"Шарбақты ауданы әкімдігі атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Шарбақты ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 25 шілдедегі № 271/7 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Шарбақты ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 5 тамыздағы № 171/1 қаулысы

      Шарбақты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шарбақты ауданы әкімдігінің "Шарбақты ауданы әкімдігі атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" 2018 жылғы 25 шілдедегі № 271/7 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6033 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      Шарбақты ауданы әкімдігінің атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесінде:

      41-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "41. "Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, персоналды басқару қызметімен және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.

      Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері мемлекеттік органдардың интранет-порталы және/немесе мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқор (ақпараттық жүйенің) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы осы Әдістеменің 40-тармағында көрсетілген мерзімде жолданады.";

      42-тармақ алынып тасталсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Абеуов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады