"Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 284 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18-бабы 8-тармақшасына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысымен бекітілген мемлекеттік орган туралы үлгілік Ереженің негізінде Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы қоса беріліп отырған Ережесі бекітілсін.

      2. Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 24 мамырдағы "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 103 қаулысы жойылсын.

      3. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Павлодар облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жолдауды;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Ақтоғай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтоғай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына міндеттелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Қ.Арынов

  Ақтоғай ауданы
әкімдігінің 2022 жылғы
23 қыркүйектегі № 284
қаулысымен бекітілді

"Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

      1. Жалпы ережелер

      1. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ) Ақтоғай ауданының халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында басшылық ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ қарамағында мынадай ұйым бар: Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Ақтоғай ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      3. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі "ММ, егер Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі "ММ өз құзыретіндегі мәселелер бойынша "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарында белгіленген тәртіппен "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ММ құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітіледі.

      9. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ орналасқан мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140200, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Абай көшесі, 79.

      10. Осы Ереже "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ құрылтай құжаты болып табылады.

      11. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ кәсіпкерлік субъектілерімен "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

      2. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      1) аз қамтылған отбасыларды, жұмыссыз азаматтарды, ардагерлерді, мүгедектігі бар адамдарды және өзге де жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетуді ұйымдастыру;

      2) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша қолданыстағы заңнамамен қарастырылған мемлекеттік кепілдіктерді, азаматтардың құқықтары мен олардың қызығушылықтарын қорғау;

      3) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша халықты ақпараттандыру;

      4) аудан аумағында кедейшілікті төмендету бойынша бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

      5) халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу;

      6) халықтың әлеуметтік осал санаттарын әлеуметтік қорғау;

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      1-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік көмек алуға өтініш берушілерден қажетті құжаттарды сұратуға, сондай-ақ ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексеруге;

      1-2) "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік және өзге де органдардан ақпарат сұратуға және өтеусіз негізде алуға;

      1-3) "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ құзыретіне жататын мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте семинарлар мен кеңестер өткізу;

      1-4) ұсынылған құжаттардың ішкі пайдалану үшін пайдаланылатын көшірмелерін куәландыруға;

      2) міндеттер:

      2-1) өзінің құзыреттілігі шегінде келісімдерді, шарттарды жасасу;

      2-2) "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ мүддесін барлық мемлекеттік органдарда, сонымен қатар сотта және құқыққорғау органдарда білдіреді;

      15. Функциялары:

      жұмыс күшінің бір бөлігіне сұраныс пен ұсынысты талдайды, болжайды, еңбек нарығының жай-күйі туралы жергілікті атқарушы органдарды және облыстың атқарушы органдарын жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органды хабардар етеді;

      2) мемлекеттік үкіметтік бағдарламалар және аумақтарды дамыту бағдарламалары, сондай-ақ жеке сектор бастамалары шеңберінде іске асырылатын жобаларда сұранысқа ие мамандықтар бөлінісінде ағымдағы бос орындар және құрылатын жұмыс орындарының болжамы туралы әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің дерекқорын қалыптастыруға қатысады;

      3) жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту шараларын әзірлейді, Қазақстан Республикасының"Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 17-бабына сәйкес халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастырады;

      4) мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

      5) Жергілікті атқарушы органдардың білім беру мәселелері жөніндегі құрылымдық бөлімшелерінен, білім беру ұйымдарынан, кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын білім беру қызметіне құқығы бар ұйымдардың жанындағы оқу орталықтарынан нақты кәсіптер бойынша даярланған және даярлау мен бітіруге жоспарланып отырған мамандардың санын сұратады;

      6) жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аударуы үшін елді мекендерді айқындау бойынша ұсыныстарды жергілікті атқарушы органдарға енгізеді;

      7) жұмыс берушілерден кадрларға болжамды қажеттілік туралы ақпарат сұратады;

      8) жұмыстан босату және жұмысшыларды қысқарту тәуекелдері бар ұйымдардың мониторингін жүзеге асырады;

      9) Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу;

      10) мүгедектігі бар адамдарға протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу;

      11) мүгедектігі бар адамдарды сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету;

      12) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау;

      13) жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектігі бар адамдарға ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектігі бар адамдардың құжаттарын ресімдеу;

      14) мүгедектігі бар адамдарға кресло-арбалар беру;

      15) мүгедектігі бар адамдарды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету;

      16)медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттар ресімдеу;

      17) үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды ресімдеу;

      18) жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау;

      19) мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу;

      20) ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау;

      21) өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру;

      22) жаңа жұмыс орындарын құру мониторингі;

      23) ашық және тіркелген еңбек нарығының мониторингі;

      24) шоғырландырылған қаржылық есептілікті уақтылы және сапалы жасау және ұсыну;

      25) әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастары саласындағы әлеуметтік әріптестік мәселелері, барлық меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындардан ұжымдық шарттарды тіркеу және есепке алу;

      26) Ақтоғай ауданының халықты әлеуметтік қорғау саласындағы іс-шаралар жоспарын және аумақтарды дамыту бағдарламасының нысаналы индикаторларын, әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін әзірлеу, болжау, түзету және келісу;

      27) бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу, бекіту және келісу (өзгерістер мен толықтырулардың жобалары);

      28) Ақтоғай ауданының жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспарын және жұмыспен қамту картасын әзірлеу және түзету;

      29) Ақтоғай ауданы әкімдігінің қаулы жобаларын және жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша аудандық мәслихат сессиясының шешімдерін дайындау;

      30) паспортталған әлеуметтік, көлік инфрақұрылымы объектілерінің жалпы санынан мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің мониторингі;

      31) мүгедектігі бар адамдарды кәсіптік бөлігі бойынша оңалтудың жеке бағдарламасын орындау;

      32) мүгедектігі бар адамдардың, аз қамтылған отбасылардың және азаматтардың әлеуметтік осал санаттарындағы басқа да адамдардың мониторингі;

      33) аз қамтылған отбасыларға шартты ақшалай көмек беру бойынша іс-шараларды жүзеге асыру;

      35) 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығындағы кезеңде кемінде 6 ай жұмыс істеген адамдардың жұмыс өтілін белгілеу үшін комиссияға құжаттар дайындау;

      36) әрекетке қабілетсіз азаматтарға қорғаншылық пен қамқоршылық беру;

      37) халықты жұмыспен қамту орталығының жұмысын үйлестіреді;

      38) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді;

      39) халықты жұмыспен қамту орталығына әдістемелік және ұйымдастырушылық басшылықты жүзеге асырады;

      40) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      3. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ басшылықты "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.

      17. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ бірінші басшысын "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      18. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.

      19. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ туралы Ережесін аудан әкімдігінің бекітуіне ұсынады;

      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ведомстволық бағыныстағы ұйым басшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ қызметкерлерін және ведомстволық бағынысты ұйым басшысын мадақтайды, материалдық көмек көрсетеді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;

      5) "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ қызметкерлерінің барлығы орындауға міндетті өз құзіретіне жататын мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      6) "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді және бекітеді;

      7) барлық мемлекеттік органдарда, сотта және өзге де ұйымдарда меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ мүддесін қорғайды;

      8) барлық мемлекеттік органдарда, сотта және өзге де ұйымдарда меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ мүддесін қорғау құқығына сенім хат береді;

      9) "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ қызметкерлерін іссапарға жібереді;

      10) азаматтардың жеке қабылдауын жүзеге асырады;

      11) "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ келешектегі және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;

      12) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және оған дербес жауап береді;

      13) өз құзыретінің шегінде қызметтік құжаттарға қол қояды.

      "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

      20. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ мен коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган (ауданның жергілікті атқарушы органы) арасындағы өзара қарым-қатынас "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарымен реттеледі.

      21. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ мен тиісті саланың уәкілетті органдары (ауданның жергілікті атқарушы органдары) арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы заңнамасымен реттеледі.

      22. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексімен, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңымен және ұжымдық шартпен сәйкес белгіленеді.

      4. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ мүлкі

      23. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлкі және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырады.

      24. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.

      25. Егер Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше белгіленбесе, "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

      5. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтікбағдарламалар бөлімі" ММ қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      27. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ қысқартылған (таратылған) кезде несиегерлердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншігінде қалады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады