Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібін бекіту және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 157/22 шешімі. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2023 жылғы 20 қыркүйектегі № 54/7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 20.09.2023 № 54/7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес, Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қоса беріліп отырған Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі бекітілсін.

      2. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы үш адамнан аспайтын мөлшерінде бекітілсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақсу қалалық мәслихатының хатшысы М. Омаргалиев

  Ақсу қалалық мәслихатының
2022 жылғы 29 сәуірдегі
№ 157/22 шешімімен
бекітілген

Ақсу қаласы Мәмәйіт Омарова атындағы ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

      1. Осы Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес әзірленді және Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінің аумағындағы ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізу тәртібін белгілейді.

      2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдық округтің аумағы Еңбек, Дөнентаев ауылы, Көктерек, Кұркөл, Мәмәйіт Омаров атындағы ауыл, Сырлықала ауылдарына бөлінеді.

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округтің әкімі шақырады және ұйымдастырады.

      5. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы ауылдық округ әкімі бұқаралық ақпарат құралдары, Instagram және WhatsApp

      әлеуметтік желілер арқылы олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.

      6. Ауылдар шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

      7. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында ауылдың қатысып отырған және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 1-тармағына сәйкес қатысуға құқығы бар тұрғындарының тіркеуі жүргізіледі.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

      9. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Ақсу қалалық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.

      10. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардның ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      11. Жергілікті қоғамдастиықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округі әкімінің аппаратына 3 жұмыс күні ішінде беріледі.

  Ақсу қалалық
мәслихатының 2022 жылғы
29 сәуірдегі № 157/22
шешіміне қосымша

Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

№ р/н

Елді мекеннің атауы

Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

1.

Дөнентаев ауылы

2

2.

Еңбек ауылы

3

3.

Көктерек ауылы

1

4.

Кұркөл ауылы

3

5.

Мәмәйіт Омаров атындағы ауыл

3

6.

Сырлықала ауылы

2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады