"Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Жаңа

Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 14 маусымдағы № 487/6 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" № 590 қаулысына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.

      2. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 15 желтоқсандағы "Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 1484/12 қаулысының күші жойылсын.

      3. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 19 маусымдағы "Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесіне өзгерістер енгізу туралы" № 572/6 қаулысының күші жойылсын.

      4. "Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Екібастұз қаласының әкімі А. Кантарбаев

  Екібастұз
қаласы әкімдігінің
2022 жылғы "14" маусымдағы
№ 487/6 қаулысымен
бекітілді

"Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1-бөлім. Жалпы ережелер

      1. "Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) тұрғын үй қатынастары туралы заңнаманың, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарын реттеу саласындағы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету бойынша басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Мемлекеттік мекемеде ведостволар жоқ.

      3. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Мемлекеттік мекеме мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Мемлекеттік мекеме, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Мемлекеттік мекеме өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 141200, Екібастұз қаласы, Энергетиктер көшесі, 62-құрылыс.

      10. Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі: дүйсенбі-жұма сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.

      11. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы Екібастұз қаласының әкімдігі болып табылады.

      12. Осы Ереже мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.

      13. Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.

      14. Мемлекеттік мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік мекеменің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер мемлекеттік мекемеге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, онда алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-бөлім. "Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары" мемлекеттік мекемесінің міндеттері мен өкілеттіктері

      15. Міндеттері:

      1) Екібастұз қаласында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      2) қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары объектілерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;

      3) қалалық деңгейде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік кепілдіктерді қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды іске асыру;

      4) мемлекеттік тұрғын үй қорын, қаланың коммуникацияларын сақтау;

      5) заңнамаға сәйкес мемлекеттік тұрғын үйлердегі инженерлік коммуникациялардың жарамды жай-күйін және олардың пайдалануға, оның ішінде күзгі-қысқы кезеңде дайын болуын қамтамасыз ету болып табылады;

      6) инженерлік инфрақұрылым және коммуналдық тұрғын үй қоры объектілерін жөндеу;

      7) қаланың заманауи бейнесін жасау, көгалдандыру және көркейту;

      8) жолаушылар тасымалын ұйымдастыру;

      9) автомобиль жолдарын сақтау, қолдау және олардың жай-күйін жақсарту болып табылады.

      16. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттерді орындау үшін барлық меншік нысанындағы шаруашылық жүргізуші субъектілерден (келісім бойынша), жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан ақпарат сұрату және алу;

      талап қою және соттарда дербес және өкіл арқылы мемлекеттік мекеменің функцияларына байланысты істер бойынша талап қоюшы, жауапкер, куә ретінде сөз сөйлеу;

      облыстық деңгейде шешілуі қамтамасыз етілетін міндеттерді іске асыруға байланысты ұсыныстарды облыстық мемлекеттік органдарға енгізу;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да құқықтарды жүзеге асыру.

      2) міндеттері:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтау;

      заңнамада белгіленген тәртіппен салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу;

      өз міндеттемелері бойынша жауап беру және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауап беру;

      мемлекеттік органның құзыретіне жататын мәселелер бойынша азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру, азаматтардан келіп түсетін ұсыныстар мен өтініштерді қарау және олар бойынша шешім қабылдау;

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

      17. Қызметтері:

      1) заңнамаға сәйкес тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және абаттандыру саласындағы мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру;

      2) тұрғын үй-коммуналдық саладағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тарифтерін қарауға қатысу;

      3)коммуналдық меншіктегі қаланың мемлекеттік тұрғын үй қорының және инженерлік коммуникацияларының сақталуын ұйымдастыру, олардың ұсталуына (қолданылуына, пайдаланылуына) бақылау жасау;

      4) жерлеу орындарын күтіп-ұстау және туысы жоқ адамдарды жерлеу;

      5) елді мекендерде көшелерді жарықтандыру;

      6) қаланы абаттандыру және көгалдандыру;

      7) елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету;

      8) автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

      9) коммуналдық меншіктегі сумен жабдықтау объектілерін, тазарту, сорғыту жүйелерін, кәріз, жылу және электр желілерін жөндеу;

      10) қалада жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асыру;

      11) конкурста жеңіп шыққан мердігер ұйымдардың жұмыстарды уақтылы және сапалы орындауын бақылау, орындалған жұмыстарды қабылдау;

      12) жолаушылар мен багажды қоғамдық көлікпен қалалық тасымалдауды ұйымдастыру және реттеу және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар өткізу;

      13) тұрғын үй-коммуналдық және өндірістік салаларды дамыту және реформалау бойынша бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халық арасында түсіндіру және ақпараттық жұмыстарды жүргізу;

      14) мемлекеттік қызметтік тұрғын үйді түгендеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

      15) мемлекеттік қызметтік тұрғын үйді есепке алу және бөлу;

      16) қызметтік жалдау шарттарын жасасу;

      17) мемлекеттік тұрғын үйді пайдаланғаны үшін ақы төлеу жөніндегі берешектерді сот тәртібімен өндіріп алу жөнінде шаралар қабылдау;

      18) ведомстволық бағынысты заңды тұлғаларды басқару мәселелері бойынша актілер әзірлеу, олардың іске асырылуын қамтамасыз ету;

      19) мемлекет қатысатын ведомстволық бағынысты кәсіпорындар мен ұйымдардың даму жоспарларының орындалуын қарау, келісу, бекіту, бақылау және талдауды жүзеге асыру, олардың орындалуы бойынша есептер;

      20) ведомстволық бағынысты ұйымдар мүлкінің пайдаланылуы мен сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

      21) коммуналдық меншікті басқару жөніндегі уәкілетті органға ведомстволық бағынысты ұйымдардың мүлкін алып қоюға немесе қайта бөлуге келісім беру;

      22) мемлекеттік қатысу үлесі оған иеленуге және пайдалануға берілген, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің байқаушы кеңесінің құрамына ұсыныстар енгізу немесе өз өкілін тағайындау;

      23) мәліметтерді, оның ішінде өзінің басқаруындағы мемлекеттік заңды тұлғалардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың атаулы тізбесін, бұл мәліметтерді мемлекеттік мүлік тізілімінде көрсету үшін дайындау;

      24) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;

      25) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

3-бөлім. "Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі

      18. Мемлекеттік мекемеге басшылықты мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      19. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      20. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      21. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) өз орынбасарларының, сектор меңгерушісінің және басқа да қызметкерлердің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

      2) заңнамаға сәйкес қызметкерлерді қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      3) мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады;

      4) заңнамада белгіленген тәртіппен қызметкерлерге тәртіптік жаза қолданады;

      5) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      6) мемлекеттік мекемедегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған жұмысты ұйымдастырады және шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады;

      7) секторлар-мемлекеттік мекеменің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

      8) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда, сондай-ақ сотта мемлекеттік мекеменің атынан сенімхатсыз өкілдік етеді;

      9) мемлекеттік мекеменің құзыретіне жататын мәселелер бойынша азаматтарды қабылдайды, тұрғын үй-коммуналдық мәселелер бойынша азаматтардан келіп түсетін өтініштерді қарайды және олар бойынша шешімдер қабылдайды;

      10) қазынашылық органдарымен мемлекеттік мекеменің төлемдер жүргізуі бойынша, оның ішінде ақша алушылардың тиісті шоттарына тоқсан сайын салыстырып тексеруді қамтамасыз етеді;

      11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

      22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес анықтайды.

      23. Мемлекеттік мекеменің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен және ұжымдық шартпен реттеледі.

      24. Мемлекеттік мекеме мен Екібастұз қаласы әкімдігі арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      25. Мемлекеттік мекеме мен тиісті саланың уәкілетті органы арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

4-бөлім. Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      26. Мемлекеттік мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      27. Мемлекеттік мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады

      28. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мемлекеттік мекеме өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-бөлім. "Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары" мемлекеттік мекемесін қайта құру және тарату

      29. Мемлекеттік мекемені қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік ұйымдардың тізбесі

      1) Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мемлекеттік мекемесінің "Горводоканал" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі

      1) Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мемлекеттік мекемесінің "Экибастуз-Сервис" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады