"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 19 мамырдағы № 114 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабының 2-тармағына және "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) жоғарыда көрсетілген Ережені заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ. Ақсақалов

  Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
  2022 жылғы 19 мамырдағы
  № 114 қаулысымен
  бекітілген

"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

Петропавл қаласы, 2022 жыл

1. Жалпы ережелер

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      5. Басқарма егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен шешімдер қабылдайды.

      7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Басқарманың заңды мекенжайы: 150011 Қазақстан Республикасы Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы Абай көшесі, 15.

      9. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      10. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісі бюджетінен (шығыстар сметасы) жүзеге асырылады.

      11. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен басқарманың өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Басқармаға заңнамалық актілерімен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      12. Мақсаттары:

      халықтың денсаулығын нығайту үшін жағдай жасау;

      бұқаралық және кәсіби спортты насихаттау;

      балаларды, жасөспірімдер мен жастарды дене шынықтыру және спортпен тұрақты айналысуға тарту;

      спорт инфрақұрылымын, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін қолдана отырып дамыту.

      13. Өкілеттіктері:

      Құқығы:

      1) облыс әкімі шешімдерінің және облыс әкімдігі қаулыларының жобаларын, облыстық бағдарламалар мен облыстың әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларын әзірлеуге қатысу;

      2) белгіленген тәртіпте облыстың атқарушы органдарынан, сондай-ақ меншік нысанына қарамастан ұйымдардан Басқармаға жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды, қорытындыларды, анықтамалық және өзге де материалдарды сұратуға және алуға;

      3) комиссиялардың, кеңестердің және басқа да консультативтік-кеңесші органдардың отырыстарына қатысуға, дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган өткізетін іс-шараларға қатысуға құқылы.

      Міндеттері:

      1) Бюджеттік кодекске сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларын орындау – басқарманың және ведомстволық бағынысты мекемелердің қаржыландыру жоспарларының орындалуына мониторингті жүзеге асыру; қаржыландыру жоспарларының орындалуын талдау және ведомстволық бағынысты ұйымдарға қаржылық мәселелерде практикалық көмек көрсету; басқарманың қаржы-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есебін және есептілігін жүргізу; тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу;

      2) халықаралық, аймақаралық, республикалық және облыстық спорттық жарыстар мен жиындар өткізу;

      3) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес өз құзыреті шегінде дене шынықтыру және спорт саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау және қарау;

      4) өз құзыреті шегінде облыстық спорттық және басқа да іс-шаралардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, спорттық ұйымдардың қызметкерлеріне атақтар беру, дипломдармен, жүлделермен, грамоталармен, бағалы сыйлықтармен марапаттау мәселелерін белгіленген тәртіппен шешу, жаттықтырушы-оқытушылар құрамына санаттар беру;

      5) Мемлекеттік орган қызметінің ашықтығы, оның ішінде "Ашық деректер", "Ашық бюджет", "Ашық НҚА", "Ашық диалог" порталдарын толықтыру және сүйемелдеу жөніндегі жұмысты жүзеге асырсың;

      6) Басқармаға жүктелген дене шынықтыру және спорт саласындағы міндеттер мен функцияларды орындау.

      Функциялары:

      1) жеке тұлғалардың спортпен айналысуы үшін, оның ішінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына қолжетімді болуы ескеріле отырып, тұрғылықты жері бойынша және көпшілік демалатын орындарда инфрақұрылым жасайды;

      2) аккредиттелген республикалық және (немесе) жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп облыстық, оның ішінде ардагер спортшылар арасында спорттық жарыстар өткізеді;

      3) аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп, дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган өткізетін республикалық және халықаралық спорт жарыстарын, оның ішінде ардагер спортшылар арасында өткізуге қатысады;

      4) спорт түрлерi бойынша құрама командаларды даярлауды және олардың республикалық және халықаралық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етедi;

      5) Солтүстік Қазақстан облысы аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз етеді;

      6) Солтүстік Қазақстан облысы аумағында дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;

      7) білім беру ұйымдарының спорт ғимараттарын сабақтан тыс және кешкі уақытта халық үшін спорт секцияларының жұмысын қамтамасыз ету және спорттық іс-шаралар өткізу мақсатында пайдалану жөнінде шаралар қабылдайды;

      8) спортшыларға спорттық разрядтар береді, спортшыларды "Қазақстан Республикасының спорт шеберіне кандидат", 1-разрядты спортшы спорттық разрядтарынан айырады;

      9) жоғары деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бірінші санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын береді, біліктілік санаттарынан айырады;

      10) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтізбесін бекітеді және оның іске асырылуын қамтамасыз етеді;

      11) Солтүстік Қазақстан облысы аумағында спорттық iс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;

      12) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға, облыс әкімдігіне ұсынумен белгіленген нысанда және мерзімдерде тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірліктің аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады;

      13) жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеуді жүзеге асырады;

      14) олимпиадалық резервтегі облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждердің және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттарының үлгілік оқу жоспарларын келіседі;

      15) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлері бойынша облыстық құрама командаларының тізімдерін қалыптастырады және бекітеді;

      16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етеді;

      17) ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

      18) дене шынықтыру және спорт іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;

      19) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын пайдалануды үйлестіреді;

      20) спорт мектептеріне, спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе береді;

      21) республикалық аккредиттелген спорт федерацияларымен халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізуге арналған спорт ғимараттарын жобалауға арналған техникалық ерекшелікті және техникалық тапсырманы келіседі;

      22) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың басшыларына ай сайынғы ақшалай қамтылым төлемдерінің мөлшерін әзірлейді және бекітуге енгізеді;

      23) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін әзірлейді және бекітуге енгізеді;

      24) дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлерінің жұмысын ұйымдастырады;

      25) бюджет қаражаты көлемі шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын қаржыландыруға арналған мемлекеттік спорттық тапсырысты бекітеді;

      26) мемлекеттік спорттық тапсырыс қызметтерін көрсетушілердің меншік нысанына, олардың ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыруды қамтамасыз етеді;

      27) электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастырудың, оның сапасын бақылаудың және мақсатты игерудің барлық кезеңдері мен рәсімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді.

3. Мемлекеттік органның, алқалы органдардың (бар болса) бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      14. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      15. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.

      16. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын орынбасары болады.

      17. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) Басқарма жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады;

      2) заңнамаға сәйкес басқарма қызметкерлерін және ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымын босатады;

      3) басқарманың бұйрықтарына қол қояды және басқарманың қызметкерлері орындауға міндетті нұсқаулар береді;

      4) облыс әкімі аппаратының персоналды басқару бірыңғай қызметімен келісім бойынша Басқарманың құрылымы мен штаттық кестесін бекітеді

      5) ведомстволық бағынысты ұйымдардың штаттық кестесін келіседі;

      6) ведомстволық бағынысты ұйымдардың орынбасары (орынбасарлары) лауазымына кандидатураны келеседі;

      7) облыс әкімі аппаратының бірыңғай персоналды басқару қызметімен келісім бойынша басқарма қызметкерлерін, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын көтермелеу және тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;

      8) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда басқарманың мүддесін қорғайды;

      9) медиация саласында жүйелі жұмысты қамтамасыз етеді.

      Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді – Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 01.04.2024 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      18. Бірінші басшы орынбасарының өкілеттігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      19. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздерден қалыптастырылады.

      20. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарманың өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

      22. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Басқарманың қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Қазбек Байболов атындағы облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Дельфин" су спорты түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      3. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Велосипед спортынан олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      4. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Бокстан олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      5. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Барс" мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      6. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Спорттық акробатикадан мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      7. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Қажымұқан атындағы ұлттық спорт түрлерінен облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      8. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Жеңіс" олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      9. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Жеңіл атлетикадан олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      10. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Олимп" облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      11. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Жоғары спорт шеберлігі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      12. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерімен жұмыс жөніндегі облыстық дене шынықтыру-спорт орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      13. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Олимпиада резервін даярлау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      14. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Солтүстік Қазақстан облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      15. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Үміт" мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      16. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Облыстық мамандандырылған күрестен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      17. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Қызылжар" балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      18. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Гимнастикадан балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      19. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Ат және ұлттық ат спорт түрлерінен облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      20. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Айыртау ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      21. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Ақжар ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      22. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Аққайың ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      23. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Есіл ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      24. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Жамбыл ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      25. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Мағжан Жұмабаев ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      26. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Қызылжар ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      27. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Мамлют ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      28. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      29. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Тайынша ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      30. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Тимирязев ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      31. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Уәлиханов ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      32. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Шал ақын ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады