Аққулы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 14 сәуірдегі № 1-03/78 "Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Аққулы ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 4 желтоқсандағы № 1-03/261 қаулысы

      Аққулы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Аққулы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 14 сәуірдегі № 1-03/78 "Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіміндегі актінің тіркеу нөмірі № 166617) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде (бұдан әрі-Ереже):

      Ереженің 2-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

      "2. Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ ведомстволары жоқ";

      18 - тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      1) аз қамтылған отбасыларды, жұмыссыз азаматтарды, ардагерлерді, мүгедектігі бар адамдарды және өзге де жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетуді ұйымдастыру;

      20 - тармағы келесі редакцияда жазылсын:

      "1) аудандағы жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсынысты талдау, болжау және облыстың жергілікті атқарушы органына хабарлау;

      2) облыстың жергілікті атқарушы органына халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары бойынша ұсыныстар енгізу;

      3) өңірлік жұмыспен қамту картасын және халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру;

      4) ұлттық жобалар, облыстың даму жоспарлары, өңірлік жұмыспен қамту картасы шеңберінде жұмыс орындарының құрылуын мониторингтеуді жүзеге асыру;

      5) кәсіпкерлік бастаманы дамыту арқылы ауданның жұмыс орындарын құруды қолдау;

      6) облыстың жергілікті атқарушы органына жұмыс күшінің мобильділігін арттыру мақсатында адамдардың ерікті түрде қоныс аударуы үшін елді мекендерді айқындау бойынша ұсыныстар енгізу;

      7) жұмыс орындарының босау және қысқару тәуекелдері бар ұйымдарды мониторингтеуді жүзеге асыру;

      8) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ету мақсатында еңбек мобильділігі орталығымен өзара іс-қимыл жасау;

      9) өзінің қарауындағы арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілерді құру және олардың қызметі;

      10) арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын субъектілердің арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсынуы;

      11) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілерді кадрмен қамтамасыз етуді, әлеуметтік жұмыскерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;

      12) халықтың арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге деген қажеттіліктеріне талдау жүргізу;

      13) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге деген қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру;

      14) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну жүйесін дамыту жөнінде шаралар қабылдау;

      15) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну мәселелері бойынша жеке, заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;

      16) мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмек көрсету және қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіру;

      17) мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды жеке бағдарламаға сәйкес санаторийлік-курорттық емдеуді қамтамасыз ету;

      18) мүгедектігі бар адамдарды жеке бағдарламаға сәйкес техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету;

      19) жеке бағдарламаға сәйкес жүріп-тұруы қиын, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің, есту қабілеті бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының көрсетілетін қызметтерімен қамтамасыз ету;

      20) мүгедектігі бар адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша әлеуметтік көмек шараларын ұсыну;

      21) өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) мемлекеттік органдардың құзыреті шегінде жан-жақты қолдаумен қамту жөніндегі жұмысты үйлестіру;

      22) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қылмыстық-атқарушылық жүйе мекемелерінен босатылған, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік және өзге көмек көрсету саласында өзге өкілеттіктерді орындау;

      23) аудан әкiмдігінiң, әкiмнiң, актiлерiмен комиссияның жұмыс органдары болып айқындалған аудандық комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру;

      24) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімімен көзделген мемлекеттік қызметтерді халыққа көрсетеді;

      25) мемлекеттік және ведомствалық есеп дайындау, бағыныштылық бойынша оларды тапсыру, белгіленген тәртіпте бухгалтерлік есеп пен есептілік жүргізу;

      26) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алуларды жүргізу;

      27) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында өзге де функцияларды жүзеге асырады.";

      24- тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;

      24 - тармақтың 4) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте "Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ қызметкерлерін мадақтайды, материалдық көмек көрсетеді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады".

      2. "Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      Ережеге енгізілген өзгерістер туралы әділет органына хабардар етсін;

      осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің этолондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорының филиалына жіберілуін қамтамасыз етсін;

      осы қаулыны Аққулы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аққулы ауданының әкімі Р. Муканов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады