Успен ауданының "Лозов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Жаңа

Павлодар облысы Успен ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 1 желтоқсандағы № 331/12 қаулысы

      Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18-бабы 8) тармақшасына, 124-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 294 "Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты туралы үлгі ережені бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Успен ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Успен ауданының "Лозов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.

      2. Успен ауданының "Лозов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) жоғарыда көрсетілген Ереженің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жіберілуін;

      3) осы қаулыны Успен ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Успен ауданы әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н. Дычко

  Успен ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 1 желтоқсандағы
№ 331/12 қаулысымен
бекітілді

Успен ауданының "Лозов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Успен ауданының "Лозов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - әкімнің аппараты) Лозов ауылдық округі әкімін (одан әрі - әкім) ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Әкімнің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 "Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы" Жарлығына, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексіне, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының "Ақпараттандыру туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғаныс туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Нотариат туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Медиация туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Әкімнің аппараты коммуналдық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөрі мен мөртабандары, белгіленген нысандағы бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары бар.

      4. Әкімнің аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      5. Әкімнің аппараты заңнамаға сәйкес мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      6. Әкімнің аппараты туралы ереже, оның құрылымы Успен ауданы әкімдігі бекітеді.

      7. Әкімнің аппаратының мемлекеттік тілде толық атауы – Успен ауданының "Лозов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде – коммунальное государственное учреждение "Аппарат акимаЛозовского сельского округа" Успенского района.

      Әкімнің аппаратының заңды мекенжайы: Индекс 141009, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Успен ауданы, Лозов ауылдық округі, Лозов ауылы, Мир көшесі, 79.

      Успен ауданының "Лозов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі: дүйсенбі – жұма сағат 9.00-ден сағат 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі – жексенбі.

      8. Әкімнің аппараты Успен ауданының әкімдігімен құрады, қысқартады және қайта ұйымдастырады.

      9. Әкімнің аппараты республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын коммуналдық мемлекеттік мекеме болып табылады.

      10. Әкімнің аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен әкімнің аппаратынының өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

2-тарау. Успен ауданының "Лозов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      11. Міндеттері:

      әкімнің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу;

      12. Функциялары:

      1) Әкімнің аппараты өз құзыреті шегінде:

      жергілікті қоғамдастық жиынын, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын, жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

      жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы ауылдық округінің әкімі Успен ауданы әкімдігінің, Успен ауданы мәслихатының ресми интернет-ресурстардың, әлеуметтік желілер арқылы олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды;

      жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған және ауылдық округ әкімі мақұлдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді;

      ауылдық округтің бюджетін жоспарлауды және атқаруды қамтамасыз етеді;

      жергілікті қоғамдастықтың жиналысына және Успен аудандық мәслихатына ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы есепті ұсынады;

      ауылдық округтің бюджетін іске асыру туралы шешім қабылдайды;

      жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын әзірлейді және оны жергілікті қоғамдастық жиналысының бекітуіне ұсынады;

      ауылдық округтің коммуналдық мүлкіне жататын объектілерді салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырыс беруші болады;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің нысаналы және тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге асырады;

      мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға алып қойылған мүлікті кейіннен баланстан шығара отырып, өзге тұлғаға бергенге дейін күтіп ұстау және оның сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілейді;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің мәселелері бойынша мемлекеттің мүдделерін білдіреді, ауылдық округтің меншік (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігі) құқығын қорғауды жүзеге асырады;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерді сенімгерлік басқарушының орындауын бақылауды жүзеге асырады;

      мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

      2) Әкімнің аппараты жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша:

      өз құзыреті шегінде жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқару саласындағы құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;

      өз құзыреті шегінде жергілікті басқарудың коммуналдық мүлкін басқару саласындағы құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;

      егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

      шешім қабылдайды және жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде оның сақталуын қамтамасыз етеді, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      мүлкі аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсаттарын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындайды;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғасына берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде өзі сатып алған мүлікті алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асырады;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай пайдаланылмайтын мүлкін алып қоюды жүзеге асырады;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз не кейіннен сатып алу құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді;

      Успен ауданы әкімімен келісу бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларын құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту және тарату туралы шешім қабылдайды;

      мүлкі аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға өзіне бекітіп берілген мүлікті (ол өндірген өнімді сатуды қоспағанда) иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге, филиалдар мен өкілдіктер құруға, сондай-ақ дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға келісім береді;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың мемлекеттік заңды тұлғаларының жарғысын (ережесін), оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;

      мүлкі аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемін айқындайды;

      мүлкі аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңында көзделген жағдайларда қарайды, келіседі және бекітеді;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін пайдалану, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына бекітіп береді;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін иеліктен шығару туралы шешім қабылдайды;

      Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңымен, сондай-ақ осы Ережемен қарастырылған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      13. Әкімнің аппараты өз құзыреті шегінде:

      Қазақстан Республикасының "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Заңына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес мемлекеттiк органдар мен басқа ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан қажеттi ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрауға және алуға;

      өз атынан мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді сатып алу мен жүзеге асыруға, сотта талапкер мен жауапкер болуға;

      Қазақстан Республикасының "Ақпараттандыру туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Заңына сәйкес мемлекеттік электронды ақпараттық ресурстармен қолдануға құқылы;

      14. Әкім аппаратының өз құзыреті шегіндегі міндеттері:

      халыққа мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сапалы ұсыну;

      Қазақстан Республикасы Президентiнің, Yкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, облыс, аудан әкімінің және әкімдігінің актілерi мен тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау;

      Осы Ережеден туындайтын өзге де міндеттерді орындау.

3-тарау. Успен ауданының "Лозов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      15. Әкімнің аппаратын әкім басқарады.

      16. Әкімнің өкілеттіктері:

      әкім аппаратының жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылық етуді жүзеге асырады;

      жергілікті қоғамдастықтың жиынында немесе жергілікті қоғамдастықтың жиналысында қабылданған шешімдерді қарайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді;

      жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, арыздарын қарастырады, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін қалпына келтіру немесе қорғау бойынша шараларды қабылдайды;

      салық төлеуші – жеке тұлғамен төленетін мүлікке, көлік құралдарына, жер салығын жинауды ұйымдастырады;

      ауылдық округтің елді мекендерінің кентішілік жолдары мен көшелерін орташа және ағымдағы жөндеу мен күтіп-ұстауды қамтамасыз етеді;

      аз қамтылған тұлғаларды анықтайды, жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмек көрсету, жалғыз басты қарт және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастыру бойынша ұсыныстарды жоғары тұрған органдарға енгізеді;

      мүгедектігі бар адамдарға көмекті ұйымдастырады;

      жеке тұлғалардың тұрғылықты орны және олардың тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жаппай демалу орындарында дене шынықтыру мен спортты дамытуға арналған шарттарды жасайды;

      қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінде есепте тұрған тұлғаларды жұмыспен қамтуды ұйымдастырады және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді;

      қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган белгілейтін тәртіпте, аталған жаза түріне сотталған тұлғалардың қоғамдық жұмысты орындауын ұйымдастырады;

      жергілікті бюджетті бекіту кезінде аудан мәслихаты сессиясының жұмысына қатысады;

      елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру мен санитариялық тазалау бойынша жұмысты ұйымдастырады;

      туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті жағдайда күтіп-ұстау бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады.

      елді мекендердің жерлерінде жануарларды бағуға арналған орындарды белгілейді;

      тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы ауруларының пайда болуы жағдайында бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынымы бойынша карантинді немесе шектеу іс-шараларын белгілеу туралы шешім қабылдайды;

      тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою бойынша ветеринариялық іс-шаралардың кешенін өткізгеннен кейін бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынымы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешім қабылдайды;

      ауылшаруашылық санақты өткізуге қатысады;

      жайылымдарды басқару мен оларды қолдану жөніндегі жоспарды іске асыруды қамтамасыз етеді және жергілікті атқарушы органға (жергілікті қоғамдастық жиынына) оны іске асырудың қорытындылары туралы жыл сайынғы есепті қамтамасыз етеді;

      жайылымдарды қолданушылардың арасында жайылымдарды ұтымды пайдалану бойынша іс-шараларды жүргізу туралы түсіндіру жұмыстарын жүзеге асырады;

      жер қатынастары саласындағы қолданыстағы заңнамамен қарастырылған жағдайларды есепке алмағанда, жер учаскелерін жеке меншікке және жер пайдалануға ұсынады;

      жария сервитуттарды орнатады;

      жер учаскелерін алу, соның ішінде мемлекеттік мұқтаждықтар үшін алу мәселелері бойынша аудандық әкімдікке ұсыныстар енгізеді;

      аудандық өкілдік және атқарушы органдарына осы елді мекендерді кенттер, ауылдар санаттарына көшіру, оларды тарату мен өзгерту туралы ұсыныстарды енгізеді;

      тиісті елді мекен халқының пікірін есепке ала отырып, аудандық өкілдік және атқарушы органдарға кенттердің, ауылдық округтердің, ауылдардың атауы мен қайта атауы туралы ұсыныстарды енгізеді;

      тиісті аумақтың халқының пікірін есепке ала отырып, облыстық ономастикалық комиссияның қорытындысы негізінде, осы елді мекендердің құрама бөліктерінің атауы, қайта атау, сондай-ақ олардың атауының транскрипциясын анықтау мен өзгерту бойынша мәселелерді шешеді;

      аудандық өкілдік және атқарушы органдарға кенттердің, ауылдық округтердің, ауылдардың шекараларын орнату мен өзгерту туралы ұсыныстарды енгізеді;

      тиісті аумақтың халқының пікірін есепке ала отырып, облыстық ономастикалық комиссияның қорытындысы негізінде, осы елді мекендердің құрама бөліктерінің атауы, қайта атау, сондай-ақ олардың атауының транскрипциясын анықтау мен өзгерту бойынша мәселелерді шешеді;

      округтің аумағында пошта байланысының тиімді қызмет етуіне жәрдем көрсетеді;

      қоғамдық медиаторлар тізілімін жүргізеді;

      өз құзыреті шегінде елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастырады және суды пайдалану мәселелерін реттейді;

      аудандық атқарушы органға аудан орталығымен көлік хабарландыруын ұйымдастыру бойынша ұсыныстарды енгізеді;

      мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекіткен статистикалық әдістемеге сәйкес шаруашылық есепті жүргізеді;

      Қазақстан Республикасы заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      17. Ауылдық округ әкімінің орынбасары жоқ.

      18. Әкім аппараты қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері этикасының нормаларын сақтауын әкім қамтамасыз етеді.

4-тарау. Успен ауданының "Лозов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      19. Әкім аппаратының жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Әкім аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      20. Әкімнің аппаратына бекітіліп берілген мүлік ауылдық округтің (жергілікті өзін-өзі басқарудың) коммуналдық меншігіне жатады.

      21. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, әкімнің аппараты жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті иеліктен шығаруы немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуі мүмкін.

5-тарау. Успен ауданының "Лозов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату (жабу)

      23. Успен ауданының "Лозов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру және тарату (жабу) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында айқындалатын тәртіппен жүзеге асырылады.

      Әкімнің аппаратының қарамағындағы ұйымдар жоқ.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады