Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2022 жылғы 13 қазандағы № 7-21-16 шешімі. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 ақпандағы № 8-12-3 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 20.02.2024 № 8-12-3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3 бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше тұрғындары өкілдерінің санын айқындау Қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      2) осы шешімді Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы мәслихаты аппаратының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы мәслихаты аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық
мәслихатының хатшысы
Г. Абулкаирова

  Айыртау аудандық мәслихатының
  2022 жылғы 13 қазандағы
  № 7-21-16 шешіміне қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшіна уыл, көше тұрғындары өкілдерінің санынайқындау Қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген және Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданында ауыл, ауылдық округ, көше тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жергілікті қоғамдастық-шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

      2) бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны – ауыл, көше, көп пәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі

      3. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізу үшін ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, көшелер) бөлінеді.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

      5. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын ауылдық округ әкімі шақырады және ұйымдастырады.

      6. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 3-тармағының 4-3) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, жиналысқа шақыру уақыты, шақырылым орны және талқыланатын мәселелер туралы жиналыс мүшелері ол өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей мерзімді баспасөз басылымында немесе интернет-ресурста (ауылдық округ әкімі аппаратының сайты, Facebook, Instagram) қазақ және орыс тілдерінде жариялау арқылы хабардар етіледі, жергілікті қоғамдастық жиналысының шақырылу орнына жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелері ол өткізілетін күнге дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      Ауылдық округ әкімінің аппараты жиналыстың қарауына енгізілетін мәселелер бойынша қажетті материалдарды жазбаша түрде, электрондық құжат нысанында (электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған) немесе құжаттардың электрондық көшірмесін жиналысқа шақырғанға дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей жиналыстың мүшелеріне және әкімге ұсынады.

      7. Ауыл, көше шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді ауылдық округ әкімі ұйымдастырады.

      Көше шегінде көп пәтерлі үйлер болған кезде көп пәтерлі үйдің бөлек жиындары жүргізілмейді.

      8. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын ашудың алдында тиісті ауылдың, көшенің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны осы ауылда, көшеде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      9. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.

      Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.

      10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше тұрғындары өкілдерінің кандидатуралары бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының қатысушыларымен келесі көлемде ұсынылады:

      1) Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Володар ауылдық округі Саумалкөл ауылының бір көшесінен 1 (бір) өкілден;

      2) ауылдық округ аумағында сайлаушылардың жалпы санынан 1 (бір) % (пайыз), Володар ауылдық округін қоспағанда, бірақ ауылдан 3 (үш) өкілден көп емес және 1 (бір) өкілден кем емес.

      11. Дауыс беру ашық тәсіл мен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылардың ең көп дауысын алған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      12. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны ауылдық округ әкімінің аппаратына береді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады