Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 124-бабына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 65-бабы 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" № 590 қаулысына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – ММ) туралы ереже бекітілсін.
2. Мыналардың:
Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 23 тамыздағы "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 261/6 қаулысының;
Павлодар облысы әкімдігінің 2021 жылғы 12 қаңтардағы "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 12/1 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. "Павлодар облысының дін істері басқармасы" ММ заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.А. Құрмановаға жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Сқақов |
Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы "___" ____________ №____ қаулысымен бекітілді |
"Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі Павлодар облысының аумағында дін саласындағы қызметті жүзеге асыруға Павлодар облысы әкімдігімен уәкілеттік берілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140000, Павлодар қаласы, Әлихан Бөкейхан көшесі, 202/5-үй.
10. "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі: дүйсенбі-жұма күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.
11. Мемлекеттік органның толық атауы: мемлекеттік тілде - "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі; орыс тілінде - государственное учреждение "Управление по делам религий Павлодарской области".
12. Мемлекет Павлодар облысы әкімдігінің тұлғасында "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
13. Осы Ереже "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
14. "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
15. "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің өкілеттілігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің міндеттері мен өкілеттіктері
16. Міндеттері:
1) облыстық деңгейде дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) Қазақстан Республикасының "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Заңының орындалуын ұйымдастыру және бақылауды қамтамасыз ету;
3) басқармаға жүктелген өзге де міндеттер.
17. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
облыс әкімдігі мен әкімінің қарауына облыстық деңгейде дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету және дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар енгізу;
"Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің алдына қойылған міндеттерді орындауға байланысты мәселелер бойынша қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа да материалдарды өтеусіз негізде мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан сұрату және алу;
жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын өзге де атқарушы органдардың мамандарын олардың басшыларының келісімімен жұмысқа тарту;
барлық мекемелермен, мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және кәсіпорындармен дін мәселелері бойынша өзара әрекет ету;
өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасау;
"Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің және "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың құрылымдық бөлімшелері бойынша ұсынымдарды әзірлеу;
қолданыстағы заңнамалық актілермен көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;
2) міндеттері:
"Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүддесін барлық мемлекеттік, әкімшілік органдарда, мекемелерде, ұйымдарда, сондай-ақ сот және құқық қорғау органдарында білдіру;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру;
облыс әкімдігі мен әкімінің актілерінде, өзге де нормативтік құқықтық актілерде көзделген жағдайларда, акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі қатысу үлестерін, мемлекеттік заңды тұлғалардың құқық субъектісін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыру.
18. Функциялары:
1) облыстағы діни ахуалды, өңірде жұмыс істеп тұрған діни бірлестіктер мен миссионерлердің, рухани (діни) білім беру ұйымдарының қызметін зерделеуді және талдауды жүргізу, уәкілетті органға белгіленген нысандағы ақпаратты, сондай-ақ статистикалық есептерді ұсыну;
2) уәкілетті органға Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
3) құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзған жеке және заңды тұлғалардың қызметіне тыйым салу жөнінде ұсыныстар енгізу;
4) "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыреті бойынша жеке және заңды тұлғалардың жазбаша, ауызша, сондай-ақ әлеуметтік желілер арқылы келіп түскен өтініштерін қарау;
5) "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша жергілікті деңгейде түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
6) "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыс әкімдігі мен әкімінің актілері жобаларын әзірлеу;
7) діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы стационарлық үй-жайлардың орналастырылуын бекіту;
8) ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізу туралы діни бірлестіктер берген хабарламаларды қарайды;
9) ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім қабылдау;
10) діни бірлестіктер құратын бастамашы-азаматтардың тізіміне тексеру жүргізу;
11) Павлодар облысының аумағында миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеу;
12) "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінде ақпараттық қор жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
13) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесі үшін жергілікті атқарушы органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де құзыреттерді жүзеге асыру;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
3. "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметіне басшылық ету
19. "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.
20. "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
21. "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады, оның қызметін басқаруды жүзеге асырады;
2) облыс әкімдігіне "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеге өзгерістер енгізу туралы жобаларды бекіту үшін ұсынады, оның құрылымы мен штаттары бойынша ұсыныстар енгізеді;
3) "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі және "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдар қызметкерлерінің функциялары мен өкілеттіктерін айқындайды;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті, өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы шегінде өзгерістер жүргізеді;
7) "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын бақылайды;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелеуді, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жазалар қолдануды не алып тастауды жүзеге асырады;
9) "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдар туралы ережелерді, олардың қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
10) облыс әкімінің, әкімдігінің актілерінің және оның тапсырмаларының орындалуын бақылау жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
11) облыс әкімі мен әкімдігі актілерінің жобаларын, сондай-ақ облыс әкіміне жолданатын өзге де құжаттар мен материалдарды облыс әкіміне қол қоюға және қарауға ұсынады;
12) "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінде ішкі еңбек тәртібін белгілейді;
13) "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қаржыландыру жоспарын бекітеді және оның шегінде қаржы қаражатын басқарады;
14) өз құзыреті шегінде қызметтік құжаттамаларға қол қояды;
15) "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметшілерін қызметтік іссапарларға жібереді;
16) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
17) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес меншік нысанына қарамастан барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің атынан өкілдік етеді;
18) "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
19) "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін, "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың басшыларын тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелерін қарайды;
20) "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің перспективті және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;
21) "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылданбауы үшін дербес жауап береді.
22. "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
23. "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган (облыстың жергілікті атқарушы органы) арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
24. "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі мен тиісті саланың уәкілетті органы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
25. "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынас мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес белгіленеді.
4. "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі
26. "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
27. "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.
"Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
28. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
29. "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
6. "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
30. "Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.