Екібастұз қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 14 маусымдағы "Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 487/6 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 21 қаңтардағы № 41/1 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының "Жылу энергетикасы туралы" туралы Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" № 590 қаулысына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 14 маусымдағы "Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 487/6 қаулысымен бекітілген "Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге (бұдан әрі – Ереже) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Ереженің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) тұрғын үй қатынастары, жылу энергетикасы туралы заңнаманың, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарын реттеу саласындағы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету бойынша басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      Ереженің 15-тармағы келесі мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:

      "10) жергілікті жылумен жабдықтау жүйелерінде:

      1) бақылау субъектілерінің (объектілерінің) Қазақстан Республикасының жылу энергетикасы саласындағы заңнамасының талаптарын, техникалық және технологиялық нормаларды сақтауын;

      2) жылумен жабдықтаудың сенімділігі мен сапасын, жылумен жабдықтау жүйесінің қауіпсіздігін;

      3) жылу энергиясы көздерінің, жылу желілерінің дайындығы мен жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының жүзеге асырылуын және олардың, оның ішінде күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеп тұруын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

      Ереженің 17-тармағы келесі мазмұндағы 24-1) - 24-12) тармақшалармен толықтырылсын:

      "24-1) аттракциондардың, балалардың ойын алаңдарына арналған жабдықтың қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      24-2) жылу энергетикасы саласындағы уәкілетті орган бекіткен жылумен жабдықтауды дамыту схемаларын әзірлеу және бекіту қағидаларының негізінде Екібастұз қаласын жылумен жабдықтауды дамытудың ұзақ мерзімді және орта мерзімді схемаларын әзірлеу және жергілікті өкілді органға бекітуге ұсыну;

      24-3) жылу энергетикасы саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жылу энергетикасының жай-күйіне, оның ішінде жылу энергиясының пайдаланылу сенімділігін, технологиялық және экономикалық қолжетімділігін бағалау бөлігінде мониторингті жүзеге асыру және алынған деректердің, оның ішінде мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органнан алынған деректердің негізінде жылыту маусымына дайындық бөлігінде есептілікті мемлекеттік органдарға ұсыну;

      24-4) жылумен жабдықтауды дамыту схемаларының орындалуына мониторинг жүргізу;

      24-5) жылу энергетикасы объектілерінің жай-күйі туралы ақпаратты жинау, жаңартып отыру және жариялау;

      24-6) жылумен жабдықтау субъектілерінің тізілімін жүргізу;

      24-7) Қазақстан Республикасының жылу энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес мониторинг жүргізу шеңберінде жылумен жабдықтау субъектілерінен алынған деректерді жылу энергетикасы саласындағы уәкілетті органға беру;

      24-8) жергілікті жылумен жабдықтау жүйелеріндегі технологиялық бұзушылықтарды есепке алуды жүргізу;

      24-9) жергілікті жылумен жабдықтау жүйелеріндегі жылу энергиясының көздері мен жылу желілерін жоспарлы жөндеуді келісу;

      24-10) жергілікті жылумен жабдықтау жүйелеріндегі жылу энергиясы көздерінің, жылу желілерінің, тұтынушылардың жылу тұтынатын қондырғыларының дайындығы мен жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының жүзеге асырылуын және олардың күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеп тұруын бақылау;

      24-11) Қазақстан Республикасының жылу энергетикасы саласындағы заңнамасын бұзушылықтар бойынша сотқа жүгіну және істерді сот қараған кезде қатысу;

      24-12) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелген жылу энергетикасы саласындағы өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асыру;".

      2. "Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Екiбастұз қаласының әкiмi А. Бейсекин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады