"Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2022 жылғы 27 маусымдағы № 154 қаулысы.

      Ескерту. Орыс тіліндегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылған, мемлекеттік тілде өзгермейді - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 08.07.2022 № 164 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасында, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы қоса беріліп отырған Ереже бекітілсін.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қамтамасыз етілсін:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды қамтамасыз етсін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

      3) жоғарыда көрсетілген Ережені заңнамада белгіленген тәртіппен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы
аудан әкімінің міндетін атқарушы
С. Баумағанбетов

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Ғабит Мүсірепов атындағы
  аудан әкімдігінің
  2022 жылғы 27 маусымдағы
  № 154 қаулысымен бекітілген

"Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі) жергілікті деңгейде халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру аласында мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ведомстволары жоқ.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімдігінің 15.05.2024 № 109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясымен, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексімен, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексімен, Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексімен, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы", "Мемлекеттік сатып алулар", "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарымен: Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерімен, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес өз жұмысын іске асырады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 04.10.2023 № 223 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, егер "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, бюджеттік және қаржылық заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексімен, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде, "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, "Мемлекеттік сатып алулар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерімен көзделген өзге де актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 04.10.2023 № 223 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, "Еңбек туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 150400, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы, Новоишим ауылы, Ленина көшесі, 2 үй.

      10. Осы Ереже жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.

      12. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттігі

      13. Міндеттері:

      1) халықтың әлеуметтік осал топтарына әлеуметтік көмек көрсетуді Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексімен, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексімен, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы", "Мемлекеттік сатып алулар туралы", "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілері, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру саласындағы нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ осы Ережемен үйлестіру және ұйымдастыру.

      2) еңбек ету бостандығы мен қызмет түрі мен кәсіпті еркін таңдау құқығын жүзеге асыруда ұлтына, жынысына, жасына, әлеуметтік жағдайына, саяси сеніміне, дінге көзқарасына және кез келген басқа мән-жайларға қарамастан тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету;

      3) жұмыс табуда қиындықтарға тап болған адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу шараларын жүзеге асыру;

      4) жаппай жұмыссыздықтың алдын алу және ұзақ мерзімді жұмыссыздықты азайту;

      5) тұрақты және нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу;

      6) қиын өмірлік жағдайдағы адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;

      7) аз қамтылған азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік көмектің атаулылығы мен тиімділігін күшейту;

      8) біліктілік пен кәсіби деңгейді ұдайы арттыру;

      9) бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін қамтамасыз ету.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 04.10.2023 № 223 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтар

      өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті мәліметтерді, материалдар мен құжаттарды сұрату және алу;

      мүліктік және мүліктік емес құқықтарды алуға және жүзеге асыруға;

      өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасасу;

      Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, "Мемлекеттік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, "Мемлекеттік сатып алулар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге де құқықтарға ие болады.

      2) міндеттері:

      мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсету;

      Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, облыс, аудан әкімінің және әкімдігінің тапсырмаларын және актілерін уақтылы және сапалы орындау;

      Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау;

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау.

      15. Функциялар:

      1) алып тасталды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 04.10.2023 № 223 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;

      2) нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, олардың қабылдануын қамтамасыз ету;

      3) халықтың өмір сүру деңгейін тұрақтандыруға және арттыруға бағытталған өңірлік бағдарламаларды әзірлеуге қатысу, олардың орындалуын талдау;

      4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бюджет қаражатының қажеттілігін болжау және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру;

      5) халыққа атаулы әлеуметтік көмек көрсету және кедейшілікті төмендету шаралары;

      6) статистикалық, ведомстволық есептілікті дайындау және ұсыну;

      7) қағаз жүзінде, сондай-ақ "Электрондық үкімет" веб-порталы "Әлеуметтік көмек", "Е-әкімдік", "Е-собес", "Шетелдік жұмыс күші", "Еңбек нарығы" автоматтандырылған ақпараттық жүйелері арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсетуге келіп түскен өтініштерді қабылдау.

      8) Әлеуметтік қызметтер порталына ақпараттың енгізілуін қамтамасыз ету;

      9) бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру;

      10) бюджеттік есепке алуды жүргізу;

      11) жылдық сомалардың ай сайынғы бөлінуін, қаржыландыру жоспарларын, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қаржыландыру жоспарларына енгізген өзгерістерінің негізділігін талдау және бағалау, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есепті жасау арқылы бюджет қаражатының игерілуіне бюджеттік мониторингті жүзеге асыру;

      12) мемлекеттік қызметтер көрсету;

      13) мемлекеттік сатып алу порталында жұмысты жүзеге асыру, мемлекеттік сатып алуды талдау, мониторингілеу.

      14) тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу;

      15) мереке күндері, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайда қалған тұлғаларға әлеуметтік көмек көрсету;

      16) мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өтеу;

      17) мұқтаж мүгедектектігі бар тұлғаларды протездік-ортопедиялық, саңырау және есту аппараттарымен, арнайы көлік құралдарымен, міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, сондай-ақ санаторлық-курорттық емдеу қызметтерімен, ымдау тілі маманымен, мүгедектектігі бар тұлғаларды оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жеке көмекшілермен қамтамасыз ету;

      18) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау және кеңес беру;

      19) "Цифрлық отбасы картасы", "Жұмыс орындарын құрудың интеграциялық картасы", "Қолжетімділіктердің біріктірілген картасы" автоматтандырылған ақпараттық жүйелеріне деректерді енгізу;

      20) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау, тіркеу және есепке алу, бөлім басшысының және бөлім басшысының орынбасарының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауын өткізу;

      21) коммерциялық емес (үкiметтiк емес) ұйымдармен өзара iс-қимыл жасау;

      22) "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес кәмелетке толған әрекетке қабілетсіз азаматтарға қатысты қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыру;

      23) мемлекеттік, үкіметтік бағдарламалар мен аумақтарды дамыту бағдарламалары шеңберінде іске асырылатын жобаларда сұранысқа ие мамандықтар контексінде ағымдағы бос жұмыс орындары және құрылатын жұмыс орындарының болжамы туралы әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің деректер қорын қалыптастыруға қатысу; сондай-ақ жеке сектордың бастамалары;

      24) жұмыскерлерді қысқарту және қысқарту қаупі бар ұйымдарға мониторинг жүргізу;

      25) еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттарды беру, ұзарту және қайтарып алу;

      26) құзыреті шегінде халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты және жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асыру;

      27) Ұлы Отан соғысына қатысушыларды және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестірілген адамдарды санаторлық-курорттық емдеуге құжаттарды ресімдеу;

      28) қарттар мен мүгедектектігі бар тұлғаларға үйде күтім көрсету жұмысын ұйымдастыру;

      29) халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілігін талдау;

      30) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;

      31) мүгедектектігі бар тұлғаларға оңалтудың жеке бағдарламаларының әлеуметтік бөлігін іске асыруды бақылау және жәрдемдесу;

      32) өмірлік қиын жағдайдағы адамға (отбасына) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы шешім қабылдау;

      33) өз құзыреті шегінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      34) 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейінгі кезеңде кемінде 6 ай жұмыс істеген адамдар үшін еңбек өтілін белгілеу жөніндегі арнайы комиссияның жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру;

      35) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды есепке алу және есепке алу жөніндегі арнайы комиссияның жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру. Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардан зардап шеккендерге жеңілдіктер мен өтемақылар алу құқығын растайтын куәліктер беру;

      36) өмірлік қиын жағдайдың басталуына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш білдірген адамдардың (отбаларының) өтініштерін қарау және әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындылар беру жөніндегі арнайы комиссияның жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру;

      37) әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру;

      38) Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші органның қылмыстық жазаны және өзге де қылмыстық-құқықтық шараларды атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазасын өтеп жатқан адамдарға көмек көрсету әлеуметтік және өзге де шараларды ұйымдастыру жөніндегі жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру;

      39) алып тасталды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 04.10.2023 № 223 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      40) қорғаншылық және қамқоршылық мәселелері бойынша кәмелетке толған азаматтарға қатысты қылмыстық және азаматтық істер бойынша сотқа қатысу;

      41) белгіленген тәртіппен халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша семинарлар, кеңестер өткізу, сондай-ақ құзыретіне жататын мәселелер бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

      42) өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) әлеуметтік-экономикалық қолдау бойынша үкіметтік емес ұйымдармен, жеке және заңды тұлғалармен ынтымақтастықты қамтамасыз ету;

      43) өмірлік қиын жағдайдағы адамдарды (отбасыларды) анықтау және оларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру, халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша шараларды ұйымдастыру;

      44) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) әлеуметтік-экономикалық қолдау және өзге де көмек жөніндегі аумақтық бағдарламалар мен іс-шаралар жоспарларын әзірлеу;

      45) өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және оларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру тиімділігінің индикаторларды әзірлеу;

      46) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға (отбасыларға) жан-жақты қолдау көрсетудің негізгі бағыттарын әзірлеу мен іске асыруға қатысу;

      47) отбасын қолдау орталықтарының қызметін ұйымдастыру;

      48) халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органның үйлестіруімен, өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және оларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі субъектілер (білім беру, денсаулық сақтау, ішкі істер органдары) қатысқан кезде оларды ерте анықтау мен қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі мобильді топтарды құру және (немесе) ұйымдастыру;

      49) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және оларға қолдау мен өзге де көмек көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі субъектілер (білім беру, денсаулық сақтау, ішкі істер органдары) қызметінің тиімділігін бағалауды жүргізу;

      50) өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) анықтайу және есепке алуды жүргізу, олардың статистикалық деректерін жинауды жүзеге асыру, себептерін талдау, жүйелі мониторингтеуді жүргізу.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгерістер енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 04.10.2023 № 223 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 02.10.2024 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі

      16. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.

      17. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      18. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.

      19. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының өкілеттігі:

      1) Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді және жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауап береді;

      2) Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiн ұстауды және оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз етудi жүзеге асыратын және мемлекеттiк қызметшiлер болып табылмайтын, еңбек мәселелерi бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, оның құзыретіне жататын қатынастар тәртіптік жазалар қолданады және көтермелеу шараларын қолданады;

      3) осы Ережеде белгіленген құзырет шегінде бұйрықтар шығарады;

      4) Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының құрылымы мен штат санын бекітеді;

      5) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын және басқа да құжаттарды келіседі және аудан әкімдігі мен әкімінің қарауына енгізеді;

      6) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда сенімхатсыз Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мүддесін білдіреді;

      7) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүргізеді;

      8) Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің құзыреті шегінде қызметтік құжаттамаға қол қояды;

      9) "Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлерінің мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақы белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 қаулысына сәйкес бөлім қызметкерлеріне қосымша төлемдерді, материалдық ынталандыруды, материалдық көмек көрсетуді белгілейді және бюджет қаражаты есебінен материалдық көмек көрсету белгілілейді;

      10) қаржылық құжаттарға бірінші қол қоюға, шарттар жасасуға, сенімхаттар беруге құқылы;

      11) өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарының орындалуын және онда көзделген тәртіптік жазалау шараларын қолдануды қамтамасыз етеді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін, қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін дербес жауапкершілікте болады.

      Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының ол болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      20. Басшы өз орынбасарының өкiлеттiгiн "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес айқындайды.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiмен, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда оқшауланған мүлікке жедел басқаруға құқығы бар.

      Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      23. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ, егер де Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше белгіленбесе.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы"Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

      25. Алып тасталды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 04.10.2023 № 223 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады