісті құқық қорғау органдарына және соттарға жіберу;

      еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдардың білімін тексеруге қатысу;

      жұмыс берушілердің Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасында және Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасында белгіленген шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібі мен шарттарын сақтауы тұрғысынан тексеру жүргізу;

      Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде азаматтармен және қызметкерлердің өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

      2) міндеттері:

      Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

      Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын тексеруді уақтылы және сапалы жүргізу;

      Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жою жөнінде шаралар қабылдау мақсатында осындай бұзушылықтар туралы жұмыс берушілерді (олардың өкілдерін) хабардар ету;

      Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану мәселелері бойынша қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өтініштерін уақтылы қарау;

      Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының бұзылуына әкеп соғатын себептер мен мән-жайларды анықтау, оларды жою және бұзылған еңбек құқықтарын қалпына келтіру жөнінде ұсынымдар беру;

      еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруге қатысу;

      еңбек заңнамасының бұзылу себептерін жинауды, талдауды және қорытуды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының бұзылуының алдын алу жөніндегі жұмысты күшейтуге бағытталған іс-шараларды әзірлеу мен қабылдауға қатысу;

      еңбек міндеттерін орындауға байланысты өздеріне мәлім болған мемлекеттік құпияларды қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеу;

      Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану мәселелері бойынша түсіндіру жұмысын жүргізу;

      20. Функциялары:

      1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      2) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      3) жұмыс берушілер ұсынған ұжымдық шарттардың мониторингін жүзеге асыру;

      4) өндірістік жарақаттанудың себептеріне талдау жүргізу және оның профилактикасы жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

      5) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік актілерінде белгіленген тәртіппен тергеп-тексеру;

      6) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормативтерін жетілдіру мәселелері бойынша жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау;

      7) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша жұмыскерлердің, жұмыс берушілердің және олардың өкілдерінің өтініштерін қарау;

      8) өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау мониторингін жүзеге асыру;

      9) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі жөніндегі ақпараттық жүйе негізінде кезеңдік есептерді, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жай-күйі мониторингінің нәтижелерін ұсыну;

      10) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексерулер кестелерін әзірлеу және бекіту;

      11) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша ұжымдық еңбек дауларының мониторингін жүргізу;

      12) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға еңбек қатынастары бойынша қажетті ақпарат беру;

      13) жұмыс берушінің қызметін декларациялауды жүзеге асыру;

      14) "Павлодар облысының еңбек басқармасы" ММ қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру;

      15) "Павлодар облысының еңбек басқармасы" ММ мемлекеттік кадр саясатын іске асыру;

      16) "Павлодар облысының еңбек басқармасы" ММ мемлекеттік тілді дамыту және іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу;

      17) "Павлодар облысының еңбек басқармасы" ММ құжаттамалық қамтамасыз ету жүйесін ұйымдастыру, жүргізу және жетілдіру;

      18) Қазақстан Республикасының заңнамасымен "Павлодар облысының еңбек басқармасы" ММ жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

      3. "Павлодар облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      21. "Павлодар облысының еңбек басқармасы" ММ-ге басшылықты "Павлодар облысының еңбек басқармасы" ММ-ге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      22. "Павлодар облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Павлодар облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      23. "Павлодар облысының еңбек басқармасы" ММ бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) "Павлодар облысының еңбек басқармасы" ММ жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылықты жүзеге асырады;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Павлодар облысының еңбек басқармасы" ММ қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      3) "Павлодар облысының еңбек басқармасы" ММ қызметкерлерінің функциялары мен өкілеттіктерін айқындайды;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "Павлодар облысының еңбек басқармасы" ММ қызметкерлерін көтермелеуді, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жазалар қолдануды жүзеге асырады;

      5) "Павлодар облысының еңбек басқармасы" ММ барлық қызметкерлері орындауға міндетті, өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      6) "Павлодар облысының еңбек басқармасы" ММ құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді, оның қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес меншік нысанына қарамастан барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда "Павлодар облысының еңбек басқармасы" ММ атынан өкілдік етеді;

      8) "Павлодар облысының еңбек басқармасы" ММ құрылымдық бөлімшелері басшыларының қатысуымен кеңестер өткізеді;

      9) "Павлодар облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымын әзірлеуді қамтамасыз етеді;

      10) "Павлодар облысының еңбек басқармасы" ММ жұмыс жоспарларын бекітеді;

      11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және ол үшін дербес жауапты болады.

      "Павлодар облысының еңбек басқармасы" ММ басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

      24. "Павлодар облысының еңбек басқармасы" ММ мен коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган (облыстың жергілікті атқарушы органы) арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      25. "Павлодар облысының еңбек басқармасы" ММ мен тиісті саланың уәкілетті органы арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      26. "Павлодар облысының еңбек басқармасы" ММ әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынас мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес айқындалады.

      4. "Павлодар облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      27. "Павлодар облысының еңбек басқармасы" ММ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      "Павлодар облысының еңбек басқармасы" ММ мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      28. "Павлодар облысының еңбек басқармасы" ММ-не бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.

      29. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Павлодар облысының еңбек басқармасы" ММ өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

      5. "Павлодар облысының еңбек басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      30. "Павлодар облысының еңбек басқармасы" ММ қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады