"Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Жаңартылған

Павлодар облысы Аққулы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 14 сәуірдегі № 1-03/78 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 - бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18-бабы 8) тармақшасына, 124 - бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Аққулы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.

      2. "Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жолдансын;

      осы қаулыны Аққулы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын;

      осы қаулыны "Аққу үні - Вести Аққулы" аудандық газетінде жариялансын;

      осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шаралар қолдансын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Аққулы ауданы әкімінің орынбасары А. Ж. Қасымоваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аққулы ауданының әкімі А. Балгабаев

  Аққулы ауданы
әкімдігінің 2022 жылғы
"14" сәуірдегі № 1-03/78
қаулысымен бекітілген

"Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - "Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ) Аққулы ауданының аумағында халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ ведомстволары жоқ.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Аққулы ауданы әкімдігінің 04.12.2024 № 1-03/261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. "Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. "Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. "Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. "Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Аққулы ауданы, 140700, Аққулы ауылы, Амангельды көшесі, 84А ғимарат.

      10. "Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ жұмыс тәртібі: жұмыс күндері дүйсенбі - жұма сағат 9:00-ден сағат 18:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден сағат 14:30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі - жексенбі.

      11. Заңды тұлғаның толық атауы: мемлекеттік тілде - Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, орыс тілде - государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ района Аққулы".

      12. Мемлекет Аққулы ауданының әкімдігі тұлғасында "Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ құрылтайшысы болып табылады.

      13. Осы ереже "Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ құрылтай құжаты болып табылады.

      14. "Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      15. "Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ кәсіпкерлік субъектілерімен "Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер "Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. "Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ мақсаты, қызметінің нысанасы, міндеттері мен өкілеттіктері

      16. "Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ мақсаты: халықты жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, оның дамуына жәрдемдесу болып табылады.

      17. "Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ қызметінің нысанасы: Аққулы ауданының аумағында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар салаларын дамыту мәселелерінде мемлекеттік саясатты аудандық деңгейде жүзеге асыру болып табылады.

      18. Міндеттері:

      1) аз қамтылған отбасыларды, жұмыссыз азаматтарды, ардагерлерді, мүгедектігі бар адамдарды және өзге де жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетуді ұйымдастыру;

      2) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша қолданыстағы заңнамамен қарастырылған мемлекеттік кепілдіктерді, азаматтардың құқықтары мен олардың қызығушылықтарын қорғау;

      3) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша халықты ақпараттандыру;

      4) аудан аумағында кедейшілікті төмендету бойынша бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

      5) халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу;

      6) халықтың әлеуметтік осал санаттарын әлеуметтік қорғау;

      Ескерту. 18-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы Аққулы ауданы әкімдігінің 04.12.2024 № 1-03/261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      19. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      1-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік көмек алуға өтініш берушілерден қажетті құжаттарды сұратуға, сондай-ақ ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексеруге;

      1-2) "Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметті бағдарламалар бөлімі" ММ құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік және өзге де органдардан ақпарат сұратуға және өтеусіз негізде алуға;

      1-3) "Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ құзыретіне жататын мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте семинарлар мен кеңестер өткізу;

      1-4) ұсынылған құжаттардың ішкі пайдалану үшін пайдаланылатын көшірмелерін куәландыруға;

      2) міндеттер:

      2-1) өзінің құзыреттілігі шегінде келісімдерді, шарттарды жасасу;

      2-2) "Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ мүддесін барлық мемлекеттік органдарда, сонымен қатар сотта және құқыққорғау органдарда білдіреді;

      Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

      20. Функциялары:

      1) аудандағы жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсынысты талдау, болжау және облыстың жергілікті атқарушы органына хабарлау;

      2) облыстың жергілікті атқарушы органына халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары бойынша ұсыныстар енгізу;

      3) өңірлік жұмыспен қамту картасын және халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру;

      4) ұлттық жобалар, облыстың даму жоспарлары, өңірлік жұмыспен қамту картасы шеңберінде жұмыс орындарының құрылуын мониторингтеуді жүзеге асыру;

      5) кәсіпкерлік бастаманы дамыту арқылы ауданның жұмыс орындарын құруды қолдау;

      6) облыстың жергілікті атқарушы органына жұмыс күшінің мобильділігін арттыру мақсатында адамдардың ерікті түрде қоныс аударуы үшін елді мекендерді айқындау бойынша ұсыныстар енгізу;

      7) жұмыс орындарының босау және қысқару тәуекелдері бар ұйымдарды мониторингтеуді жүзеге асыру;

      8) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ету мақсатында еңбек мобильділігі орталығымен өзара іс-қимыл жасау;

      9) өзінің қарауындағы арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілерді құру және олардың қызметі;

      10) арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын субъектілердің арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсынуы;

      11) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілерді кадрмен қамтамасыз етуді, әлеуметтік жұмыскерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;

      12) халықтың арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге деген қажеттіліктеріне талдау жүргізу;

      13) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге деген қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру;

      14) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну жүйесін дамыту жөнінде шаралар қабылдау;

      15) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну мәселелері бойынша жеке, заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;

      16) мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмек көрсету және қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіру;

      17) мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды жеке бағдарламаға сәйкес санаторийлік-курорттық емдеуді қамтамасыз ету;

      18) мүгедектігі бар адамдарды жеке бағдарламаға сәйкес техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету;

      19) жеке бағдарламаға сәйкес жүріп-тұруы қиын, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің, есту қабілеті бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының көрсетілетін қызметтерімен қамтамасыз ету;

      20) мүгедектігі бар адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша әлеуметтік көмек шараларын ұсыну;

      21) өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) мемлекеттік органдардың құзыреті шегінде жан-жақты қолдаумен қамту жөніндегі жұмысты үйлестіру;

      22) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қылмыстық-атқарушылық жүйе мекемелерінен босатылған, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік және өзге көмек көрсету саласында өзге өкілеттіктерді орындау;

      23) аудан әкiмдігінiң, әкiмнiң, актiлерiмен комиссияның жұмыс органдары болып айқындалған аудандық комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру;

      24) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімімен көзделген мемлекеттік қызметтерді халыққа көрсетеді;

      25) мемлекеттік және ведомствалық есеп дайындау, бағыныштылық бойынша оларды тапсыру, белгіленген тәртіпте бухгалтерлік есеп пен есептілік жүргізу;

      26) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алуларды жүргізу;

      27) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Аққулы ауданы әкімдігінің 04.12.2024 № 1-03/261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3-тарау. "Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      21. "Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол "Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      22. "Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      23. "Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ бірінші басшысында орынбасарлар жоқ.

      24. "Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) аудан әкімдігінің бекітуіне "Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ туралы Ережені және оған өзгерістер мен толықтыруларды енгізуге ұсынады;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      3) Алып тасталды - Павлодар облысы Аққулы ауданы әкімдігінің 04.12.2024 № 1-03/261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте "Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ қызметкерлерін мадақтайды, материалдық көмек көрсетеді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады".

      5) "Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ қызметкерлерінің барлығы орындауға міндетті өз құзіретіне жататын мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      6) "Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді және бекітеді;

      7) барлық мемлекеттік органдарда, сотта және өзге де ұйымдарда меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ мүддесін қорғайды;

      8) барлық мемлекеттік органдарда, сотта және өзге де ұйымдарда меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ мүддесін қорғау құқығына сенім хат береді;

      9) "Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ қызметкерлерін іссапарға жібереді;

      10) азаматтардың жеке қабылдауын жүзеге асырады;

      11) "Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ келешектегі және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;

      12) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және оған дербес жауап береді;

      13) өз құзыретінің шегінде қызметтік құжаттарға қол қояды.

      "Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      Ескерту. 24-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Аққулы ауданы әкімдігінің 04.12.2024 № 1-03/261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      25. "Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ мен коммуналдық мүлікті басқару уәкілетті органы (ауданның жергілікті атқарушы органы) арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      26. "Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ мен тиісті саласындағы уәкілетті органы (ауданның жергілікті атқарушы органы) арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      27. "Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексімен, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңымен және ұжымдық шартпен сәйкес белгіленеді.

4-тарау. "Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ мүлкі

      28. "Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      "Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай - ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Респубикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      29. "Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.

      30. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. "Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ қайта ұйымдастыру және тарату

      31. "Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      32. "Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ қысқартылған (таратылған) кезде несиегерлердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншігінде қалады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады