Павлодар облысы Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақсу қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 26 мамырдағы “Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы” № 387/3 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген “Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесі ережесіндегі 18-тармақ мынадай мазмұндағы 18-1 тармақшамен толықтырылсын:
“18-1) жергілікті бюджетте қаражат болған кезде елді мекенге бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көп пәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыруға құқылы;”.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы М.Б. Зеновке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Н. Дүйсенбинов |
Бекітілген Ақсу қаласы әкімдігінің қаулысымен 2022 жылғы "8"қыркүйек № 662/5 |
Ақсу қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 26 мамырдағы “Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің Ережеcін бекіту туралы” № 387/3 қаулысына толықтыру енгізу туралы
18. Функциялар:
18-1) жергілікті бюджетте қаражат болған кезде елді мекенге бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көп пәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыруға құқылы.