"Б корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 17 қарашадағы № 734 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 8 тамыздағы № 672 бұйрығы

      БҰЙРАМЫН:

      1. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 17 қарашадағы № 734 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақта:

      1) тармақшада:

      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасарлары мен аумақтық бөлімшелер басшыларының "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарында:

      3-бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесінің басшысы, С-О-1 санаты (20 бірлік), №№ 12-1, 13-1, 14-1, 15-1, 16-1, 17-1, 18-1, 19-1, 20-1, 21-1, 22-1, 23-1, 24-1, 25-1, 26-1, 27-1, 28-1, 30-1, 31-1, 32-1";

      2) тармақшада:

      көрсетілген бұйрыққа 2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеттері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрық қабылданған күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде:

      1) оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы
А. Есмағамбетова

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2022 жылғы " "
№ бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы "17" қарашадағы
№ 734 бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері басшылары орынбасарларының "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесі басшысының орынбасары, С-О-2 санаты (20 бірлік), №№ 12-2, 13-2, 14-2, 15-2, 16-2, 17-2, 18-2, 19-2, 20-2, 21-2, 22-2, 23-2, 24-2, 25-2, 26-2, 27-2, 28-2, 30-2, 31-2, 32-2

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: денсаулық сақтау (медицина) (жалпы медицина және/немесе стоматология және/немесе педиатрия және/немесе қоғамдық денсаулық сақтау, фармация), өндірістік және өңдеу салалары (фармацевтикалық өндіріс технологиясы),

Кәсіптік құзыреттілігі

стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, көрсетілетін қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жасай білу, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару.

Практикалық тәжірибесі

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес

Функционалдық міндеттері

Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы мәселелері бойынша қызметін үйлестіру. Құзыреті шегінде медициналық қызметтер (көмек) көрсету, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласында мемлекеттік саясатты іске асыру, сондай-ақ мемлекеттік бақылау және қадағалау. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру. Медициналық және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету, үйлестіру, мониторингілеу, рұқсат құжаттарын беру, олардың қолданылуын тоқтата тұру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес одан айыру (кері қайтарып алу). Фармацевтикалық инспекцияларды жүзеге асыру. Құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олар бойынша қажетті шаралар қабылдау. Құзыреті шегінде мемлекеттік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қорғауды қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге міндеттерді орындау.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады