"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 17 қарашадағы № 734 бұйрығы.

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының 17-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 596 қаулысына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына және "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің және оның аумақтық бөлімшелерінің құрылымы мен штат санын бекіту туралы" 2020 жылғы 4 қарашадағы № 702 және "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің және оның аумақтық бөлімшелерінің құрылымы мен штат санын бекіту туралы" 2020 жылғы 4 қарашадағы № 705 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысының міндетін атқарушының бұйрықтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің (бұдан әрі – МФБК) төрағасы орынбасарларының және аумақтық бөлімшелері басшыларының;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес МФБК аумақтық бөлімшелерінің басшылары орынбасарларының;

      3) Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 09.06.2023 № 328 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      4) Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 09.06.2023 № 328 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 09.06.2023 № 328 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. МФБК және СЭБК Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрық қабылданған күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде:

      1) оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысының міндетін атқарушы З.С. Байгаскинаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
А. Цой

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы 17 қарашадағы
№ 734 бұйрығына
1-қосымша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасы орынбасарларының және аумақтық бөлімшелері басшыларының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 08.08.2022 № 672 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары, С-1 санаты (1 бірлік), № 01-2

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: денсаулық сақтау (медицина) (жалпы медицина және/немесе стоматология және/немесе педиатрия және/немесе қоғамдық денсаулық сақтау)

Кәсіптік құзыреттілігі

стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, көрсетілетін қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және өзара әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару; міндетті түрде "Б" корпусының А, В, C-O, C-R, D, D-O, E, E-R және E-G санаттарындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда не "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында, Тізіліммен айқындалған саяси мемлекеттік лауазымдарда не құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінде не мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік ұйымдарда, мемлекеттік емес ұйымдарда, оның ішінде олардың филиалдарында, өкілдіктерінде не өзге де жекелеген құрылымдық бөлімшелерде осы 1-санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

Практикалық тәжірибесі

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес

Функционалдық міндеттері

Комитеттің орталық аппараты мен аумақтық бөлімшелерінің көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы мәселелері бойынша қызметін үйлестіру. Құзыреті шегінде медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында мемлекеттік саясатты іске асыру, сондай-ақ мемлекеттік бақылау және қадағалау.
Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру. Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету, үйлестіру, мониторингілеу, рұқсат беру құжаттарын беру, олардың қолданылуын тоқтата тұру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес одан айыру (кері қайтарып алу). Құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олар бойынша қажетті шаралар қабылдау. Құзыреті шегінде мемлекеттік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қорғауды қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары, С-1 санаты (1 бірлік), № 01-3

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: денсаулық сақтау (медицина) (фармация).

Кәсіптік құзыреттілігі

стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, көрсетілетін қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және өзара әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару; міндетті түрде "Б" корпусының А, В, C-O, C-R, D, D-O, E, E-R және E-G санаттарындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда не "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында, Тізіліммен айқындалған саяси мемлекеттік лауазымдарда не құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінде не мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік ұйымдарда, мемлекеттік емес ұйымдарда, оның ішінде олардың филиалдарында, өкілдіктерінде не өзге де жекелеген құрылымдық бөлімшелерде осы 1-санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

Практикалық тәжірибесі

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес

Функционалдық міндеттері

Комитеттің орталық аппараты мен аумақтық бөлімшелерінің дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы мәселелері бойынша қызметін үйлестіру. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласында, сондай-ақ денсаулық сақтау саласында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Заңнамаға сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың бағаларын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету, үйлестіру, мониторингілеу, рұқсат беру құжаттарын беру, олардың қолданылуын тоқтата тұру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес одан айыру (кері қайтарып алу). Фармацевтикалық инспекцияларды жүзеге асыру. Құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олар бойынша қажетті шаралар қабылдау. Құзыреті шегінде мемлекеттік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қорғауды қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесінің басшысы, С-О-1 санаты (20 бірлік), №№ 12-1, 13-1, 14-1, 15-1, 16-1, 17-1, 18-1, 19-1, 20-1, 21-1, 22-1, 23-1, 24-1, 25-1, 26-1, 27-1, 28-1, 30-1, 31-1, 32-1

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: денсаулық сақтау (медицина) (жалпы медицина және/немесе стоматология және/немесе педиатрия және/немесе фармация және/немесе қоғамдық денсаулық сақтау), өндірістік және өңдеу салалары (фармацевтикалық өндіріс технологиясы).

Кәсіптік құзыреттілігі

стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, көрсетілетін қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және өзара әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару

Практикалық тәжірибесі

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес

Функционалдық міндеттері

Департаменттің барлық құрылымдық бөлімшелеріне жалпы басшылық ету, жұмысын үйлестіру, жоспарлау, іске асыру және өзара тиімді іс-қимыл жасау. Құзыреті шегінде медициналық қызметтер (көмек) көрсету, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы салаларында мемлекеттік саясатты іске асыру, сондай-ақ мемлекеттік бақылау мен қадағалау. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласында, сондай-ақ денсаулық сақтау саласында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету, үйлестіру, мониторингілеу, рұқсат беру құжаттарын беру, олардың қолданысын тоқтата тұру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес одан айыру (кері қайтарып алу). Департаментті білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану және дамыту, атқарушылық және еңбек тәртібін, құжаттаманы басқару бойынша жұмыстың сапасын сақтау. Департамент қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын орындауын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану. Құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олар бойынша қажетті шаралар қабылдау. Құзыреті шегінде мемлекеттік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қорғауды қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы "17" қарашадағы
№ 734 бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері басшылары орынбасарларының "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 08.08.2022 № 672 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесі басшысының орынбасары, С-О-2 санаты (20 бірлік), №№ 12-2, 13-2, 14-2, 15-2, 16-2, 17-2, 18-2, 19-2, 20-2, 21-2, 22-2, 23-2, 24-2, 25-2, 26-2, 27-2, 28-2, 30-2, 31-2, 32-2

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: денсаулық сақтау (медицина) (жалпы медицина және/немесе стоматология және/немесе педиатрия және/немесе қоғамдық денсаулық сақтау, фармация), өндірістік және өңдеу салалары (фармацевтикалық өндіріс технологиясы),

Кәсіптік құзыреттілігі

стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, көрсетілетін қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жасай білу, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару.

Практикалық тәжірибесі

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес

Функционалдық міндеттері

Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы мәселелері бойынша қызметін үйлестіру. Құзыреті шегінде медициналық қызметтер (көмек) көрсету, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласында мемлекеттік саясатты іске асыру, сондай-ақ мемлекеттік бақылау және қадағалау. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру. Медициналық және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету, үйлестіру, мониторингілеу, рұқсат құжаттарын беру, олардың қолданылуын тоқтата тұру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес одан айыру (кері қайтарып алу). Фармацевтикалық инспекцияларды жүзеге асыру. Құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олар бойынша қажетті шаралар қабылдау. Құзыреті шегінде мемлекеттік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қорғауды қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге міндеттерді орындау.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы 17 қарашадағы
№ 734 бұйрығына
3-қосымша
 

"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 09.06.2023 № 328 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы 17 қарашадағы
№ 734 бұйрығына
4-қосымша
 

"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 09.06.2023 № 328 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады